РУХАНИЯТ

МОМЫШҰЛЫНА СӘЛЕМ БЕРЕ БАРҒАН ТӨРТ ШАЙЫР ЖАЙЛЫ ХИКАЯ
МОМЫШҰЛЫНА СӘЛЕМ БЕРЕ БАРҒАН ТӨРТ ШАЙЫР ЖАЙЛЫ ХИКАЯ

   Сірә, 1981 жылы болуы керек. Жазушы Мамытбек Қалдыбаев КазҰУ-де оқитын төрт жас ақынды Бауыржан Момышұлына ертіп апарады. Апарған жастардың үшеуінің аты Бауыржан еді. Тек қана жалғыз ғана Светқалидың аты бөлек болып шықты. Баукең, Светқалиға атыңды "Жарқынғали" деп өзгерт деп сол кезде ұсыныс айтқан екен. Бұл әңгімені мен теледидардан Мамытбек Қалдыбай ағайдың сұқбатынан естігенмін.

  Бұл жыр жолдары халқымызға кеңінен танымал ақын Светқали Нұржанның фейсбуктегі жеке парақшасынан алынып отыр.

ЖОМАРТ ЖҮРЕКТІ ЖАНДАР
ЖОМАРТ ЖҮРЕКТІ ЖАНДАР
   Жарық дүниені жалпағынан басып жүрген кезімізде жан дүниесі жарқырап көрініп тұратын қымбат адамдардың қадірі қашан да дараланып тұрады екен. Әсіресе, мына жалған дүниемен мезгілінен бұрын қош айтысып кеткендердің жарқын бейнелері мен тірі кезіндегі тірлігін көз алдыңа елестеткенде жаныңды уайым мен мұңның қара бұлты қаймықпай тұмшалап алады. Амалсыздан ол жайында қалың ойдың тұңғиығына батасың. Сондай ажары ашық, жаздай жадыраған мінездерімен, үлкенге де, кішіге де құрметтерімен, әрқашан иман үйірілген нұрлы жүздерімен кімді болсын өздеріне тартып тұратын жандардың бірі – экономика ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Ғалымжан Нұрышев пен оның ғұмырлық серігі болған әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Гүлімхан Шөптібаева еді.
ІШКІ САРАЙЫ АШЫҚ АЗАМАТ ЕДІ
ІШКІ САРАЙЫ АШЫҚ АЗАМАТ ЕДІ

   Ғалымжан Жұмабайұлымен 2000 жылдардың басында Астанада, дәлірек айтсам, Еуразия университетінде таныстым. Парламент депутаты болғаныммен, бұл жұмыстың уақытша екені белгілі, сондықтан негізі ғылыми – педагогикалық қызметтен қол үзбейін деп, сол университетте дәріс оқып жүрдім. Сағаттарым көп емес, бірақ апта сайын барып тұрамын. Сол кезде «Амангелді аға, мен сізді сырттай білемін, сәлемдесудің реті келмей жүр еді, мен Нұрышев Ғалымжанмын, осы оқу орнының проректорымын» деп, өзін таныстырған еді. Мен де Ғалымжанды  сырттай білетінмін. Танысуымыз осылай басталды.

ЧЕЛОВЕК С БОЛЬШОЙ БУКВЫ
ЧЕЛОВЕК С БОЛЬШОЙ БУКВЫ

Доклад о жизни и деятельности М.С.Аженова на торжественном заседании Ученого Совета факультета философии и политологии КазНУ им.аль-Фараби, посвященном 75-летию ученого

 

Алматы, 2007 г.

ҰЛТТЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРДЕЛІ ЗЕРТТЕУ, ЗИЯЛЫ ТҰЛҒА
ҰЛТТЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРДЕЛІ ЗЕРТТЕУ, ЗИЯЛЫ ТҰЛҒА
   Қазақ сөзінің құдіретін әлемге танытқан ғұлама Мұхтар Әуезов  философия ғылымы мен сол ғылымды зерделеуге ден қойған зерттеуші тұлғасының сабақтастығына қатысты оқырманның ойында берік орнығып қалатын бір парасатты пікір түйген екен.  «Философияның құралы – толғаулы терең ой. Іздейтіні – бүткіл дүниенің әуелгі сыры, негізгі хақиқаты. Философияның кірісетін жері – таза ақыл шешетін сауалдар. Адамның жүрегіне бақыт, махаббат ұрығын орнататын да көкірекке сіңген сол терең ой.
АТА ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛ
АТА ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛ

- Әке, мен Қазыбай атамдай бола алам ба?

- Боласың балам. Боласың.

- Ол үшін не істеуім керек?

- Ол үшін бе? Ол үшін ерінбей еңбек ету керек. «Еңбек- ер атандырар», деп бекерге айтылмаған. Сонымен қатар, тұрақты түрде спортпен айналыссаң болғаны.

