Жолайшағыл қабірінен табылған ханым сарматтардың көсемі, ақсүйегі, абызы болған. Қабірдің байлығының жартысы ғана жетіп отыр. Соның өзінде оның қандай сән салтанатпен жерленгенін білуге болады. Оны асқан салтанатпен, алтынмен, асыл тастан жасалған зергерлік бұйымдармен, тұрмыстық және қару-жарақпен жерлеген. Қазба кезінде сарматтық дәуірге жататын жартылай тоналаған «Алтын ханымының» қабірі ашылды.
Сарматтық ескерткіштердің көбісі тоналған. Жолайшағыл қабірі тоналмай жетіп отыр. Тонаушылар үшін құмтөбелі қабірлерді табу қиын болған. Бұның өзі оның сақталуына себеп болған.
Жолайшағыл құмтөбелі қабірі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы маңындағы құмшағылда орналасқан. Қабірдің құрлысы қандай болғаны белгісіз. Қабір аумағының диаметрі 1,5 м, құм қалыңдығы 1,5 м. Қабір құмшағылдың оңтүстік беткейінде жел ашқан алаңқайда орналасқан. Құм үстінде шашылған адам мен мал сүйектері жатыр. Адам қаңқаларынан: жақ, бас, саусақ, қол, аяқ, қабырға сүйектері бар. Оның арасында малдың әр түрлі сүйек сынықтары араласып жатыр. Құм қабірі 30 см., тереңдіке дейін қазылды.
Қабірдің дәл орны Қарабау ауылынан солтүстікте 3 шақырым жердегі Жолайшағыл құмындағы жел ашқан «қабір». Географиялық координаты: N 98. 28 .810. ЕО 52. 56. 725. Бұл нысан сармат кезеңіндегі «Құмтөбелі қабір» болған. Жолайшағыл құмының көлемі 300 х 200 метр, биіктігі 3-5 метр, солтүстіктен – оңтүстікке созылып жатыр. Қатты жел соққанда жергілікті тұрғындар алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар мен құмыралар тауып алады.
Қабірден қос тұтқалы амфора, 1 қыш көзе, алтын алқа, алтын сақина, ақық моншақ, зергерлік бұйымдар алынды. Бұл заттардың бастапқы тұрған орнынан белгісіз.
Құм астындағы заттар өте жақсы сақталған. Құм үймекті тазарту барысында, солтүстік тұсынан өте жақсы сақталған 1 көзе табылды. Ол тігінен қойылған, оның сырты қара түспен боялған, жылтыратылған, шарықта жасалған.
Қабірден ұзындығы 1 метр семсер мен ондаған қола жебе ұштары табылды. Бұл сарматық ханым тек абыз ғана емес, ол жауынгер де болғанын білдіреді.
Құм арасынан жүздеген майда моншақтар, алтыннан, темірден жасалған заттар, адам және мал сүйектері кездеседі. Қос самұрық құсы бейнеленген алтын алқа және (екі айдахар басы салынған алтын «гривен») табылуы «жолайшағыл ханымының» қоғамдағы дәрежесінің жоғары болғанын көрсетеді.
Cармат әйелдерінің ерекшелігі қоғамдық істерге белсенді араласып, әскери қимылдарға қатысқан. Сарматтардың патшалық обаларының көпшілігі әйелдердікі болып келеді. Сармат әйелдері қоғамда ерекше орын алғаны белгілі.
Сармат тұрақтары, обалары, Батыс Қазақстан жерінде жүздеп саналады. Сарматтардың өз заманында сән-салтанатты, қайталанбас мәдениетті, саяси-қоғамдық орны бар, ел болған. Өз отанында олардың төл мәдениеті дамып, өнер мен мәдениеттің жоғарғы сатысына жетті. Олардың мәдениеті-көшіп-қону, сауда-саттық, соғыс-жорықтары арқылы Евразия, Қаратеңіз маңындағы елдерге тарады.
Сарматтар б.з.б. VІІ ғасырдан б.з. ІV ғасырына дейін Шығыс Европадан Арал-Каспий далаларын дейінгі жерді мекендеген. Сармат қоғамында әйелдер өте құрметті орын алған. Ақсүйек әйелдер патша, қолбасшы және абыздың міндетін де атқарып отырған. Құрбандық шалатын тас ыдыстар көбінесе әйелдер қабірінде ғана кездеседі. Сарматтық құрбандық тас бұйымдар екі, үш, төрт аяқты болып өте тамаша өңделіп жасалған. Олар діни салт кезіндегі қозғалмалы альтар есебінде пайдаланылған. Сарматтарда матриархат жақсы қалыптасып, әйелдер үй-ішін сақтаушы ретінде артықшылық жағдайда болды [1,с.109-110].
Ғалымдар сарматарда рулық қатнасы әйелдерден тарайтынын көрсеткен. Рулық қабірлер алғаш жерленген әйелдер қабірінің маңына шоғырланды.
