Атырау қаласында "Мерген" спорт клубының ашылу салтанаты өтті.
Клубтың негізгі бағыты -жауынгерлік жекпе-жек түрлері бойынша балаларды дайындау. Онда әзірге спорттың үш бағыты: ММА, грэпплинг және муай-тай спорты бойынша, онымен қоса балалар гимнастикасынан жаттығу жұмыстары жүретін болады.
Клубты Қожахметов Медет Мұсаұлы бастаған бір топ кәсіпкерлер, спорт жанашырлары өз қаражаттарына ашып отыр.
- Мақсатымыз пайда тауып атағымызды шығару емес. Біз үшін жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасап, өскелең ұрпақтың дені сау болуына қол ұшымызды беру болып табылады, - дейді Медет Мұсаұлы.
Клубтың тағы бір ерекшелігі ондағы жаттықтырушылардың еліміздің абыройын көтеріп жүрген танмал спортшылар болуы: Абылай Төлеш, Галиев Ищан және Ресейден арнайы шақыртылған жекпе-жек шебері Курбанов Мухаммад.
Ғимараттың құрылысына Мәскеуден арнайы мамандар шақыртылған. Бұнда кәсіпқой деңгейде спортшылар еш қиындықсыз дайындала алады.
Қабибек Мұхитов