Қазақ халқының ежелден ру-ру болып, жүзге топтасып өмір сүргені белгілі. Сондықтан, «әлқиссаны» осыдан басталық. Атырау жұрты ертеден қазақ халқын құраған үш жүздің бірі – Кіші жүздің құрамында, оның ең үлкен рулар бірлестігі - он екі ата Байұлының құзырында болып келді. Сонымен қатар, оның топырағында Әлімдер, Жетіру өкілдері және руға кірмейтін бейрулық топтар (бұл сөзді 2017 жылғы 12 тамыздан бері тұңғыш рет қолданып және жазып отырғанымды қаперге беремін – А.Ә.) – Қожалар, Төрелер және Төлеңгіттер де өмір сүрді. Аталмыш бірлестік жөнінде қазақтың тұңғыш әмбебап ғылыми туындысы – Қазақ Совет Энциклопедиясы 1973 жылы былай деп жазған-ды: «...Оны халық арасында 12 ата Байұлы деп атайды. Шежіре деректері бойынша. Б.Шеркеш, Есентемір, Таз, Ысық, Адай, Беріш, Алтын-Жаппас (...), Байбақты, Тама (дұрысы – Тана ғой-А.Ә.), Масқар, Алаша және Қызылқұрт руларынан тұрады. Әр қайсысының өзіндік ұран, таңбасы бар...» (2-ші том, 97-б.).
Ал, орыс әдебиетінде 1-рет М. Тевкелев 1784 жылы көрсеткен екен: «...Байулы против каракисяк посредственны, а исчисляется 12 родов, а имянно: адай, джаббас, алача, байбакты, берчь, маскар, тазлар, исентемир, алтин, шихляр, черкес, тана...» («Казахско-русские отношения в ХҮІ-ХҮІІІ в.в.». А.-А., 1961, с.406).
Өкінішке орай, тағы да қателік шықты: мұнда Қызылқұрт руы жазылмапты.
Енді ескі деректерде Атырау рулары туралы жазылғандарға көз салайық.
А. Рулардың және руға кірмейтін бейрулық топтардың ұрандары
р/с |
Рулар атауы |
Ұраны |
І. Он екі ата Байұлы рулары |
||
1. |
Адай |
Бекет! |
2. |
Алаша |
Байбарақ! |
3. |
Алтын |
Барқы! Батырай! Бимұрат! |
4. |
Байбақты |
Дәуқара! |
5. |
Беріш |
Ағатай! |
6. |
Есентемір |
Алдаоңғар! |
7. |
Жаппас |
Баймұрат! Байсақал! |
8. |
Қызылқұрт |
Байжайым! |
9. |
Масқар |
Қаратай! |
10. |
Таздар |
Бақай! Ақпан! Төремұрат! |
11. |
Тана |
Малайсары! |
12. |
Шеркеш |
Шағырай! |
13. |
Ысық |
Бәйтерек! |
ІІ. Алты аталы Әлім рулары |
||
14. |
Кете |
көрсетілмеген |
ІІІ. Жеті аталы Жетіру рулары |
||
15. |
Жетіру |
көрсетілмеген |
ІҮ. Руға кірмейтін халықтық топтар |
||
16. |
Қожа |
Қожахмет! |
17. |
Ноғай |
көрсетілмеген |
18. |
Төлеңгіт |
көрсетілмеген |
19. |
Төре |
Арқар! |
* - Ұрандар 1848 ж. «Военно-стратегическое обозрение Российской империи, издаваемые по высочайшему повелению при 1-м Отделении Департамента Генерального штаба. Том ХІҮ. Часть 3. Земля киргиз-кайсаков Оренбургского ведомства. В 23 год царствования Николая І, императора всея России 1848 года» кітабынан алынды.
