ЖАНЫ ЖОМАРТ КӘСІПКЕР

ЖАНЫ ЖОМАРТ КӘСІПКЕР

Қандай адам да кімнің кім екенін көп жағдайда басына күн тускенде біледі. Былтыр Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында тұратын сіңілім мен күйеу балам Аймерек-Мараттың бойжетіп қалған қызы аяқ астынан қатты ауырды. Апармаған жер қалмады. Ақыры оңтүстік корей елінің емі қонатынын естіп сол жақпен байланысқа шықты. Шалғай жер, шет ел болғандықтан бару, келу, емделу-осының бәрі шарықтаған ақша. Ал оны бір отбасының тез арада таба қоюы-екіталай жұмыс. Сол себепті олар дос-жаран, тамыр-таныс, туған-туысқаннан кемек сұрады. Аздаған уақытың ішінде барымен бөліскісі келетін мейірімді жандар шыға бастады. Солардың арасынан сіңілімнің сыныптасы, кәсіпкер Сембай Сағынғалиев қомақты қаржы беретінін айтты. Мұны естігенде қуанышымызда шек болмады. Бұл азамат қызымыздың барлық шығынын көтерді. Алла сәтін салып, емдеу ісі өз нәтижесін бере бастады. Балапанымыздың саулығы шүкірленіп келе жатқаны әуелі Алланың, одан кейін Сембай ініміздің көмегі екенін білеміз және оған әрқашан тілектес болып, мықты денсаулық сұраймыз.

IMG-20180824-WA0022

Бәріміз Қарабау ауылынан шыққандықтан, Сембайды, оның отбасын өте жақсы танимыз. Ата-анамыз көрші болды. Әке-анамыз әкім-қара емес, нағыз қаратабан карапайым еңбек адамдары еді. Олар бізді еңбекті сүюге, адал нан тауып жеуге, қиянат жасамауға, керісінше жарты құртты жарып жеп қайырымды адам болуға үйретті. Сондай өнегелі отбасынан шыққан Сембай ініміздің бұл сияқты Атымтай жомарттығына тәнті болудамыз және тек біз емес, көп адамдардьң ыстық лебізін естіп жүрміз. Ләйім ұзағынан болғай!

IMG-20180824-WA0021

...Қарабау мен Атыраудың арасында жазда төрт-бес сағатқа, қыста алты-жеті сағатқа созылатын қара жолдар бар. Соларда аптап ыстықта көлеңке етер, қыста қалың боранда ық етер пана-шатыр болмайтын.

IMG-20180824-WA0019

Бул - бір қарағанда ұсақ нәрсе боп көрінгенмен, ұзақ жолдың жолаушысы үшін ең бірінші қажеттілік. Осы уақытқа дейін жүздеген жыл өткен шығар, бірақ жолды осылай қолайлы ету ешкімнің ойына келмеді, келсе де істемеді. Сол себепті Сембай Ахметұлына барша жолаушы атынан ризашылығымызды білдіреміз. Осы жолмен жүріп, осы аялдамада демалған әр адам Сіздің есімізді құрметпен айтады, ізгі тілегін арнаумен болады. Мүмкін болашақта осы жол Сембай жолы аталатын шығар... Біз мұны қуана құптаймыз.

 

Ұлмерек Айтжанқызы, ҚР Халыкка Білім беру ісінің Үздігі

 

«Атырау» газетінің 2018 жыл 20 ақпан