1. Мен ұмытып кетіппін. Әйтмәмбет батыр қалмақтардың осы баланың атына арнап мұсылман мешітін салып жатқанын және ол жерде қалмақтарды қырылудан аман алып қалған қазақ батыры туралы мадақ сөз жазылатыны, ол мешітті көргенін, баланың аты мәңгілікке тасқа басылатыны туралы Пыштанай батыр естіп, өлерінде «оған да шүкір», деп өтіпті дүниеден.
2. Картада қалмақ пен қазақ арасын Ұлы Еділ өзені бөліп тұр екен!
3. Бұрын ені 3 шақырымға дейін жететін Еділ өзені арқылы өтетін көпір де, тайыз өткел де болмаған. Демек, Пыштанай батыр қалмақты жоқ қылуға жасақтаған 200 мыңдық жер қайысқан қолды мұз арқылы өткізу үшін мұздың әбден қалыңдаған уақытын күтуі керек еді. Сондықтан олар мұздан 1793 жылдың 15 қаңтарында өтті деп шамалауға болар еді.
4. Картадағы Цаган-Аман тұсындағы Еділдің тарылған жеріндегі ені 944 м екен. Мұз өткел де, Пыштанай батырдың қайтыс болған шатыры да осы шамада болған шығар.
5. Әйтмәмбет батыр қалмақтарды тірі қалдырып, қайтып кері өткенде де мұз ери қоймаған уақыт болған шығар. Оны шамамен 1793 жылдың ақпанының аяқ жағында деп шамалауға болады. Мұздан кері өтіп, әскерін түгендеп, ес жиып, әкесінің шатырына жеткенше сәуірдің ортасы да болып қалар-ау! Сонымен батырдың қайтқан уақытын 1793 жылдың 15 сәуірі деп жорамалдауға болады.
6. Пыштанай батыр қайтқан жер мен Тайсойған құмындағы «Беріштам» деген жерден тіке тартқанда 476 шақырым, жолдағы жыралар, сайлар, Нарын, Мәмбет құмдарын басып өтетінін, өзендердегі өткелдерге бұрылғанын, мініс көліктерін суаратын құдықтарға бұрылғанын ескерсек, онда қашықтық 600 шақырымға дейін ұзаруы мүмкін. Әсіресе Мәмбет құмында тіпті салт атты жолаушының қатты жүру тіптен мүмкін емес. Сондықтан батырды бір таудың тастары бар жерде жерленгені шындыққа жуысуы мүмкін.
7. Ортадағы Нарын құмын айналып өтетін болса, онда қаралы көш Батыс Қазақстандағы шалғынды жазық даламен және Орал тауының етегіндегі қазіргі Қаратөбе мен Қарауылтөбе арасындағы сулы-нулы жерлермен өтетін болады.
8. Батырдың қабірі Қарауылтөбе маңындағы үлкен тастардан үйілген қорғанның астында болуы керек. Ол да бір төбе шығар. Мүмкін Қарауылтөбенің аты бұрын басқаша болып, Пыштанайдың жасағы біраз жыл күзет ұйымдастырғаннан кейін, аты Қарауылтөбеге айналған шығар. Іздеп көрсе нағыз өлкетануға арналған туристік жол шығатын шығар.
9. Тоқалдан туған 3 баланың есімі шежіреде бар. Ал қалмақтың 40 балуанын жеңіп, тарихта аты алтын әріппен жазылуға тиісті Пыштанайдың кенже ұлының аты ешкімнің есінде қалмапты. Не деген өкінішті жағдай. Ол батырды да тірілту керек! Міндетті түрде Калмыкияға сапар жасап, әлгі мешітті тауып, сол жазуды оқу керек. Мүмкін оның аты сол жерде жазылған шығар. Қалмақ қыздан туған соң, ол қалмақ ішінде олардың ұрпағы болып есептелетін шығар. Қалмақтарды қырылудан аман алып қалған қазақ батыры туралы аңыз олардың ауыз әдебиетінде сақталуы тиіс қой! Тыңғылықты зерттеу керек ететін мәселе!
Зейнеткер, Құрметті құрылысшы, техника ғылымдарының кандидаты Каюпов Табылды, 8-701-522-06-78, tabyldy.k@mail.ru