ХІХ-ХХ ғ.ғ. өмір сүрген белгілі орыс саяхатшысы В.П.Семенов-Тянь-Шаньскийдің ескі Қызылқоға мекені жөніндегі жазбасынан үзінді:
Тайсойған құмындағы Ойыл өзенінің оңтүстік бөлігінде Жыңғылды (Жергілікті халықтың аузында Жарыпшыққан атауымен белгілі) өзені ағады. Оның бойында Жұма-Базар деп аталатын шағын қоныс жатыр. Жұма-Базар 1895 жылы құрылған және жұма күндері базар болып, саудагерлердің уақытша бөлмелері болатын пункт болып қызмет еткен. Қазіргі уақытта ол кең, тік бұрышпен иілген көшеден тұрады. Орыстар мен татарлар сауда жасайтын дүкендерде барлық қажетті заттарды және қазақ халқының арнайы ұлттық шапандары, ішіктері және т.б. көптеген тауарларын алуға болады. Соңғы жылдары бұл жерде сапасы бойынша Ойылдан кем емес қарбыз егіле бастады. Ауылдың жанында Қызыл үй атауымен белгілі қазақтардың қыстағы мен фельдшерлік пункті орналасқан. Ол жерде халыққа медициналық көмек көрсетіледі.
Жаманқұдық артында Саспан құдығы орналасқан. Саспаннан шыққан үлкен жол Ойыл өзеніне жақындап Бүйрек құмынан өтеді. Бұл жерде Түркібай құдығы бар. Бүйректен оңтүстікке қарай Ойылдың төменгі жағында құмда Мәтен мұнай көзі орналасқан. Бұл жер ХІХ ғ. бірінші жартысында өмір сүрген Мәтен молданың есімімен аталады. Ол қазақтарға мұнайды емдік мақсатта пайдалануды үйретті.
Дереккөз: Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Киргизский край. Подь редакции В. П. Семенова-Тянь-Шаньский . Санкт-Петербургь. Издание Д. Ф. Девреенд. 1903 жыл. 316-317 бет³.
Фотосурет: Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Киргизский край. Подь редакции В. П. Семенова-Тянь-Шаньский . Санкт-Петербургь. Издание Д. Ф. Девреенд. 1903 жыл. 166-бет³ª
Дерек орыс тілінен аударылды
Сейілхан МИРАШ, тарих магистрі, өлкетанушы