ЕЛ АРДАҚТЫЛАРЫ

ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ...
ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялап, адамдарға шын ниетімен көмектесіп, оны науқанға айналдырмау қажетін айтқан болатын. Ерікті болу қоғамға адал қызмет атқара жүріп, ата-бабадан аманат болып жеткен адамгершілік қасиеттің адам болмысынан ажырамауына жастар тарапынан көп жұмыс атқарылуда. Еріктілердің бойындағы қайрат-жігер әр азаматты ынталандыруы тиіс. Біз қазір ел басына күн туған сәтте әр күн сайын осыған куә болып отырмыз.
 
ЕРІН ҰМЫТПАҒАН ЕЛ ӨРЛЕЙДІ
ЕРІН ҰМЫТПАҒАН ЕЛ ӨРЛЕЙДІ
   «Бастау барын мұхитта біледі». Әйгілі спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұлов Шоқыр Бөлтекұлына арнаған өзінің эссе-әңгімесін осылай атапты. Қазақтардың төл спорты болып кеткен бокс өнерін мухитқа теңесе, ал оның тұңғыш болып негізін қалаған Шоқыр Бөлтекұлын сол мұхиттың бастауы деп білген екен Сейдағаң.
ЖЕЗДЕ
ЖЕЗДЕ

     1928 жылдың 27 тамызында Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің «Ірі байлар шаруашылығы мен жартылай феодалдарды шаруашылығын конфискациялау мен жер аудару» туралы декреті қабылданды. Бұл декрет бойынша байлар мен жартылай феодалдардың мал-мүлкі, байлығы тәркіленіп, өздерін соттап, отбасын жер аударады. Бұрынғы Гурьев (Атырау) округінде байларды тәркелеу 1928 жылдың 6 қыркүйегінде басталыпты. Қызылқоға ауданы бойынша, қазіргі Қоныстану ауылы аумағынан тәркілеуге түскен байлардың бірі Жұмабаев Түзелбайды он жылға соттап, отбасын Петропавловскге (Қызылжарға) жер аударады. Сол азапты күндерді көзімен көріп, басынан кешірген Түзелбайдың кіші баласы алты жасар Жұмабаев Теңелдің (1923-2004) естелігін сол күйінде ұсынамын. Бұл қолжазбаны 1996 жылы Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылында тұратын Түзелбайдың қызы Хамзақанымнан туған жиені, Сейталив Ғалым (1942) ағаның үйінен көріп, ксерокөшірмесін түсіріп алып едім. Теңел ақсақалдың өз қолымен жазған «Құныскерей» және «Жезде» деректі әңгімелерін 2019 жылы жарық көрген «Бәйтерек. Кіші жүз, Он екі ата Байұлы, Ысық руының шежіресі» кітабына енгізіп жариялаған едім. Енді осы әңгімені 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Тайсойған сайтының оқырмандарына ұсынамын.

                                                          

  Жұмағұлов Марат Дәулетбайұлы, Тарихшы, шежіретанушы.

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ, ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ
АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ, ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ
Мына фәни жалғанда маған таныс-біліс болуға, бірге жүруге, жастықтың жалынды жылдарын басымыздан қатар өткізуге тағдыр жазған студенттік кездердегі достардың арасында  Мейрам Қалиоллаұлы Өмірғалиевтің ойып тұрып алар өз орны бар...
ШӘКІРТТЕРІМЕН БАҚЫТТЫ
ШӘКІРТТЕРІМЕН БАҚЫТТЫ
Қостанайда өздері еліміздің өзге өңірлерінде туып өссе де, облыс орталығында ұзақ жылдардан бері ғұмыр кешіп, өз салалары бойынша еліміздің өркендеуіне айтарлықтай үлестерін қосып жатқан бауырларымыз жеткілікті. Солардың арасында ерлі-зайыпты Өтеген және Гүлмаржан Исеновтер әрқашанда ішкі мәдениеттерімен, ұлтжандылығымен және патриоттық сезімдерінің жоғарылығымен ерекшеленеді.
МҰСЕКЕҢНІҢ АРМАНЫ
МҰСЕКЕҢНІҢ АРМАНЫ
Кеңес Одағының суға батқан алып кемесінен елін қалтылдаған қайыққа салып жағалауға тартқан тұлғалар көп болды. Сондай алыптардың бірі-Мұстафа еді. Германиядан шәкірттерін ертіп, елге келгенде Орталық стадион мен Цирк үйін қарақұрым халық басты.
ТАРАС ВАСИЛЬЕВТІҢ ЕСТЕЛІГІ

   Жуырда маған Тарас досым звандап екеуміз біраз шерімізді тарқатып алдық. Әңгіме арасында сол бұрынғы студенттік кездерімізді есімізге алып қоямыз. Бірге оқыған курстастарымызбен үзбей кездесіп тұрады екен. Олар «Абай.КЗ» сайтында шыққан осы естелігімді оқыған көрнеді. Басқа қызықты оқиғалар болса жариялап тұрғанымды айтты. «Өткен өміріміздің қызықты шағын айтып отырмасақ бізге басқа не керек?»-дейді Тарас досым. Сол себепті осы естелігімді «Тайсойған.КЗ» сайтының оқырмандарына арнап қайтадан жариялап отырмын. Қабыл алыңыздар!

Автордан

СӘТІМЖАН САНБАЕВ
СӘТІМЖАН САНБАЕВ
Бүгін қазақ классигі Сәтімжан Санбаевтың туған күні. Жазушы, аудармашы, актер Сәтімжан Қамзаұлы тірі болғанда 80-ге толар еді. Осыған орай, жазушымен көзінің тірісінде ағалі-інідей болып қатынасып кеткен досы әрі жерлесі Нұрберген Өтепұлы Балғымбаевтың естелігін беріп отырмыз. Қабыл алыңыздар!
АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІМ
АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІМ
   1997 жылдың наурыз айы болатын. Атыраудың бір топ спортшыларымен бірге Алматыға жарысқа келе жатырмыз. Ұшақта бізге орын әр жерден берілді. Түскен соң бәріміз аэропортқа тарттық. Бірге келе жатырған спортшылардың бапкері Сүндеткерей: «Мына кісі кикбокстан республикалық федерацияның тұңғыш президенті болған екен. Мында оның фамилиясы бар»-деп екі бүктелген бір қағазды қолыма ұстата салды. Қағазды ашып, оқып көріп едім, өз көзіме өзім сенбедім. «Сәтімжан Санбаев» деп жазылып тұр...
КАРАТЕ СПОРТЫНА ҚҰМАРЛЫҒЫМ СТУДЕНТ КЕЗІМНЕН БАСТАЛДЫ
КАРАТЕ СПОРТЫНА ҚҰМАРЛЫҒЫМ СТУДЕНТ КЕЗІМНЕН БАСТАЛДЫ

Жуырда Атырау өңірінде шығыс жекпе-жегінің қалыптасуы мен даму тарихы жөнінде кітап шығатын болып шешім қабылданды. Сол кітаптың құрастыруды маған тапсырған. Бұйыртса, 2020 жылы аяқтап оқырмандарға ұсынбақшымын. Сол себепті өзімнің «Атырау» газетінде бұрынырақта жарияланған мақаламды қайтадан бастырып отырмын. Алдағы уақытта да «Тайсойған.КЗ» сайтында Атырау каратесінің тарихын, спортшылардың жеке өмірбаянын жариялап отырамын. Қабыл алыңыздар!

Автордан.