ӨМІРДІҢ ӨЗІ НОВЕЛЛА

ӨМІРДІҢ ӨЗІ НОВЕЛЛА

Жас келген сайын уақыт шіркін өз дегеніне көндіріп, өткен өміріңді көз алдыңа келтірмей қоймайды. Өткен жылдар ішінде кімнен үйрендің, кіммен дос болдың, кімді үлгі тұттың – бәрі-бәрі еріксіз ойға оралады және оны анда-санда болса да сыртқа шығару­дың бір себебі табылады. Естелік жазғысы келетін, артына сәл де болса із қалдырғысы келетін адамға ондай себептер де жеткілікті, тек адамның құлқы, талпынысы болса болғаны. Қызым Дина «папам туралы естелік жазсайшы» деп қолқа салғанда естелік жазу жөнінде ойға қалып, кейбір сәттерді қайтадан жаңғыртып есіме түсіріп біраз толғанып жүрген едім. Артынан Герекең екеумізбен көп жылдар жұмыстас болған Бисенбай деген інім «Герекең туралы толық етіп естелік жазсаңыз жақсы болар еді, артындағы ұрпақтарына ескерткіш болып қалады ғой» деген сөзі түрткі болып осыларды қағазға түсірдім. Жазғандағы ойым осыны оқыған балаларымыз, немере-шөберелеріміз атасының өмірінен үлгі алсын деген еді. Герой екеуміздің ұрпағымыз атасы сияқты еңбекқор, жан-жағына қайырымды болып, жарқын өмір сүруге талпынсын, ешкімнің ала жібін аттамайтын, өтірік, өсек айтпайтын ақылды, инабатты азамат болсын, балаларымыз Роман мен Дина сияқты қатарының алды болса екен деген игі тілекпен жазылған естелік қой бұл жазбам. Ұрпағымыз осы жазғандарымды оқып, біздің өмірімізден, өткен жолымыздан үлгі алса  Герекең екеуміз бекер өмір сүрмегеніміз ғой деген мақсатпен ештеңені бүкпестен, еш әсірелеместен бар шындықты жаздым.

    Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық. Осы айтылғандай өмірден өткен жарым Геройдың да артында жақсы істері, басқаларға өнеге болатындай өмір жолдары сайрап жатырғаны шындық. Осы жазбамды оқып шыққан бейтаныс оқырмандар да, біздерді жақсы білетін достарымыз бен жора-жолдастарымыз да Герекеңнің адами қасиеттерінің бағасының қандай екенін сезе жатар деген оймен ұсынып отырған жайым бар.

  Бұрынғылардан қалған «Адам ағын су емес. Ағын су артына қарай алмайды» деген сөз бар. Өткенге үңіліп, тарихқа айналған сол бір оралмас шақтарға ойша саяхат жасау жұмыр басты пенденің бәріне тән. Мен де осы жазбам арқылы сол бір қимас та, қызықты шақтарыма ойша саяхат жасап отырмын. Бағасын бере жатарсыздар.

Естеліктің толық нұсқасын мына сілтеме арқылы таныса аласыздар

Герой Кукыбаев

Герой Кукыбаев

(1940-2018ж.ж.)

Геолог-барлаушы, мұнайшы ардагер. Вьетнам Социалистік Республикасының "Достық" орденінің, "Еңбек ардагері "медалінің иегері, "1973 жылдың Социалистік жарыстың жеңімпазы", "9 бесжылдықтың социалистік жарыстың жеңімпазы", "Қазахстан мұнайына 100 жыл", "Маңғыстау мұнайына 50 жыл", "Маңғыстау облысына 35жыл" төсбелгілері, "КПСС Орталық комитеті, Министрлер Советі, ВЦСПС және ЦК ВЛКСМ-нің "Құрмет Грамотасы",  Қаз.ССР Геология министрлігінің "Құрмет Грамотасы", "Казнефтегазразведка" басқармасының "Құрмет Грамотасы" және КЭ «МНГР»-дың өзінің, обылыс, аудан әкімшіліктерінің көптеген "Мақтау қағаздары", алғыс хаттарымен, көптеген ақшалай, заттай сыйлықтарымен марапатталған. 1968 жылғы студенттік строй отрядтың жұмысының жоғары жетістіктері үшін Павлодар облысының обком комсомолының "Құрмет Грамотасымен" марапатталған. Есімі "Ел ардақтылары-мұнай өндірушілер" энциклопедия жинағына енгізілген.

Теги мұнайшыжазбалары тайсойғансайты запискинефтяника