Жуырда Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған ұлт-азаттық көтерілістің батыры болған Қабыланбай Қалдыбайұлының атына көше берілді.
Көшені ашуға Атырау қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің бастығы Ақылбек Рысқалиев және Қабыланбай батырдың ұрпақтары қатысты. Ашылу рәсімінде Қабыланбай батырдың Жолдасқали Жиенбаев ұрпағы сөз сөйлеп, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Амангелді Шамғонов баяндама жасады.
Рәсім соңында Қабыланбай батырдың ұрпақтары дастархан жасап, батырдың рухына арнап дұға оқыды.
Қабибек Мұхитов
Батыр туралы толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыздар.