Қазақстанда теңіз портын салу ісі көптен бері талқыда жүрген болатын. Дегенмен, бұл іске басты түрткі болған жағдай 1957 жылы Ақтауға теңіз портында уақытша қызмет атқарған Астраханның «Норма» деп аталатын баржасы суға батып кетті. Сол себепті ендігі жерде жаңадан теңіз портын салу керек деген шешімге келді. 1959 жылы №7 пошта жәшігі деп аталатын теңіз портын салу үшін құрлыс жұмысы басталып кетті. 1962 жылы Ақтау қаласында құрғақ жүк тасу үшін жағаға №1, 2, 3, 7 және жолаушылар таситын № 6 теңіз айлағы құрлысы басталды. 1963 жылы 14 қыркүйекте Баку қаласында «Каспар» деп аталатын Каспий мемлекеттік теңіз параходствасының порты ашылды.
1963 жылы 1 қазанда КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес теңіз порты КСРО машинақұрылысы министрлігінен КСРО теңіз флоты министрлігіне берілді. Бұл күн Ақтау теңіз портының құрылған күні деп саналады. КСРО теңіз флоты министрлігінің Каспий теңіз параходствасы Ақтау теңіз портына қызмет көрсететін болды.
Каспий параходствасының Астрахань басқармасына бағынышты «Джебраил» деп аталатын танкері 1966 жылы 5 қазанда Ақтау теңіз портынан Волгоградқа жол тартты. Осылайша маңғышлақ мұнайы тасымалданып Ақтау порттың мұнай тасымалдау тарихы басталды. 1966-1986 жылдары 4, 5, 9, 10-шы мұнай құятын айлақ пен 8 паром кешені салынды. 1969 жылы Ақтау теңіз портына екі мұнай құятын баржы байланды.
1970 жылы Ақтау теңіз портынан «Алексей Крымов» деген танкер шықты. Бұл танкердің бортында 10-шы миллион тонна маңғышлақ мұнайы бар болатын.
Маңғыстаудың экономикалық ахуалы және бұл аймақтағы мұнай өндіру ісінің дамуы Ақтау теңіз портының материалдық-техникалық базасын нығайтты. 1973 жылы Ақтау теңіз порты кеме тоқтайтын 7 айлақ пен 2 мұнай құятын айлаққа ие болды.
Ақтау портындағы айлақта жаңа технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген ЮУМНПП-ға қарасты мұнай айдайтын және УС ПГМК-ға қарасты мұнай құятын кеме мен портқа қарасты «Окарем» деп аталатын бір тіркетіліп қозғалатын кеме мен «НМС-2» мұнай қалдықтарын жинайтын кеме болды.
70-шы жылдардың соңында Ақтау портынан тұз, ракуш-тас, балық өнімдері, хромит рудасы және мұнай тасылды. Сөйтіп, жылына 7 млн тонна мұнай тасымалданған екен.
1978 жылы наурызда Ақтау теңіз портынан өңделмеген мұнай тасымалдана бастады.
1980 жылы 11 қаңтарда Ақтау портынан Қаламқас мұнайын тиеген «Порт Ильич» танкері шықты.
1985 жылы қаңтарда Ақтау теңіз портында орналасқан 8-ші паром айлағынан мұнай тиеле бастады.
1997 жылы қаңтар айынан бастап Ақтауі портынан «Инженер Назаров» деп аталатын ресей танкері 4 249 тонна маңғыстау мұнайын тиеп Иранның Некка портына тасымалдады.
2004 жылы №4, 5 мұнай құятын айлақта жаңату жұмыстары жүргізілді.
2005 жылы қазанда Ақтау портына Выборгтан «Қазақстан» деп аталатын («MOBILEX ENERGY LTD») мұнай құятын танкер келді.
2009 жылы мұнай құю ең жоғарғы көрсеткішке ие болды. Мұнай тасымалдау ісінің артуы құрал-жабдықты жаңартуды талап етті. Сол себепті, 1982-1983 жж паромды тасымалдау әдісі мұнай құятын стансаға өзгертілді. 1982 жылы порт МНМС-49 деп аталатын жаңа мұнай қалдықтарын жинайтын кеме алды. 1988 жылы Ақтау портына қарасты № 8 және 9 айлақ іске қосылды.
Қабибек Мұхитов,
тарих ғылымдарының кандидаты