Жақында "Тайсойған" сайтына Қызылқоға ауданы Былқылдақты елді-мекені маңындағы «Қырғынтөбе» төбесіндегі Дулатмола қорымындағы ең ескі құлпытас жөнінде жариялаған болатынмын. Құлпытастың жазуы анық болмаса да саны мен таңбасы сақталған екен. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша бұл жерде Асан Қайғының баласы Дулаттың жерленгендігі туралы ақпарат келтіріледі.
Енді міне, жақын арада Нарын құмының Хан Ордасы жағына қарай жерде Ноғайлардың ескі құлпытастарындағы таңбаны осы Дулатмоладағы ескі құлпытастың таңбасына ұқсастырдым.
Бұдан не айтқым келді?! Асан Қайғының Ноғайлының тумасы екені рас болса, онда Қырғынтөбеде Асан Қайғының ұрпақтары жерленгендігі шындыққа жанасуы мүмкін.
Нарындағы құлпытастағы жазу: Ноғай руы Қазанқұлақ тайпасы Телқара Исмағұлұлы опат 18 жасында 1826 сәнада саратанның 17-сінде екінші күні.
Ф.Байдәулетов,
Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы.