ӨРТ СӨНДІРУШІ

ӨРТ СӨНДІРУШІ

Өрт сөндіруші мамандығында «кездейсоқ адамдарды» табу өте қиын. Бұл жай ғана жұмыс емес. Бұл нағыз «Өрт сөндіру достығы», сондай-ақ – үлкен жанұя. Құтқарушылар-нағыз қаһармандар, кез –келген жағдайда адам өмірін құтқаруға дайын.

Олардың қызметі оңай емес, батылдықты, өжеттілікті қажет етеді. Бұл мамандық- өзгенің өмірін ажалдан арашалау үшін кейде өзінің өмірінде құрбан ететін мамандық. Сондықтан «өрт сөндіру қызметі» ішінара ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырады, яғни әкеден балаға, анадан қызына, атадан немереге.

CKQA0117

Күнделікті өмірде айналадағы жақындарың  ерлік жасап жүргенде осындай батыл мамандықты таңдамау мүмкін емес. Сол үшінде өрт сөндірушілер  әулеті өзге мамандықты таңдауды ойламайды.  Бұл адамдар  өздерінің таңдаған мамандықтарына және өздерінің ондаған жылдарын осы мамандыққа арнағаны үшін еш өкінбейді. Олардың қызметке деген махаббаты балаларына, немерелеріне және шөберелеріне беріледі. Азаматтық қорғау жүйелеріндегі ұжымдарда бірлік, тұтастылық өте маңызды.

Азаматтық қорғау саласының қызметкерлерінің басты мақсаты-кез келген уақытта төтенше жағдайлардың алдын-алу ескерту.

Өрт сөндіруші немесе құтқарушы мамандығы ер азаматтарға тән болуына қарамастан ұжымда әйел азаматтар көптеп кездеседі. Осындай нәзік жандылар қатарынан Кәсіби даярлық мектебінің бастығы азаматтық  қорғау подполковнигі Абирова Самал Иосифқызымен сұхбаттасқан едік.

DSC_7089

 

Төтенше жағдайлар саласында көптен бері қызмет атқарасыз ба? 

Атырау қаласында туып, осында тұрамын. Өртке қарсы қызмет органдарында 2001 жылдан бері жұмыс жасаймын. Жоғары білімін бар- ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын тәмамдағанмын.

Еңбек жолымды Мемлекеттік өрт бақылау инспекторы лауазымынан бастадым,  ұзақ уақыт ТЖД баспасөз қызметінде жұмыс  жасадым. Баспасөз қызметімнің нәтижесінде көптеген жетістіктерге ие болдым. Грамоталар, мадақтама хаттар Атырау облысының көлемінде әртүрлі жетістіктерге қол жеткіздім.  институт бітірдім.

Әрбір погон таққан әйел адам өзінің қызметіне деген, отбасына деген үлкен жауапкершілікті өз иығына артады. Иә, бұл қызмет. Біздер әрдайым кез-келген жағдайда кәсіби жұмысымызды адал атқаруымыз керек.

                 

 Сізге осы мамандықты таңдауға не түрткі болды?            

  2000 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін аяқтағаннан кейін,  ІІД полиция мектебінде білім алдым.  Өртке қарсы қызметінде кездейсоқ адам емеспін, әке ізімен келген едім. Бұл оңай таңдау болған жоқ, өйткені кішкентай кезімнен әкемнің осы жұмысқа деген махаббатын көріп өстім.

Мен үшін әкемнің форма киіп жүргені әрқашан мақтаныш болатын. Жанұямыздың алтын діңгегі- әкем  Абиров Иосиф Утеғалиұлы-ҚР ІІМ зейнеткері, 20 жылдам астам өмірін өрт сөндіру қызметіне арнаған жан. Свердловск өрт техникалық училищесінің түлегі. Өзінің еңбек жолын 1972 жылы өрт сөндіруші, қарауыл бастығы ВПЧ-15 (1972-1975 гг.) Свердловск өрт техникалық училищесін аяқтағасын Алматы қаласында орта аға басшы құрамының инженер лауазымында қызмет атқарды.

 

ҚР ІІМ төс белгісімен, бірнеше құрмет грамоталарымен марапатталған. Әпкем Абирова Күлянда Иосифқызы-полиция полковнигі, зейнеткер, Бауырым Абиров Берік Иосифұлы-әділет подполковнигі.

Біздің отбасымыздың ортақ "табыс құпиясы": адалдық, жауапкершілік, адалдық, ортақ іске адалдық, иықты қоюға дайындық, өз іс-әрекетіне сенімділік.

 Құтқару ісінде ең басты түсінік-өз міндетіңді бұлжытпай орындап,  құтқарылғандардан алғыс күтпеу. Осы пікір сізге жақын ба?

Авариялық-құтқару қызметтері мен құтқарушылар қызметінің негізгі принципі-ізгілік пен қайырымдылық қағидаты болып табылады, ал мейірімді жан өз іс-әрекеттері үшін алғыс күтпейді. Сондықтан бұл сөз-құтқарушылар үшін жазылмаған заң және біздің дәстүрімізге айналған.

4F2F31E8-A52B-461D-B6DA-093C4603EB04

Кәсіби даярлық мектебінің бағыты

Жыл сайын КДМ базасында ТЖД қызметкерлері және ведомстволы бағынышты мекемелердің қызметкерлері оқудан өтеді. Атырау облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Кәсіби даярлық мектебінің 2019 жылға  алғашқы, қайта дайындық және біліктілігін арттыру бағдарламасынан жалпы 23 қызметкер келесі санат бойынша оқып шықты, олардың ішінде категория бойынша:

   Алғашқы дайындық бойынша-17 адам

 Біліктілігін арттыру бойынша 3 адам және өзге -3 адам.

Өртке қарсы қызмет қызметкерлерін кәсіби оқыту арнайы бастапқы оқытуды, күнделікті қызмет процесінде одан әрі оқытуды, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтуді қамтитын үздіксіз процесс болып табылады.

КДМ-нің негізгі міндеті өзінің конституциялық борышын және өртке қарсы қызмет орындайтын міндеттердің мемлекеттік маңыздылығын түсінетін, өрттердің алдын алу мен сөндірудің ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерін сауатты шеше алатын, күрделі жедел жағдайда және азаматтық қорғаныста үнемі іс-қимыл жасауға дайын өртке қарсы қызметтің білікті қызметкерлерін тәрбиелеу және дайындау болып табылады.

КДМ түлектері жалпы тиісті лауазымда одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті білім, білік және дағды алады

UYWM4990

 Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында кәсіби дайындық мектебі жаңа келген қызметкерлермен жарғылар мен бұйрықтарды сақтауға саналы қарым-қатынасты қалыптастыру, сондай-ақ әлемде және елімізде болып жатқан тарихи, саяси процестерді тану үшін іс-шаралар, сабақтар өткізеді, сондай-ақ, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, Махамбет ауданындағы Сарайшық тарихи кешеніне, Жеңіс паркіне танымдық экскурсиялар өткізіледі., Ғ. Сланов атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана.Сондай-ақ, патриоттық тәрбие беру мақсатында ТЖ органдарының ардагерлерімен, облыстың көрнекті спортшыларымен кездесулер ұйымдастырылады. 

   - Сіздің бай тәжірибеңізге сүйене отырып, біздің оқырмандарымызға өрттің алдын алу үшін қандай кеңестер беруге болады?

Өрттердің басым көпшілігінің себебі адами  фактордан болады. Негізгі себеп- қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау. Өрт көбінесе мас күйінде және балаларды қадағаламаудан болады. Сондықтан бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінген жөн. Оларға үй-жайда от жағуға, сіріңкемен ойнауға болмайтын сияқты  қарапайым заттарды түсіндіру керек.

- Бос уақытта немен айналысасыз?

Бос уақытым 3 жасар қызым Амираға арналады. Спортпен шұғылданамын, белсенді демалысты жақсы көремін, достарыммен табиғатқа, таза ауада, психология қызықтырады. Атқа мініп үйренгім келеді.  Ас дайындағанда қатты ұнатамын, тіпті хоббиім деп айтуға болады. Қонаққа барғаннан гөрі, қонақ қабылдағанды ұнатамын. Ал, ең басты хоббиім  оқу болып табылады. Сүйікті жазушыларымның бірі-Антуан де Сент-Экзюпери.

Мен қоғамда адал, ақылды және мейірімді адамдар арасында  жайлы сезінемін. Өмірдегі келесі ұраным: "барлық адамдар қарындаш сияқты". Әр адам өз тағдырын сол қарындашпен салады.  Біреу сынады, біреу тұйықтайды, ал біреу ұшады және алға жылжиды.

Мен өз кәсібімді таңдағаныма  ешқашан өкінбеймін.

Барлықтарыңызға жақсылық, бейбітшілік, мықты денсаулық тілеймін.

 

- Сұхбатыңыз үшін рахмет!

 

Қабибек Мұхитов

, ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Теги тайсойғансайты