САҒЫЗ МҰНАЙ ӨНДІРУ КӘСІПШІЛІГІ

САҒЫЗ МҰНАЙ  ӨНДІРУ КӘСІПШІЛІГІ

2016 жылы «Ағатай» баспасынан «Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі» атты кітабы жарық көрген. Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова.  Шығарма 1937-1987 жылдар аралығында қазақ мұнайының тарихында өзіндік із қалдырған Сағыз мұнай кәсіпшілігінің тарихы туралы. Мұнда тарихты зер-делеу де, өткенге сағыныш та, ескірмейтін естелік те, болашаққа сенім де бар. Кітап авторлары кеше, бүгін, ертеңнің сабақтастығы, дәстүр жалғастығы тақырыбында да ой сабақтайды. Мұнайлы Ембінің тарихының бір парағы Сағыз мұнай кәсіпшілігі еңбеккерлерінің ұрпағының бүгінгі өмірінен де мәліметтер берілген. Кітап жалпы оқырманға арналған. Кітаптың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз

Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі. Кітап._1

 

Құрметті оқырмандар!

  Осы кітаптың жарыққа шығуына зор үлес қосқан Жұмабек Сағынғалиұлы Кенжеғалиев, Ермек Мырзашұлы, Мәрияш Балтабайқызы Сәтимова сияқты ауылдастарымның еңбектерін Сіздерге айырықша атап көрсеткім келеді. Жұмабек Сағынғалиұлы мен Мәрияш Балтабайқызы осы кітапқа қажетті материалдарды, ескілікті суреттерді, ардагерлердің естеліктерін, ауылдың қызықты әңгімелерін ... мұрағаттардан, ауылдастардан ерінбей-жалықпай, табандылықпен еңбектеніп жинастырса, Ермек Мырзашұлы кітаптың жарыққа шығуына, ауылдастардың қолына тиюіне демеушілік жасап, келер ұрпаққа үлгі боларлықтай туған ауылына деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп патриоттық танытты. Осы аталған үш азамат тек кітап шығару ісіне ғана емес, үлкен ауқымды қамтитын туған ауылымызды мәңгілік есте қалдыру кешенді жобасының барлық салаларына білек сыбана кірісіп, зор ұйымдастырушық қырларынан көріне білді. Бұл азаматтардың еңбегіне ел риза.

Орыны жоғалып кеткен ауылымызды елдің жадында жаңғыртып, елге еңбегі сіңген ардагерлерімізді ұлағаттап, басқаларға үлгі боларлықтай патриоттық танытқаны үшін еліміздің әр қиырында жүрген Сағыздықтардың және жоба жетекшісі ретінде жеке өз атымнан Жұмабек Сағынғалиұлына, Ермек Мырзашұлына,  Мәрияш Балтабайқызына алғыс айтамын. Дендеріне саулық, отбастарына амандық, жұмыстарына жеміс тілейміз!!!

   Елдің алғысына бөлене беріңдер деген игі тілекпен аздаған алғы сөзімді аяқтаймын.

«Сағыз ауылын мәңгі есте қалдыру» идеясының авторы,

жоба жетекшісі Бисенбай Бисенғалиев(Бәкөн әл-Сағыз).

 

 

Теги Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі