ТҰҒЫР

О МОЕМ ПРЕКРАСНОМ ДЕТСТВЕ
О МОЕМ ПРЕКРАСНОМ ДЕТСТВЕ

На странице нашего сайта было опубликовано много воспоминании нефтяников. Один из авторов таких воспоминаний - ветеран геолог-разведчик  Е.В. Герасименко. После сокращения объемов работ в ТОО «МНГР» КЭ работал мастером по добыче нефти в ТОО «Казахтуркмунай», инженером по капитальному ремонту скважин, в ТОО «Аташ», ТОО «Тюб-Караган» АО «КазМунайТениз», в ТОО "Аташ", в ТОО "Тюб-Караган". Где бы он ни находился, был мастером своего дела. Сейчас он любящий и любимый отец и дед для дочерей и внуков.

Несомненно, доблестный труд нефтяника был отмечен  наградами Родины, а именно: медалью «За трудовую доблесть в СССР», нагрудным знаком «Ветеран труда», орденами «Трудового Красного Знамени» и многочисленными похвальными грамотами, денежными премиями, нагрудными знаками отличника труда нескольких пятилеток.

ШУАҚТЫ МЕКЕН
ШУАҚТЫ МЕКЕН

Ардагер геолог-барлаушы «Құрмет» орденінің иегері Бисенбай Бисенғалиев (Бәкөн әл-Сағыз) ағамыздың естеліктер жалғасы.  Б.Бисенғалиев  Ардагер геолог-барлаушы     «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің «Құрмет грамотасы», «ІХ бес жылдықтың социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісі, «Қазақстан мұнайына 100 жыл»,«Маңғыстау мұнай-газ барлау» кешенді экспедициясына 50 жыл», «Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы», «Еңбек ардагері» төсбелгілері сияқты отан наградаларымен, ақшалай-заттай сыйлықтармен, аудандық әкімшіліктің алғыс хаттарымен марапатталды. Басшылық қызметке тағайындалғанға дейін ұзақ жылдар бойы қоғамдық жұмыс ретінде ұжымдық кәсіподақ ұйымына жетекшілік  жасады. Қоғамдық жұмысты да абыройлы атқарғанының дәлеліндей сол кездегі Кеңес Одағының Орталық Кәсіподақ комитетінің(ВЦСПС)бірнеше дүркін, республикамыздың, облысымыздың  Құрмет грамоталарына, Алғыс хаттарына, сыйлықтарына ие болды.  Есімі «Ел ардақтылары-Бұрғышылар» жинағына, «Незабываемое: страницы истории Мангистау» энциклопедиясына, «Олар алғашқылардың бірі болды. Они были первыми» деген кітапқа енген.   Туған ауылын мәңгілік есте қалдыру жобасының жетекшісі, идея авторы, «Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі» энциклопедиялық жинағының, «Студенттік естеліктер» кітабының авторы.   Ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан немере-жиен сүйіп отырған абыройлы ардагер.

ДАЛЯНЬ
ДАЛЯНЬ

  ...Далянь қытайдың солтүстік шығысындағы Ляодун деген Сары теңіз жағасындағы жарты аралдағы ірі қала. Ертеректе қытайлардың балықшыларының кішкене ғана ауылы екен, содан 1898 жылы орыстар сол жерден өздеріне Дальний деген портты қала салыпты. Орыстарды жапондар жеңгеннен кейін, қала 1904 жылдан 1945 жылға дейін жапондардың қол астында болады. Кеңес армиясы 1945 жылы жапондардан азат етіп өздеріне қайтып алады да, 1950 жылы қытайларға басыбайлы сыйға тартады. Бұлардың барлығын неге жазып отырмын? Далянь қаласында орыстардың қытайлардың, жапондардың қала салу мәдениеттерін, ұлттық архитектураларын көруге болады. Қаланың халқының саны 6 миллион адам. Қытайлардың жобасы бойынша орташа қала болып есептеледі...

