КОРДУАН ШІРКЕУІ

КОРДУАН ШІРКЕУІ

       Шіркеу орналасқан жерде ХІХ ғ. І-жартысында Кордуан ауылы пайда болған. Бұл аймақ Қиғаш өзенінің жағалауы болып табылады. Ауылдың атауы оның маңында орналасқан «Кардуан» тұзды көліне байланысты шыққан екен. Академик П.С.Палластың айтуынша Кардуан атауы татардың «қар» және «дуан» сөздерінен пайда болған. Аудармасы «қар» «еру» мағынасын береді. Яғни, ол орналасқан далалық жер кұмды болғандықтан, жауған қар тез ерiп кететіндіктен осылай аталған. XlX ғ. ІІ-жартысындағы Астрахань губерниясындағы елді мекендер тізімінде ауыл жанында Кордуан атауымен казактардын эскери кордоны мен қарауыл күркесі де болды.

авторлық фотоға 2-1        Кордуанға қатысты алғашқы халық санағы 1859 ж. жүргізіліп, ол бойынша ауылдағы ЗО үйдегі адамдардың саны 241-ді құраған. Ауылдың жер көлемі 4112 десятинаға жетіп, тұрғындар иелігінде 255 жылқы, 295 іpі қара, 200 қой, 85 шошқа өсірілген.

      Ауыл халқын «кіші ресейліктер», яғни қазіргі Украина жерінен көшіп келген шығыс славяндар құраған. Олар тұз өндірумен қатар, мал шаруашылығы және балықшылықпен айналысқан. Ауылда 1 нан сататын және 1 шағын сауда дүкені жұмыс жасаған.

      Кордуанда шіркеудің қашан салынғаны жөнінде дерек жоқ, бірақ 1913 жылдан бастап ауылда шіркеу жанындағы мектеп жұмыс жасай бастапты.

      Бүгінгі күні Кордуан ауылының маңында Құрманғазы ауданындағы Дина Нұрпейісова атындағы разъезд орналасқан.

авторлық фотоға 2-3 авторлық фотоға 2-2

Теги история Атырау