Таңдай маңындағы Жангелді кесенесі кімге тиесілі?!

Таңдай маңындағы Жангелді кесенесі кімге тиесілі?!

     Жангелді бейіті дейді жергілікті халық.  Бірақ Жангелдінің кім екенін білмейтін де болар. Жақын жерде болса да мен де енді ғана оқыдым. Бір құлпытасын жеті құлпытас оқығандай ұзақ оқыдым. Өйткені, 7 адамның есімдері бар екен.  
   Таңдай ауылынан оңт-батысқа 13 км жерде жол жиегінде орналасқан. Бала кезде әкеммен Таңдай арқылы Аққыстауға бара жатып дәл осы бейіттің қасында бұзылып қалғанымыз есіме түсті. Сонда, мен оны "әулие болар, бет сипамағасын бұзылып қалған болармыз" деп ойлағанмын. Әрине, бұл жәй ғана сәйкестік.

20240812_161818
   Құлпытастағы жазудан белгілі болғандай бұл құлпытас кейін қойылған екен. Сонымен бұл кесене Тама руының Жангелді деген адамның және оның балалары мен ағайындарының жерленген жері екені нақтыланды. 
   Өкінішке орай Тама руының құлпытастарын іздеп қызығушылық танытып хабарласатын адамдар мүлдем аз десе болады. Сондықтан да болар бұл құлпының күні-бүгінге дейін оқылмай келгені. Өйткені, егер біреу өз руы бойынша сұрамаса, сол сұралмай жүрген рудың құлпытасын оқуға шабыт келмейтіні рас.
   Бұл тастарды оқып жариялаған себебім, біріншіден ел білсін деп, екіншіден - алдағы уақытта өзімнің блокнот кітапшам ретінде осы жерде сақталып тұрсын деп. Кітап жазып жатырсақ осы жерден алып, кітапқа енгізу үшін. 

1-ші құлпытас: 
Тама руы, Аташал Қабылас Көкі аймағы, Жангелді Өтеген баласы опат 97 жасында 1887 жылда, Абылхасым Шөкей баласы опат 14 жасында 1887 жылда, Балқия Шөкей халалы Орынбайқызы опат 55 жасында 1894 жылда, Дүйсенғали Шөкейұлы опат 18 жасында 1893 (?) жылда, Сәмет Жангелді баласы опат 54 жасында 1888 жылда, Жангелді баласы Дүйсен (?) опат 73 жасында 1897 жылда, Рахила Есенғали халалы Қожантай қызы опат 17 жасында 1911 жылда үшбу тасты жаздырды ... Қожа Шөкі мырза жазғызды Қарағұл молла, жазылды 1913 жылда.

20240812_161703

2-ші құлпытас: 
Тама руы Көкі тайпасы Аташал бөлімі, Шөкі Жангелдіұлы опат ...

20240812_161746

Ф. Байдәулетов