Ә. Атыраудағы рулардың және руға кірмейтін бейрулық топтардың ірі аталарға бөлінісі
(19-шы ғасырдың 40-50-ші жылдары)
(Петербордан 1848 ж.шыққан «Военно-стратегическое обозрение Российской империи, издаваемые по высочайшему повелению при 1-м Отделении Департамента Генерального штаба.Том ХІҮ. Часть 3. Земля киргиз-кайсаков Оренбургского ведомства. В 23 год царствования Никлоя І, императора всея России 1848 года» деген кітап бойынша)
р/с |
Рулар атауы |
рулар құрамындағы ірі аталар |
І. Он екі ата Байұлы рулары |
||
1. |
Адай |
І. Тобыш; ІІ. Мұңал; ІІІ. Жеменей; ІҮ. Балықшы; Ү. Ақпан; ҮІ. Құнанорыс; ҮІІ. Қосай; ҮІІІ. Тәзіке. І. Тобыштан - 6: 1. Зорбай; 2. Шоңай; 3. Баубек; 4. Табынай; 5. Шегем; 6. Бегей. ІІ. Мұңалдан - 4: 1. Жаулы; 2. Шоғы; 3. Бәйімбет; 4. Әли. ІІІ. Жеменейден - 2: 1. Жомарт; 2. Шылым. ІҮ. Балықшыдан – 3, аттары белгісіз. Ү. Ақпаннан - 1- Ақпан. ҮІ. Құнанорыстан - 3: 1. Тоқсары; 2. Аты белгісіз. ҮІІ. Қосайдан - 4: 1. Байбол; 2. Тіней; 3. Есенғұл; 4. Мәмбетқұл. ҮІІІ. Тәзікеден – 3: 1. Өтей; 2. Сәркей; 3. Қабақай. |
2. |
Алаша |
І. Маймақ. ІІ. Қарабура. ІІІ. Шарыш. ІҮ. Барамық. І. Маймақтан - 5: 1. Мәмбет; 2. Мәлікей; 3. Шотқара; 4. Елшібек; 5. Олжай. ІІ. Қарабурадан – 1- Қарабура. ІІІ. Шарыштан – 3: 1. Құдайқұл; 2. Базар; 3. Жанақ. ІҮ. Барамықтан – 3: 1. Шағалақ; 2. Құбылей; 3. Тоқман. |
3. |
Алтын |
І. Жабалақ; ІІ. Айдарбай; ІІІ. Шығай. Бұлардың бергі ұрпақтары көрсетілмеген. |
4. |
Байбақты |
І. Батақ; ІІ. Әлтеке; ІІІ. Қанық. І. Батақтан – 7: 1.Естемке; 2.Көшман; 3.Бұғанай; 4.Тоқсаба; 5. Жауқашты; 6.Сағай; 7. Құлшық. ІІ. Әлтекеден – 4: 1. Жабағы; 2. Андас; 3. Назарүмбет; 4. Мәмет. ІІІ. Қанықтан - 4: 1. Жолдығұл; 2. Әліс; 3. Баубек; 4. Күлейсандық (Кулеюсандук). |
5. |
Беріш |
І.Жаңбыршы; ІІ. Себек; ІІІ. Есен; ІҮ. Қаратоқай; Ү. Есенғұл; ҮІ. Жайық; ҮІІ.Құлкеш. ҮІІІ. Ноғай. І.Жаңбыршыдан -2: 1. Тоқман; 2. Бесқасқа. ІІ. Себектен - 4, аттары белгісіз. ІІІ. Есеннен - 4: 1. Орыс. 2. Барас; 3. Байқұл; 4. Дербісәлі. ІҮ. Қаратоқайдан – 3: 1. Есболай; 2. Бекбаулы; 3. Шегей. Ү. Есенғұлдан - 3: 1. Асан; 2. Есен; 3. Қалдыбай. ҮІ. Жайықтан - 2: 1. Түмей; 2. Қабат. ҮІІ.Құлкештің ұрпақтары белгісіз. ҮІІІ. Ноғайдан – 5, аттары белгісіз. |
6. |
Есентемір |
бұл ру әділетсіз түрде Таздың бір баласы ретінде жазылып кетіпті. |
7. |
Жаппас |
І. Қалқаман; ІІ. Қаракөз; ІІІ. Шалтақ; ІҮ. Айдарбай; Ү. Сумұрын; ҮІ. Қияқы; ҮІІ. Кәрмен. Бұлардың бергі ұрпақтары көрсетілмеген. |
8. |
Қызылқұрт |
І. Елғұлы; ІІ. Соба. Бұлардың ұрпақтары белгісіз. |
9. |
Масқар |
І. Құттықадам; ІІ. Масақ. І. Құттықадамнан - 2: 1. Құрман; 2. Бабаназар. Құрманнан - 3: 1. Әтемке;2. Омар; 3. Құдайқұл. Бабаназардан – 2: 1. Әбдішүкір; 2. Жәдік. ІІ. Масақтан – 5: 1. Жәдік; 2. Қырықсадақ; 3. Атойнақ; 4. Төлекехан; 5. Пұ-сырман. |
10. |
Таздар |
І. Есентемір; ІІ. Абдал; ІІІ. Келдібай; ІҮ. Жастабан; Ү. Шарға. Бұлардың бергі ұрпақтары көрсетілмеген. |
11. |
Тана |
І. Қараман; ІІ. Ақымбет; ІІІ. Қарақонақ; ІҮ. Жиембет; Ү. Асан; ҮІ. Қал-қаман; 7. Бессары. І. Қараманнан – 1- Қараман. ІІ. Ақымбеттің ұрпақтары белгісіз. ІІІ. Қарақонақтан - 1- Қарақонақ. ІҮ. Жиембеттен – 2: 1. Баймұрат. 2. Есенғұл-Сарым. Ү. Асаннан – 3: 1.Жанмырза. 2. Тұманбай. 3. Ботақара. ҮІ. Қалқаманнан - 3: 1. Меңдіғұл. 2. Мәулім. 3. Балшақожақ. ҮІІ. Бессарының ұрпақтары белгісіз. |
12. |
Шеркеш |
І.Қойыс; ІІ. Еламан; ІІІ. Қылыш-Кестен. ІҮ. Жауғашты. Ү. Қосым. І.Қойыстан - 6: 1. Қаракемпір. 2. Дербіс. 3. Қашқыншы. 4. Сүйініш. 5. Сақау. 6. Тоқтағұл. ІІ. Еламаннан - 1- Еламан. ІІІ. Қылыш-Кестеннен – 2: 1. Сүйінішбай. 2. Бөрібай. ІҮ. Жауғаштыдан - 2: 1. Бәшен. 2. Самай. Ү. Қосымнан – 3: 1. Өтеген; 2. Өмірзақ; 3. Олжабай. |
13. |
Ысық |
І. Тоғыншы; ІІ. Ақсары. І. Тоғыншыдан - 2: 1. Қадырқұл; 2. Қараораз. Қадырқұлдан – 6: 1. Тоғызбай. 2. Сейтек; 3. Самай; 4. Саймұрат; 5. Есмұрат; 6. Баймұрат. Қараораздан – 4: 1. Мыңтай; 2. Базар; 3. Есей; 4. Досай. ІІ. Ақсарыдан – 6: 1. Иса; 2. Көбек; 3. Бәйтерек; 4. Сарыысық; 5. Баубек; 6. Шүйіш. |
Көріп отырмыз, бұл ескі деректерде көптеген қателіктер бар (мүмкін, кейбіреулері жекелеген шежірелерге нақтылық беріп қалар), 2002-2015 жылдары аралығында «Тастүлек» деген ортақ атаумен Таздардың жекелеген ата-тектік кітапшаларын, 2009-2013 жылдары «Ақиық-Арман» деген тақырыппен Таздардың төрт томдық шежіресін жазған адам ретінде осы бір ғана ру туралы өрескел лағушылықтарды көрсетуге толық мүмкіндігім бар, бірақ, өткенннің «тарихи дерегі» ретінде сол күйінде беруді дұрыс санадық. Ал, көп уақытымызды алатын болғандықтан да оларды бүгінгі дұрыс шежірелер бойынша түзетіп отыруды қажет деп таппадық, ол үшін
едік. Бұлар ғана емес, бүкіл Кіші жүз рулары жөніндегі біршама дұрыс және жақсы мәліметтерді «Атырау» энциклопедиясы еңбегінен табуға болады (63-71-бб.).