   Осында милицияда істейтін Тілекқабыл Құсайынов деген ағаң бар. Өзі кезінде одақтық, республикалық деңгейде белдескен балуан болған. Спорт үшін, жасының едәуір ұлғайып қалғандығына қарамастан, қазір де күресіп, аудан намысын қорғап жүр. Бір жағынан шәкірттер тәрбиелейді. Шәкірттерінің кейбірі ұстаз жолын жалғастырып, шәкірт тәрбиелейтін деңгейге жетіпті. Сен ешкімнен тайсалмайтын батыл, күшті болғың келсе, күрес секциясына апарайын.

ӨЛКЕ ТАРИХЫНЫҢ ТАРЛАНЫ
ӨЛКЕ ТАРИХЫНЫҢ ТАРЛАНЫ

   Өлкемізге белгілі ғалым тарихшы, тарих ғылымдарының докторы Лесқали Базарғалиұлы Бердіғожин ердің жасы елуге толды. Майлы қияң Мақатта мұнайшылар жанұясында дүниеге келген Л.Бердіғожин саналы өмір жолы, мұғалім мамандарының түлеп ұшатын ұясы Атырау университетімен тығыз байланысты.

ҰЛАҒАТТЫ ҒҰМЫР
ҰЛАҒАТТЫ ҒҰМЫР

  Экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Ғалымжан Жұмабайұлы Нұрышев пен социология ғылымдарының докторы, профессор Гүлімхан Байкенқызы Шөптібаева туралы

Артур Шопенгауэр философ: «Адам өткен кеңістікті емес, өткен уақытты сағынады» дейді. Ғалымжанды ойласам, есіме бірден балалық шағымыз түседі. Күні-түні кітап оқып, сабаққа дайындалу, мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласу, үйдің шаруасын атқарып, алыс-жақыннан келетін қонақтарды қарсы алу – осының бәрі біздің міндетіміз болды.  Отбасымыздың ерекшелігі – кішкентай күнімізден ғылымға деген ұмтылысымыз еді. Білімге деген құмарлығымыз соншалық, жаңа кітапты бірімізден біріміз жасырып оқитынбыз.

УЧИТЕЛЬ-ПРОФЕССИЯ ОСОБАЯ
УЧИТЕЛЬ-ПРОФЕССИЯ ОСОБАЯ

   Профессия педагога - музыканта сочетает в себе разностороннюю деятельность, которая включает умения и навыки педагогической, воспитательной организаторской, просветительской, методической, исполнительской работы. Названные направления в деятельности педагога - музыканта в совокупности, тесным образом, связаны с музыкально-исполнительскими умениями и навыками в решении специфических задач, ориентированных на формирование музыкальной культуры студентов посредством познания музыкального искусства. Именно музыкальное искусство в значительной мере стимулирует и поддерживает стремление личности к преобразованию себя (чувств, мысли, поступков), других людей по «законам красоты». Несомненно, важно подчеркнуть, что специфика профессии педагога - музыканта связана с творческой деятельностью, которая осуществляется с помощью могучего средства воспитания - музыкального искусств.

ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКАНЫҢ БІЛГІРІ
ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКАНЫҢ БІЛГІРІ

   Біздін кейіпкеріміз Ахметов Ақылбек Қабиұлы – республикамыздың жоғары оқу орындарында 45 жылдай жұмыс жасаған ғалым педагог, ұлағатты ұстаз, Атырау мен Маңғыстау облыстарының оқу-ағарту ісіне еңбегі сіңген, көргені мен көңілге түйгені, білімі мен білігі мол азамат, физика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы.    

   Ақылбек Қабиұлы бұрынғы Гурьев облысының Теңіз (қазіргі Құрманғазы) ауданында Ұлы Отан соғысынан кейінгі қиын кезеңде дүниеге келген. Биыл 70 жасқа толып отырған ғалым есі кірмей екі жасында әкеден жетім қалған десек, артық болмас. Себебі, әкесі Ахметов Қаби колхозда басқарма төрағасы болып тұрған 1950 жылдың қысы жұт әкеліп, қоғам малы көп қырылған. Қызыл империяның сол кездегі солақай саясаты бұған, әрине, колхоз бастығын кінәлайды. Сөйтіп партия қатарынан шығарылып, бірнеше жылға сотталып кеткен Қаби көкеміз содан қайтып бұл отбасына оралмаған көрінеді. Бірақ анасы бар бала жетімдік көрмейді екен. Анасы Аюпова Ағзила Әйіпқызы еті тірі, еңбекқор пысық адам еді, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып, ел басына күн туған кезде орта мектептегі оқуын тастап, колхоз шаруашылығына араласып кетеді. Көп балалы отбасында өскен Ағзила өзінен кейінгі үш сіңлісін оқытып, адам қатарына қосты. Жасынан өжет, қайсар жан 1944 жылы есте қаларлық үлкен ерлік жасайды. Неміс фашистері соғыста тұтқынға түскен мұсылман солдаттарынан Түркістан легионын құрып, ұшақпен диверсиялық десант жібергенде ол «Қызыл ту» деген колхоздың маңына түскен. Комсомол мүшесі Аюпова Ағзила тиісті орындардан арнайы тапсырма алып, жергілікті милиция қызметкерлеріне диверсанттарды ұстап береді.