ӨМІРДІҢ ӨЗІ НОВЕЛЛА
ӨМІРДІҢ ӨЗІ НОВЕЛЛА
Жас келген сайын уақыт шіркін өз дегеніне көндіріп, өткен өміріңді көз алдыңа келтірмей қоймайды. Өткен жылдар ішінде кімнен үйрендің, кіммен дос болдың, кімді үлгі тұттың – бәрі-бәрі еріксіз ойға оралады және оны анда-санда болса да сыртқа шығару­дың бір себебі табылады. Естелік жазғысы келетін, артына сәл де болса із қалдырғысы келетін адамға ондай себептер де жеткілікті, тек адамның құлқы, талпынысы болса болғаны. Қызым Дина «папам туралы естелік жазсайшы» деп қолқа салғанда естелік жазу жөнінде ойға қалып, кейбір сәттерді қайтадан жаңғыртып есіме түсіріп біраз толғанып жүрген едім
САҒЫЗ МҰНАЙ КӘСІПШІЛІГІНЕ-80 ЖЫЛ
САҒЫЗ МҰНАЙ КӘСІПШІЛІГІНЕ-80 ЖЫЛ

Ардагер геолог-барлаушы, «Құрмет» орденінің иегері Бисенбай Бисенғалиев (Бәкөн әл-Сағыз) ағамыз  бірнеше  авторлармен бірігіп,  2017 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінің 80 жылдық мерейтойына  арнап журнал дайындаған еді. Әр түрлі себептермен баспа жарыққа шықпаған болатын. Журнал басшылығының рұқсатымен осы туындыны сайт бетінде жариялауды жөн көрдік. 

АУЫЛДЫҢ АЙТҚЫШТАРЫ
АУЫЛДЫҢ АЙТҚЫШТАРЫ

  Әр ауылдың өз айтқыштары мен Қожанасырлары болатыны белгілі. Біздің Сағызымыз да ондайлардан кенде болмаған. Бұл бөлімде біз кезінде ауыл арасында кең тараған, әзілі мен шыны аралас айтылған хикаяларды топтастырдық. «Аузында әзілі жоқтың, қолында шоқпары бар» деген бар. Ауылдастарымыздың айтқандары ешқандай зілі жоқ әзілдер, бүгінгі ұрпаққа үлгі болатындай қазақы қалжыңдар болатын. Бүгінгінің арзанқол анекдоттарындай емес, өмірдің өзінен алынған әдемі әзілдер мен халықтық қалжыңдардың нағыз үлгісін назарларыңызға ұсынғымыз келді.

 

Бисенбай Бисенғалиев (Бәкөн әл-Сағыз)

МҰНАЙШЫ ЖАЗБАЛАРЫ
МҰНАЙШЫ ЖАЗБАЛАРЫ

Ардагер геолог-барлаушы «Құрмет» орденінің иегері Бисенбай Бисенғалиев (Бәкөн әл-Сағыз) ағамыздың  қимас досы Марат Қорқытұлы Байзақовтың өмірден өткеніне жыл толуына орай сағынышқа толы естелігін қайта толықтырып  сайт бетіне жариялап отырмыз.  

 

ШУАҚТЫ ҒҰМЫР
ШУАҚТЫ ҒҰМЫР
Жақында өмірден өткеніне жыл толған қазақ мұнайының тарихында өзіндік орны бар, бірқатар мұнай- газ кен орындарын ашуға зор үлесін қосқан тұлға Марат Қорқытұлы Байзақов туралы абыройлы ғұмыр кешкен азамат тұлғасын көрсетер замандастарының, әріптестері мен жақындарының тағлымды естеліктері жинақталған кітап жарық көрген еді. Жаһанда болып жатқан жағдайға байланысты көптеген адамдарға табыстау мүмкіндігі болмағандықтан, электронды нұсқасымен таныстыруды жөн көрдік.
АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕГЕН...
АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕГЕН...

18 СӘУІР-ТАРИХИ ОРЫНДАР МЕН ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ КҮНІ.

Осыдан жиырма жеті жыл бұрын Ойыл өзені тасып Миялы селосы суға кеткен болатын. Осы апатты жағдайды Сергей Алпатанов ақсақалдың фейсбуктегі парақшасынан алып жариялап отырмыз...

1 5 6 7 8 9 10