Сол замандағы грек деректерінде сақ әйелдері туралы көптеген жазбалар бар. Грек жазушысы Кияутс сақ әйелдері туралы былай дейді: «Сақ әйелдері нағыз батырлар, олар соғыстың қиын сәттерінде ерлермен бірге қасап қырғынға кіріп кетеді».
Ал, Алимарт Александр: «Мен соғыста ерлерден кем түспейтін массагет әйелдерін, құдды ерлердей садақты сарната толғайтын өзге сақ әйелдерін жақсы білемін» - деп жазады [ 2, C.25].
Савромат-сармат әйелдерінің қоғамдағы белсенділігі, олардың жауынгерлік ерліктері, ежелгі грек аңыздарында айтылатын жұмбақ «амозонкалардың» шығуына себепкер болды [3] .
Амозонка - (от греч. а нет, mazos – грудь) - деген сөз. Кеудесіз деген мағанада айтылады. Амозонкалар ұлдарды өлтіріп, тек қыздарды ғана асыраған, оң жақ анарларын күйдіріп тастайды, жауын өлтірмейінше күйеуге шықпайды деген т.б, аңыздар тараған.
Жалған Гиппократ жазбаларында: «Сармат әйелдері салт атты, садақ атып, сойыл соғады, әйелдердің оң жақ кеудесіндегі анарларын кесіп алып тастайды, одан күш пен өмір шырыны оң жақ қолы мен иықа беріліп, еректердей күшке ие болады» - деген.
Гередотың амазонкалар туралы көптеген жазбалары бар: «…ездять верхом на охоту с мужьями и без них, выходять на войну и носять одинаковую смужчинами одежду… Ни одна девушка не выходить замуж, пока не убьеть врага» - деген.
Геродоттың келесі шығармасында: -«О совроматах же рассказывают следующее. Когда эллины сразились с амозонками (скифы называют амозонок ойорпата, что на греческом языке (означает) «мужеубийца», так как мужа они называют «ойор», а «пата» означает «убивать»), тогда, по преданию, эллины, победив в битве при Фермодонте, отплыли, везя на трех короблях столько амозонок, сколько могли взять в плен, а те перебили мужей, напав в море. С кораблями же они не были знакомы, не знали, как пользоваться кормилом, парусами, и не умели грести; и после того, как они, напав в море, перебили мужей, их носило волнами и ветром. И прибывають они к берегам Меотийского озера к Кремном. А Кремны находятся на земле свободных скифов. Здесь, сойдя с кораблей, амозонки достигли обитаемой земли. Встретив первый же табун лошадей, они похитили его и верхом на лошадях начали грабить страну скифов» - деп амазонкалардың шығыу тарихын жазған [4].
Скифтер алғаш бұл тайпаларды бұрын соңды көрмегендіктен олар қайдан шықанын, қайдан келгенін білмеді. Жас жауынгерлер деп жүрген жауларының өліктері жас әйелдер болып шықандықтан, олардың әйелдерден жасақталған жауынгерлер екенін білді. Скифтер ақылдаса келе, олармен соғыспай, олардың қосына жас жігітерді жіберіп олармен қатнас орнатуды тапсырады.
Амзонкалар мен жігіттер қатнасып, өз ара жанұя құра бастайды. Бірақ амазонкалар олардың әйелдеріндей өмір сүре алмайтынын, үй шаруасымен айналыса алмайтынын, олрдың елімен соғысқанын және тонаушылықа ұшыратқанын айтып жігітер елімен қатынаспайды.
Амазонкалар жігіт еліне барудан бас тартып, жігіттерді өз еншілерін алып, өздерімен бірге жаңа жерге көшуге көндіреді. Жігітер өздеріне тиеселі мүліктерін алып әйелдерімен бірге Танис (Дон) өзенінен өтіп жаңа мекенге қоныстанады.
Ол туралы Геродот жазған: - «Перейдя Танис, они прошли к востоку на расстояние трех дней (пути) от озера Меотиды в направлении северного ветра. Прибыв в ту местность, в которой они теперь обитают, они заселили ее. И с того времени жены савроматов придерживаются древнего образа жизни, выезжая на охоту на лошадях и вместе с мужьями, и отдельно от мужей; они так же ходят на войну и носять ту же одежду, что и мужья» [5].
Амозонкалардың шығуы туралы Дионисий Периэгет б.э. ІІ ғ. жазған: «Вблизи Меотийского озера живут сами меоты и савроматские племена, славный род воинственного Ареса; они произошли от могучей любви амазонок, которой они соединились некогда с савроматскими людьми».
Ежелгі грек жазушысы б.э.д. ІІ ғ. Полиен - б.э.д. ІІІ ғ. сармат әйел патшасы Амаганың әскери жорығы туралы жазған: - «...что воины ее отряда имели при себе двух сменных лошадей и таким образом смогли переодолеть расстояние в 1200 стадий» [6].
