ҚАЙРАН ҚАЗАҒЫМ

ҚАЙРАН ҚАЗАҒЫМ

Бисенбай

Бисенбай Бисенғалиев.

Ардагер геолог-барлаушы, «Құрмет» орденінің, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің «Құрмет грамотасы», «ІХ бесжылдықтың социалистік жарыстың жеңімпазы», «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «Қазақстан мұнайына 120 жыл», «Маңғыстау мұнай-газ барлау» кешенді экспедициясына 50 жыл», «Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы», «Еңбек ардагері», «Қарақия ауданына 45 жыл», «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгілері иегері. Есімі «Ел ардақтылары-Бұрғышылар» жинағына, «Незабываемое: страницы истории Мангистау» энциклопедиясына, «Олар алғашқылардың бірі болды. Они были первыми» кітабына енген. Туған ауылын мәңгілік есте қалдыру жобасының жетекшісі, идея авторы, Ақтау қаласындағы «Геолог-барлаушылар аллеясы» идеясының авторы, «Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі» энциклопедиялық жинағының, «Студенттік естелік әңгімелер», «Бисенғали әулеті»  кітаптарының авторы.

 

Елім... Жерім... Қазағым...

   Осы жазбамның негізгі бөлігі «Қазақ халқының тағдыры туралы ойларым» деген атпен 2011 жылдың соңында жазылған. Қолдарыңыздағы «Қайран Қазағым» деген сол, тек  соңғы жағына кейінгі  жылдардағы ойларымды қосып, толықтырып осындай атпен назарларыңызға ұсынып отырмын. Жазбамда келтірген дәйектер мен мәліметтердің барлығын да мезгілді баспасөз беттерінде жарық көрген тарихшылар,  демографтар, ғалымдар, белгілі мамандар жариялаған. Халқымның ғасырлар бойы шеккен азабы мен тауқыметін ойласам, көз алдыма елестетсем, тарихи еңбектерден оқысам төбе шашым тік тұрады.

  Жыл сайын 31 мамырды азалы күн деп атап өтеміз, бірақ бұл нәубетті ешқашан ұмытуға болмайды. Ешкімді де, ештеңені де жадымыздан шығармауымыз керек!!! Бұл - тірілердің парызы. Әйтпесе бізді тарих та, ата-бабалар аруағы да кешірмейді.

Жазбаның толық нұсқасымен осы жерден таныса аласыздар.