ТАРИХ. ӨЛКЕТАНУ

ХАЛЕЛДІҢ ІЗІМЕН (Ставка туралы сыр)

   Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі, дәрігер, ұстаз, ғалым Халел Досмұхамедов мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын. Ол – саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.

ДӘСТҮРЛІ АҚСАҚАЛДАР ИНСТИТУТЫ

 Дәстүрлі қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылымдары жүйесіндегі әлеуметтік институттарының бірі – ақсақалдар институты болып табылады. Ұлттық рухани-парасаттылық құндылықтарын сақтап-сабақтастырып отыратын ақсақалдардың қоғамдағы беделі мен рөліне негізделген патриархалды жанұя ұлттық сананы орнықтыруда ерекше маңызды болған.

ТАРИХҚА ҚИЯНАТ ЖҮРМЕЙДІ

«Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты Мемлекеттік бағдарлама тарихымызды қайта зерделеуімізді міндет етіп отыр. Сол себепті бұрын-соңды жарияланған тарихи оқиғалар бүгінгі күннің талабымен қайтадан зерттелу үстінде. Дегенмен, жаңадан жарық көрген ізденістерде бірқатар тарихи фактілер бұрмаланып шындықтың орнына жалған ақпарат тарағанын айта кету керек. Бұған негізгі себеп «Атырау» газеті мен «Прикаспийская коммуна» газетінде жарық көрген екі мақала еді. (Біз сайтымызда «Атырау» газетінде шыққан бұл мақаланы жариялаған болатынбыз). Бұл бұрмалау тарихқа әдейі жасалған қиянат па әлде тарихты жете білмеудің себебі ме? Мұны оқырмандардың өзі бағаласын деген оймен БАҚ-та жарияланған осы мақалаларды қайтадан жариялап отырмыз.

 

1942 ЖЫЛЫ САЛЫНҒАН МАҚАТ-НАРМОНДАНАҚ МҰНАЙ ҚҰБЫРЫ
Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнайға деген сұраныс артты. Осыған орай, Ембі ауданында кәсіпшіліктердің арасын жалғайтын ішкі мұнай құбырын салу қажет болды.1942 жылы ұзындығы 47,6 км,ені (диаметрі)  219/250 мм болатын Комсомольск-Мақат мұнай құбыры мен мұнай айдау стансасын салды.
ҚАТЕ МӘЛІМЕТ

«Атырау» газетінің биылғы (2018 –ред.)  жылдың № 48 санында Г. Ниетқалиеваның «Тарихи факті неге бұрмаланады?» атты мақаласы жарияланды. Осы мақалада З.Е.Қабылдинов, Ж.Н.Қалиев, А.Т.Бейсембаеваның авторлығымен 2018 жылы «Атамұра баспасынан шыққан 8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығына енгізілген Т.Окуневаның «Кіші жүз қазақтарының көтерілісі» атты картасында Махамбет Өтемісулы «Жем езені бойында қазаға ұшырады» деп көрсетілгендігі және мұның республикамыздағы барлық 8-ші сынып оқушылары үшін қате тұсінік екеңдігі сыни тұрғыдан дұрыс жазылған.

«Гурьев-Астрахан» теміржолының құрылысы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетіңің 1942 жылғы 7 қыркүйектегі № 2257 шешімі мен Жол байланысы Халық Комиссариатының 14 қыркүйектегі № С-943Ц бұйрығы негізінде басталған болатын.
КАСПИЙ ТЕҢІЗІ МҰНАЙ ТАСЫМАЛЫ
1963 жылы 1 қазанда КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес теңіз порты КСРО машинақұрылысы министрлігінен КСРО теңіз флоты министрлігіне берілді. Бұл күн Ақтау теңіз портының құрылған күні деп саналады.
МӘРТЕБЕСІ  АРТҚАН МҰНАЙШЫЛАР
Кешегі жаһанды жалмай жаздаған екінші дүниежүзілік соғыс біздің Қазақстан азаматтарын да алапат қырғынға араласудан тыс қалдырған жоқ. Бір миллионнан астам жерлесіміз қолдарына қару алып, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатынасып, сол кездегі ортақ Отанымыз болған – Кеңес Одағын қорғады.