Жұмағалиев

ЖАУЫНГЕР ҰСТАЗ ТҰЛҒАСЫ
ЖАУЫНГЕР ҰСТАЗ ТҰЛҒАСЫ
   Жақын күндері Халел Досмұхамедов атындағы Атырау  университетінің құрылғанына 70 жыл толмақ. Мұнайлы өлке тарихында айшықты орны бар оқу орны республика жоғары мектебі сапында сапалы мамандарды дайындауға өз үлесін қосып келеді. Университет бастау алған жылдары тарих-филология, физика-математика сияқты факультеттер маман даярласа, қазіргі кезде де аталмыш мамандықтар білім орнының ең жоғары ғылыми әлеуетін құрап отыр. 1980 жылдары білім алып, ғылым жолына қадам бастаған әріптестер арасында, Атырау гуманитарлық-техникалық институтының оқытушысы, доцент Жұмағалиев Нұрберген Ізгібайұлының  азамат ретіндегі түлғасы жазуға да және айтуға да тұрарлық деп ойлаймын.