АҢСАҒАН МҰСТАФА: ҚЫЛ ҚАЛАМ ШЕБЕРІ

АҢСАҒАН МҰСТАФА: ҚЫЛ ҚАЛАМ ШЕБЕРІ

Танымал иллюстратор Аңсаған Мұстафаны  білмейтін адам кемде-кем. Тың мәселелерді қозғайтын қыл қалам шеберінің өзекті тақырыптарға арналған туындылары адамға ой салмай қоймайды. Қоғамдағы ащы шындықты қарапайым тушьпен жеткізе білген дарын иесінің суреттері қала ішінде банерлерге ілініп, көрмелер ұйымдастырылып, шет тілдеріне аударылып, дүние жүзіне тарауда. 

Әлеуметтік желілердің белсенді мүшесі, танымал блогер Аңсаған қазақ тіліндегі жаңа әліппеге иллюстрация жасаумен және  жейделерге ұлттық нақыштағы суреттерді салумен де белгілі.

Осындай талант иесі  Атырау облысы, Қызылқоға ауданының тумасы. Алматы қаласында көркем сурет мектебінде, колледжінде, өнер академиясында дәріс алған. Ұзақ жылдар бойы «Ақ босаға» газетінде суретші-иллюстратор болып еңбек етіп келеді.

Туындыларын жариялауға рұқсат алу мақсатымен дарынды суретшіге хабарласқан едік, келісімін берді. «Ақ босаға» газетіне сілтеме жасуын сұрады.

Қазір  Аңсаған Мұстафаның туындыларының тек бір бөлігін ғана жариялап отырмыз. Алдағы уақытта суретшінің творчествосымен, болып жатқан жаңалықтарымен таныстыруға тырысамыз. Қабыл алыңыздар!
 

0000212989_QtYrmnMH 0000212990_mxdKKNzk
0000212992_S6WXKZFa 0000212991_4T3DMYSh