Оның, «Военные хитрости» еңбегінде Меотид (Азов теңізі) жағалуындағы Синдики және меот тайплары туралы қызықты деректер келтіреді. Ол, меот әйел көсемі Тиргато туралы және Меотар мен сарматардың Боспорлық патша Сатира мен Гекатею Синдикке қарсы соғысы мен жеңіс туралы жазған.
Амазонкалық аңыздың шығуына сарматарды басқарған көсемдердің әйелдер болуынан шықан. Ал, жапай әйелдерден тұратын тайпалар болуы мүнкін емес. Жекелеген арнаулы әскери бөлімшелер әйелдерден жасақталып олар соғыстарға қатысқан. Сонымен бірге олар салтанаты шерулерге қатысып, арнайы жасақтар қызметін атқарып отырған. Бұндай бөлімшелер «амозонка» туралы аңыздың шығуына себеп болған.
Кеңес тарихшысы М.О.Косвен - «Амозонки: История легенды» - атты еңбегінде, жалпы әйелдерден тұратын тайпалар, болуы мүңкін емес екенін, «амазонкалар» ежелгі тарихшылардың қиялынан туған аңыз дейді [7].
Батыс Қазақстан аймағын сақ-скиф тайпаларына туыстас савромат-сармат тайпалары мекендеген. Ойыл, Жем, Еділ, Жайық, Сағыз өңірлерінде, Каспий ойпатында б.з.б. VІ-ІV ғасырларда, ұланғайыр территорияда мәдениеті мен этникалық жағынан туыс тайпа топтары мекендеген. Олардың шартты түрде самара-жайықтық деп аталатын тайпалық тобы, Қазақстанның батыс аудандарында өмір сүрген.
«Сарматия» терминін алғаш пайдаланған Помпони Мела болды (ІІІ,33). Ол, шамамен 43 жылдары яксамат әйелдері туралы «на войне выглядят как мужчины» деп жазды.
Тайпалардың орналасуы әлі толық зерттелмеген. Қазақстанның батыс аудандарының ескерткіштері орталығы Солтүстік Каспий маңында болған, аттары б.з.б. ІІ ғасырда Грек-рим тарихшыларына жақсы мәлім аорстар мен роксоландардың арғы аталарына тән болуы керек деген болжам бар.
Грек-рим жазба деректемелерінің көптеген мәліметтері б.з.б. ІІ ғасырда Скифияның негізгі жерлерін жаулап алуы туралы айтылады. Сарматтар өте ұзақ уақыт бойы, тіпті б.з. ІV ғасырдың аяғындағы ғұндар шапқыншылығына дейін болған.
Қорытындылай келгенде Сарматтар амазонкалары тарихта әлі жүйелі зерттелмеген бір сала. Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарының территориясындағы әуелгі темір дәуірінің бізге белгілі ескерткіштерінің бәрі екі тарихи кезеңге – б.з.б. VІІ-V және ІV-ІІ ғасырларға жатады.
Сонау б.з.б. VІІІ ғасырдан б.з. ІV ғасырына дейін Батыс Қазақстан, Каспий ойпатында өзінің төл мәдениетін қалыптастырған савромат-сармат тайпаларының тарихы келешекте зерттеле бермек. Сонымен бірге Каспий ойпатындағы сарматтардың «Құмтөбелі қабірлері» өзінің ерекшелігімен бөлінеді. Кезінде құнарлы, нулы, сулы алқапты савромат-сарматтар мекендеп, өздерінің мыңдаған ескерткіштерін қалдырған. Савромат-сарматтар Батыс Қазақстан жерін б.з.б. VІІ-І ғасырларда мекендеген.
Қорыта келгенде Жолай шағыл құмтөбелі қабірі Сарматтың дәуірінің көсем ханымы обасы. Сонымем бірге оның мойынындағы (айдахар басы бар алтын гривен) және екі самұрық салынған алтын алқа, ақықтан жасалған моншақ ханымның сол кездегі қоғамдағы дәрежісін жоғары болғанын көрсетеді.
Касенова Г.А.
Әдебиеттер
1. Граков Б.Н. Пережитки матриархата у сарматов.–ВДИ,№3,1947; C.109-110.
2. Су Бэйхай. Сақтар мәдениеті.// Қазақ мәдениетінің тарихы. Алматы,1990. 25 бет.
3. Мифы народов мира. Энциклопедия. (В 2 томах). Гл. ред. С.А. Токарев. –
М., «Советская энциклопедия», 1980. Т.І. С.63-65.
4. Геродот. ІV.110.
5. Геродот. ІV. 116.
6. Полиен. VІІІ. 56.
7. Косвен М.О. Амозонки: История легенды. // Советская этнография.
1947, № 2-3.
Қазақ ескерткіштану мәселелерінің 2-ші Симпозиум материалдарынан:
Атырау, 2-4 қараша. Атырау: «Ағатай», 2014. - 202 б.