Бегістің Марабайымен аталатын Құлкештер қауымы

Бегістің Марабайымен аталатын Құлкештер қауымы

        Атырау обл Махамбет ауданы Алға ауылы маңында. Қорымның аталуы — Марабай. Қорымда ескі жазумен жазылған ХІХ ғ. тән 25-тей құлпытас бар. Оның біреуі Бегіс руынікі, тағы біреуі Адай, қалғандары Құлкештер екен. Кеше Сәтқали аға екеуміз барып барлығын қазақшаға аударып, қағазға  түсірдік. 
    Жергілікті халық қорымды Беріштің Құлкеш аталығының рулық қауымы деп біледі. Құлкештің Бөске және Қарқара бөлімдерінің ескі бейіттері шоғырланған. Алайда, қорым аталуы Беріш Бегістің Марабай деген адамының есімімен аталған. Бұл жерде 1848 жылы қойылған Марабайдың да құлпытасы бар екен. Өзге де құлпытастарды оқи келе, қорымдағы ең алғаш қойылған осы Марабайдың құлпытасы болды. Сондықтан да, күні-бүгінге дейін Марабай аталып келеді. 
    Негізінен, Марабай Бегістің Наурыз бөлімінен тарайды. Атасы, Түменбайдың жерленген жері мен қауымы Жарсуаттан шығысқа 16 км жерде. Марабай күзгі уақытта жазғы жайлаудан көшер кезінде өмірден өтіп, ауа-райы күрт бұзылуына байланысты тұрақты мекеніне жеткізе алмай осы жерде жерленген делінеді. 
   Құлпытасында: Беріш руы Бегіс тайпасы Марабай Жандыәліұлы опат 45 жасында 1848 жылда мұхарамның 11-ші күні бұ тасты қойды Баймырза қылдырды Әлімқа. Астында таңба.

20240823_185101
   Тағы бір айтатын нәрсе, қорымның орталығына бұрынғы аталарына қызыл кірпіштен жаңадан кесене тәрізді ескерткіш белгілер орнатыпты. Алдыңғы жағында арабша әріпте ескі құлпытасы бар екен. Салынған кесенені бұл құлпытаспен байланыстыра салды ма, әлде жоқ па білмедім. Бірақ, алдындағы құлпытастың мәтіні кесенеде жазылған адам есімдеріне мүлдем соқпайды. 

20240823_185341
    Ол жердегі құлпытаста: Беріш руының Құлкеш тайпасы Жастемірәлі Табын (немесе Жастемір Табынәлі) ... опат 85 ... 1885 сәнәдә - деп жазылған екен.

20240823_185352
  Өзге де құлпытастардың аудармаларын Сәтқали ағадан біле аласыздар.

 

Ф.Байдәулетов