ДЕНИС БАУЫРЫМ, СЕНІ ҚАЗАҚСТАНЫҢ ҰМЫТПАЙДЫ...

ДЕНИС БАУЫРЫМ, СЕНІ ҚАЗАҚСТАНЫҢ ҰМЫТПАЙДЫ...

   Денис Теннің өмірден өзғанына да екі айдың жүзі болды. Күні кеше ғана жарқылдап жүрген спортшымыз бүгін о дүниелік болып отыр. Бұл жігіттің артында қанша арманы қалды. Алда оны әлі қаншама жарыстар күтіп тұр еді. Сол жарыстарда жеңімпаз болып, өз елінің атын әлемге шығару ниеті болған оның.  Енді міне, еліміздің намысын қорғап жүрген спортшымыз мерт болып, өз мақтанышын қорғай алмайтын ел болып танылдық әлемге. Адам өлтіре салу оңай болды ғой бұл өмірде. Жақында ғана Атырауда бір спортшымыз бұзақының қолынан осылай мерт болған. Себебі адам құны түкке тұрмайтын болып кетті қазір. Қылмыскерді бүкіл қоғам болып жеккөрудің орнына ертең біреулер қорғап жүреді оны. Келесі бір бұзақы бұл өлімнен ешқандай сабақ алмайды. Тек қана артында жылаған ата-анасы мен жоқтаған туған-туысқаны қалады.

3409261c6e6e3aa1ef22f9600fea30b4-696x510

   Денис Тен қазаққа жақын еді. Алыста жүрсе де өз еліне жиі келіп жүретін. Бұл жігіттің шетелге ауысып кетуіне мол мүмкіншілігі болды. Бірақ ауыспады. Қанша жарысқа шықса да Қазақстанның атынан шықты. Тіпті өзінің қазаққа жақын екенін де айтқан болатын бір сұхбатында. Оңтүстік Кореяның төрінде тұрып қазақтың әнұранын айтқаны неге тұрады?! Талай спорт жұлдыздары кәсіпқой спортқа ауысып, шетелде қалып қойып жататын. Оларды тез ұмыта саламыз. Кейін де сөз қылмаймыз. Түрлі басшылық қызметте жүріп, ұрлаған-жырлағанын шетелге асырып жіберген елағаларын кім деп атаймыз? Кейін бөтен елдің тең құқылы азаматы болып шыға келеді емес пе олар? Ол бастан біздің еліміздің патриоты болған емес бұл жемқорлар. Ал Денис бауырымыз нағыз патриот болды. Ол Қазақстанда туды. Енді топырағы да осы елінде бұйырғалы отыр оған.

Денис-Тен-1-я-новсть

   Денис небәрі 25 жыл өмір сүрсе де, артына өшпестей етіп атын қалдырды. Батырымызды соңғы сапарға шығарып тастағалы отырып бұл өлімнен қорытынды шығарайық. Жауыздық жасағандарға орын жоқ арамызда. Оларды тәрбиелеген ата-анасы мен қатынасып жүрген жақын ортасы үшін бұл үлкен сын болсын. Нағыз патриотты танып біліп көзінің тірісінде бағалап үйренейік. Өсіп келе жатырған жастарға елін сүйген осы Денис сияқты ұлдарымызды үлгі етіп тәрбиелейік. Себебі, келесі патриоттар солар ғой.

   Денис бауырым, алдың жарық болсын! Сені Қазақстаның ұмытпайды! Біздің жүрегімізде мәңгі сақталасың!

 

 

 

                                                                                                                            Қабибек Мұхитов