РЕДАКТОРДАН

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Махамбет Өтемісұлы атындағы сыйлықтың, «Парасат» орденінің иегері, Атырау және Құрманғазы ауданының құрметті азаматы, жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев.

 

Перевод Бекета Карашина, члена Союза писателей РК, обладателя литературной премии им. Махамбета, лауреата «Республиканского конкурса поэтов-переводчиков с казахского языка на русский и английский языки», лауреата «Международного конкурса по проблемам экологии на поэтическую тематику».

 

0000212380_SNQ5zn6b 0000212381_Yfx57Mrn

БӘЙТЕРЕК

Жусан мен шағыр басы бүрісіп, көгі қашып, сояуы көрініп қалыпты. Аспанда бұлт желіндемей қырық күн шілде шыжғырған соң қайтсін, ат тұяғына ілесіп шырт-шырт сынады. Құбыладан ескен майда леп шашаға жетпес ұлпа шаң көтереді. Күн еңкейіп, көлеңке басы ұзарғанмен ауыл қарасы көрінер емес. Көлденең жатқан төрт-бес қырға тұяқ тіреп барып жеткізер.

Сырым мен Қаратау алыс сапардан жолсоқты болып қажыды ма, әлде көз шарасына сиыр жерде шөл басып өтер бір қараша үйдің жоқтығына назырқанды ма, әйтеуір әңгіме түбін қаққандай үнсіз қалған. Сол бие сауым уақыттан бері Қарекең кертөбелдің беліне қаршығадай болып қонып, жанындағы екі аттыдан торғай адым болса да ілгері келеді. Сырым жымың етіп, есік пен төрдей бурылдың тізгінін ірікті де, қамшылар жағында келе жатқан атқосшы жігітке сыбыр ете түсті.

– Қареке, – деді жүзіне шырай тепкен жас жігіт ат құлағын теңестіріп. – Бүгін батырдың атының мойны озатын күн еді. Бүлкілдеп алға түсіп кете бересіз. Шамасы, кертөбеліңіз ауыздығымен алысып келеді-ау деймін!

– Шырағым, қара қарға шын ықыласың құлап атсаң қаздай көрінер, кәрі қатының алыс сапардан сағынып келе жатқанда қыздай көрінер. Сұрағанмен Сырым маған жас тоқалын бере ме? Кемпір де болса аңсап келем.

Мұны естіген батыр бозшулан даланы басына көтеріп күліп жіберді.

– Қара сөзден қаймақ алған, қаспақ қырған қайран Қарекем-ай!

Алдан аңқылдақ кешкі самал есті. Тыныс кеңіп, бойы сергіген Сырым манадан бері көңіліне жабысқан бір сауалды биден білмекке мойын бұрған…

...Мана Бекмағамбеттің үйінен түстеніп аттанысымен екі шағыл асып түскен бұлар айдалада тұрған жалғыз молақ ағашқа келіп тізгін тартқан. Заманында аспанға шапшыған зәулім бәйтерек болса болған шығар, түбі қарлы кісінің құшағы жетпес тым жуан. Найзағай түсіп өртенгені жұғыны қалған күйе мен жаңқаланып шорт сынғанынан-ақ көрініп тұр. Тізерлей кетіп дұғаны алыстан қайырған Қаратау ағашты айналып ақтық байлап жүріп:

– Садағаң кетейін, бабам-ай, бармысың? Кейінгі ұрпағыңды желеп-жебеп жатқайсың, – деп көзін кәдімгідей шылаған.

Батыр іштей мүдірді. Жапандағы жалғыз ағашқа бидің бордай үгілгені несі? Ескі аруақтар жатқан мола болса бір жөн. Діні берік жанның сақалына жас қондыратындай бұл қу қарағайда не қасиет бар?!

– Иісі Ысықтың ұранына айналған бәйтерек бабамыз сол ағаштың астында жатыр. – Би әңгіменің турасына көшті.

– Апырай, шын сөзіңіз бе? – Батырдың төрт өрме тобылғы сап қамшысы бурылдың сауырына барып қалды.

