БІЛЕ ЖҮРІҢІЗДЕР...
1339 жылы Португалияның болашақ королі І Дон Педру әкесінің қалауымен Кастилия ханшайымы Констансе Кастильяға үйленеді. Алайда, жас ақсүйек І Дон Педру кастилиялық ханшайымға емес, оның қызметшісі Инес де Кастроға ғашық боп қалып, араларында жасырын ашыналық қатынас орнайды.
Кейін оның әйелі 1345 жылы бала үстінде қайтыс болғаннан кейін, І Дон нақсүйерін өз сарайына алдырып, одан 4 перзент сүйеді.
Сол кездегі Португалия королі, І Донның әкесі Афонсу ұлы сапарлап кеткенде оның әйелі Инестің көзін жою үшін арнайы үш адамды жұмсайды. Брюлловтың мына картинасында сол сәт бейнеленген.
Ашынасынан айырылып қалған Дон Педру әкесіне қарсы азаматтық күрес бастайды. Кейін әкесі көз жұмып, өзі таққа отыра салысымен Инесті өлтірген жалдамалыларды тауып, өз қолымен олардың жүрегін суырып алған көрінеді. Билік басына келгендегі ең бірінші айналысқан ісі осы болған екен...
1361 жылы 25-маусымда Инес де Кастроның сүйегін көрден қазып алып.., І Дон Педру некелесу рәсімін өткізген. Рәсім бойынша, барлық ақсүйектер өлі ханшайымның қолын сүйіп, қаусаған қаңқасының алдында тізе бүккен.
Қанат Ескендір, журналист