Б. Кіші жүздегі рулар мен руға кірмейтін бейрулық топтар халықтарының саны
(оның ішінде, Атырау жерінде болғандары)
р/с |
Рулар атауы |
1897 жылы |
|
І. Он екі ата Байұлы рулары |
|
||
1. |
Адай |
80-90 мың |
|
2. |
Алаша |
40 мыңға жуық |
|
3. |
Алтын |
30 мыңға жуық |
|
4. |
Байбақты |
40 мыңға жуық |
|
5. |
Беріш |
40 мыңға жуық |
|
6. |
Есентемір |
20 мыңға жуық |
|
7. |
Жаппас |
50 мыңға жуық |
|
8. |
Қызылқұрт |
40 мыңнан аса |
|
9. |
Масқар |
20 мыңға жуық |
|
10. |
Таздар |
20 мың шамасында |
|
11. |
Тана |
25 мың -шамасында |
|
12. |
Шеркеш |
45 мыңнан аса |
|
13. |
Шихлар |
70 мыңға жуық |
|
14. |
Ысық |
20 мыңға жуық |
|
|
барлығы |
500-550 мың |
|
ІІ. Алты аталы Әлім рулары |
|
||
15. |
Кете |
50-60 мың |
|
ІІІ. Жеті аталы Жетіру рулары |
|
||
16. |
Жетіру |
280-300 мың |
|
ІҮ. Руға кірмейтін бейрулық топтар |
|
||
17. |
Қожа |
мәліметі жоқ |
|
18. |
Ноғай |
мәліметі жоқ |
|
19. |
Төлеңгіт |
мәліметі жоқ |
|
20. |
Төре |
мәліметі жоқ |
|
«Казахи». Историко-этнографическое исследование. Ал., «Қазақстан»,1995. 352 с., стр.18,19.
Мұнда көші-қон жөнінде былайша көрсетіліпті: «Основные места кочевок казахов родоплеменного объединения байулы локализуются между Уралом и Эмбой, на Мангышлаке и по побережью Каспийского моря, на плато Устюрт, а для части племен по Сырдарье и ее притокам, Тоболу, Тургаю и песках Барсуки» (стр.19).
Енді 1918 жылға дейін бір бөлігі (бүгінгі Исатай және Құрманғазы аудандарының аумағы) Атырау қисымына кірмеген Ішкі орданың қазақтарының 1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша шыққан санына да назар аударалық (ескертеріміз – бұлар бүкіл Орда бойынша алынған, яғни бұған БҚО-ның бұрынғы аумағы да кіреді:
р/с |
Рулар атауы |
1897 жылы |
|
І. Он екі ата Байұлы рулары |
|
||
1. |
Адай |
7.515 |
|
2. |
Алаша |
11.150 |
|
3. |
Байбақты |
16.025 |
|
4. |
Беріш |
26.785 |
|
5. |
Есентемір |
2.330 |
|
6. |
Жаппас |
4.520 |
|
7. |
Қызылқұрт |
4.125 |
|
8. |
Масқар |
1.805 |
|
9. |
Таздар |
555 |
|
10. |
Тана |
6.405 |
|
11. |
Шеркеш |
13.795 |
|
12. |
Ысық |
3.345 |
|
|
барлығы |
98.355 |
|
ІІ. Алты аталы Әлім рулары |
|
||
13. |
Кете |
2.055 |
|
ІІІ. Жеті аталы Жетіру рулары |
|
||
14. |
Жетіру |
6.175 |
|
ІҮ. Руға кірмейтін бейрулық топтар |
|
||
15. |
Ноғай |
5.465 |
|
16. |
Төлеңгіт |
2.460 |
|
|
Жиыны |
114.510 |
|
«Казахи». Историко-этнографическое исследование. Ал., «Қазақстан»,1995. 352 с., стр.20.
Бұлардың көші-қоны жөнінде мынадай деректі оқимыз: «Казахи Внутренней орды в основном занимались кочевым скотоводческим хозяйством. Зимние становища в основном располагались в песках и лиманах по всей территории Орды,тогда как летние - в речных долинах, по большей части на севере региона. При этом имели место как меридиональные кочевки с севера на юг, что зависело от конкретных особенностей среди обитания» (стр.20).
Бұл деректерді қалауымызша біз сараладық – А.Ә.
Аманғали ӘМІРЖАНҰЛЫ,
ҚР Мәдениет қайраткері