– Алхамдулла, ақиқаты сол. Бұрын естімесең, айтайын. Ілкі өткен шалдардан құлағымызға қорғасын боп құйылып қалған сырдың төркіні, міне…

…Көк шалғында ақ жамбыдай боп қаз-қатар тігілген қонтайшының ордасы. Іші қалы кілем мен қытайдың көз арбаған патсайы жібегіне малынып тұрған соның біріне он шақты қазақ келіп түскелі сәскеден ауып барады. Ара-тұра есіктен басын көрсетіп жоғалатын бітік көз, домбық бет қарадан басқа жан баласы жоласа ше? Қазақ жағынан бітімгерлікті бастап келген, жүзі ақ қайыңнан ойғандай көрікті жас батыр мына майлық-сулыққа бірдей қараның сыпылдақ қимылынан секем ала бастады.

Иә, жаулықпен келіп қоныстанған жоңғардың сыры бұған мәлім. Іші қалтырап тұрса да сырты жылтырап дөңайбаттан жазбайды. Жер деп, аузын үріп, аяғын сыпырған ақ-адал мал үшін деп дүрбіттің қай батыры мен найза салыспады, кек алыспады? Қажаса-қажаса екі жақ та титықтап, ақыры жаз жайлау, қыс қыстаудың аражігін бөліскендей боп тыншыған. Алдамшы бәтуа боп шықты. Төрттағандап тұрып қалған жерінде әл жинап, әлекедей жаланып алысымен жоңғар жағы қиқуды тағы да күшейтті. Қыл құйрықтыны құрық көтере қуып ішке асырып жіберді де, түйе көрдің бе, жоқ, бие көрдің бе, жоқ, десіп мүлги қалады. Тіпті қазаққа дегенде көзінің қарасын жоғалтып, тек ала- сын көрсетіп ыдырынып, жалғыз-жарым кезіккеннің күпісін түтіп сабап жіберетінін қайтерсің?! Екі ара сонау тышқан жылғыдай қатайып, ушыға бастаған соң, сөз жүріп, қонтайшы ақыры бітімге кісі шақырған.

Бұлар алдағы арбасуы мен ығысуы мол тартыстың ау-жайын ойласып ақ ордада жатқанда, бітік көз, домбық бет қара қонтайшының алдына шөкелей жығылған.

– Иә, айт, келген қазақтарыңның басшысы кім? – деді, селдір сақал, сұйық мұрт қонтайшы темір кереуеттің үстінде, мамық төсекке көміліп жатқан қалпы.

Төбесінде шоқпар тұрғандай бүгжең қаққан бітік көз, домбық бет қараның мысы басылып, даусы әдеттегідей мияулап шықты.

– Мырзам, соңғы қырғында үш батырымызға бірдей қан құстырған әлгі… көрікті қазақ бар ғой, әлгі… соның өзі!

– Не дейд?! – Селдір сақал, сұйық мұрт қонтайшы жастықта домалап жатқан басын оқыс жұлып алды. Оң жақ көзі ұясынан шатынай шығып, құтырынып, бет терісі жыбыр қақты. Кереуеттің аяқ жағында жайма-шуақ қымыз сапырып отырған бәлекейінің өзінен бұрын үстіндегі көйлегі үріккендей етегі рабайсыз желпілдеп жатты.

Қонтайшы бет терісінің жыбырын басып барып тілге келді.

– Қазақтарға ата салтымызбен сый көрсетіңдер. Өзгесін сосын естисің. Жөнел!....

 

 

Полынь и бурьян, потеряв зеленый цвет и съежившись, торчали высохшими стеблями. Коль июльское солнце пекло нещадно и облака уже сорок дней, наполнив вымя, не выдаивались на землю дождём, конечно же, они, попадая под копыта коней, ломались с треском. Горячее дуновение сильного восточного ветра поднимало ввысь пушистую пыль. Хоть солнце уже садилось и наступали сумерки, но аула все еще не было видно. Наверное, его можно достичь, только преодолев пять-шесть пригорков, лежащих на пути всадников.

Сырым и Каратау молчали, словно в русло разговоров вбили кол, то ли устав от трудностей длительного пути, то ли расстроившись от того, что на расстоянии водопоя коров не встретили ни одной лачуги. За время доения кобылиц Каратау, словно ястреб, взлетевший на мухортого коня с белой звездочкой на лбу, оторвался от спутника на расстояние перелета воробья. Сырым, улыбнувшись, и перебрав поводья сивого коня, круп которого был высотой с дверь, обратился к своему спутнику.

