ЖІГІТТІҢ ЖАМПОЗЫ ЕДІ

ЖІГІТТІҢ ЖАМПОЗЫ ЕДІ

   Шахманов Жетіс Ғилымұлы 1949 жылы 22 қыркүйекте Индер ауданындағы бұрынғы Ленин орденді «Передовик» колхозында Шахманов Ғилым отбасында дүниеге келді. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, Ғилымдай әкенің алтын тәрбиесін көріп өскен бала жастайынан жақсылыққа құмар болды. Ал анасы Бектенғалиева Альфия ұлының маңдайынан шертпей, ертеңі үшін алаңдап, қатарынан кем қылмай өсірді.

IMG-20200520-WA0020

   1966 жылы мектепті үздік бітірген соң, Гурьев педагогика институтына оқуға түсіп, 1971 жылы оны ойдағыдай бітірді. Сол жылдан бастап Индер поселкесіндегі мектепте, санитарлық эпидемиологиялық станцияда еңбек етті. 1973 жылы Атырау педагогика институтына аға оқытушы болып жұмысқа кірісті. 1975-1976 жылдары Москва қаласындағы КСРО Ғылым Академиясының микробиология институтында ғылыми зерттеуші болып, ғылыми жетекшісі Ленин атындағы сыйлықтың лауреаты, академик Евгений Николаевич Мишутиннен тәлім алып, одан 1976 жылы институтқа қайтадан оралып, 1979 жылы Ленинград қаласындағы мемлекеттік педагогика институтында ғылыми зерттеуші қызметінде болды. 

IMG-20200520-WA0018

   1981-1984 жылдары Ж.Ғ.Шахманов Қазақ ССР Ғылым Академиясының микробиология және вирусология ғылыми зерттеу инсттутының аспирантурасына түсіп, оны ойдағыдай тәмамдады. Бірнеше рет халықаралық конференцияларда баяндама жасады. Москва (1983), Ашхабад (1984), Кишшенев (1985), Велегож (1986), Киев (1988), Таллин (1989), Алматы (1985), т. б. қалаларда болды. 1985 жылы халықаралық микробилогия қоғамының VII сьезіне делегат болып сайланды. 1990 жылы биология ғылымдарының кандидаты дәрежесін, 1993 жылы биология мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды.

   1996 жылы Қазақстаи республикасы Жаратылыстану Ғылым Академиясының корреспондент-мүшелігіне өтті. Ж.Ғ.Шахманов 30-ға жуық ғылыми еңбек жазды және екі оқулықтың авторы. Екі авторлық куәліктің иегері болды. 1992 жылдан бастап өмірінің соңғы күніне дейін ол Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университетінің ботаника жэне география кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келді.

IMG-20200520-WA0019

   Жетпіс Ғилымұлы өнегелі жанұя иесі еді. Жұбайы Роза екеуі 4 бала тәрбиелеп өсірді. Үлкенге іні, кішіғе аға бола білген ақжарқын азамат Жетпіс Ғилымұлының жарқын бейнесі әріптестері мен шәкірттерінің есінде ұзақ сақталады.

 

 

Ғұмырнама Жетпіс Шахмановты еске алуға арналған жинақтан алынып отыр.

Теги АГУ70 сайттайсойган тайсойғансайты