Украинаның Одесса қаласында годзю-рю карате-додан «World Cup Goju-Ryu Karate & Kobudo» әлем кубогы өтті. Айтулы додаға 15 мемлекеттің спортшылары қатысқан.
Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған үш бірдей Атыраулық спортшы әлем кубогының иегері атанды. Атырау әуежайында жеңімпаздарды туыстар мен спорт жанашырлары салатанатты түрде қарсы алды.
Вячеслав Хороших, Бейбарыс Жанбыр және Болат Ізбасқанов Украина жерінде қарсылас шақ келтірмеді. Оның ішінде Болат Ізбасқановты ерекеш атап өтуге болады. Ол каратенің төрт бірдей түрінде сынға түсіп, төртеуінде де ең биік тұғырдан көрінді.
Болат үшін ең ауыр кезедсу Украиналық жергілікті спортшымен болған. Қазіргі күні Болат Ізбасқановтың шәкірті Батырғали Әбілмансұр жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама иеленіп отыр.
Атыраулық спортшылар жеңіп алған 6 алтын медальдің арқасында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орыннан көрінді.
Қабибек Мұхитов