- Кареке, сегодня ваш конь, хотя бы на шею, опережает моего скакуна. Все норовите рысью вырваться вперед. Думаю, что ваш конь не в согласии с уздой,- сказал батыр, подровняв уши скакунов.

- Светоч мой, черный ворон покажется белым лебедем, если оглядеть его вскольз, старая жена покажется молодой девушкой, если, соскучившись, возвращаешься с дальней дороги. Даже если стану умолять, разве ты уступишь мне свою молодую жену? Хоть и стара моя половина, горю желанием встретиться.

Услышавший это батыр, расхохотался, подняв шум на всю посеревшую степь.

- Удивительный мой Кареке, умеете же Вы, снять сливки с простого слова, соскоблить с него молочную накипь!

Навстречу подул шумный вечерний ветер. Получивший отдых и освежившийся Сырым решил задать бию вопрос, давно волновавший его душу...

 

...Выехавшие до этого в полуденное время из дома Бекмагамбета, проехав две барханные сопки, они натянули поводья у огромного одинокого дерева, находившегося в голой степи. Наверное, в свое время оно было байтереком, простиравшим свои ветви до самого неба, нижнюю часть ствола его невозможно было обхватить даже руками двух человек, до того она была толстой. Попадание молнии в него было заметно по обуглившейся коре и ощетинившимся щепкам на месте слома от мощного удара. Каратау, опустившись на колени, прочитал молитву, а затем, привязав белую тряпку к дереву, проговорив:

- Будь благословенен мой предок, ты еще здесь? Да возлежи и сохрани-сбереги своих потомков, – вытер покатившуюся слезу.

Батыр внутренне недоумевал. С какой стати бий мелом осыпается перед одиноким деревом в пустыне? Другое дело, если бы здесь были могилы предков- аруахов*. Каким свойством обладает эта, почти иссохшая, пень?

- Наш предок Байтерек, имя которого превратилось в боевой клич рода Ысык, лежит под этим деревом, – перешел бий к своему рассказу напрямую.

- Что вы говорите, на самом деле так? – четырехгранная камча батыра, с рукоятью из таволги чуть не стегнула по крупу сивого.

- Клянусь истиной. Если не слышал раньше, то расскажу. Суть рассказов давно ушедших старцев, расплавленным свинцом влитая в наши уши, в следующем...

...На зеленом лугу, собравшая ряды юрт белым слитком орда контайши. В одной из них, утопающей в бордовых коврах и завораживающих глаз разноцветных китайских шелках с момента прибытия поздним утром десятка казахов прошло уже немало времени. За это время, кроме заглядывающих иногда и исчезающих узкоглазых, со сморщенными лицами простолюдинов, никого из живых душ не видно. У молодого красивого батыра, с ликом, будто вырезанным из березы, прибывшего во главе представительства казахов для согласительных переговоров, наблюдения за суетливыми движениями обслуживающей трапезу черни, начали вызвать тревогу и беспокойство.

 

 

Да, ему известны тайные мысли джунгаров, прибывших и обосновавшихся здесь с вражескими намерениями. Хотя внутренне они и трясутся, но внешне напускают льстивый лоск. С кем только из батыров они, визжа и лая, не кололись, не обменивались кровной местью, за землю, за добытый честным трудом скот? Огрызаясь-борясь, обе стороны, в конце концов, обессилев, вроде бы, разделив зимовья и джайляу, успокоились. Договор оказался лживым. Собравши силы на обосновавшейся земле, снова жадно облизываясь, джунгарская сторона начала усиливать визг и лай. Угоняя хвостатых и гривастых на свою сторону, не признаваясь в угоне верблюдиц и кобылиц, выбрала снова раздор. Не говоря уже о том, что участились случаи избиения одиноких и слабых, даже более того,

– попыток стирания с лица земли целых казахских аулов. Отношения обеих сторон, как и в минувший год мыши, обостряясь, стали накаливаться, возникла необходимость переговоров, поэтому контайши вынужден был вызвать людей для новых соглашений и договоров.

Пока эти, лежа в белой орде, размышляли о будущих итогах и результатах разрешений противоречий, перед контайши появился узкоглазый со сморщенным лицом простолюдин и рухнул на колени.

- Так, говори, кто во главе прибывших казахов? – спросил жидкобородый, с реденькими усами, возлежащий на железной кровати и утопающий в пуховой постели, контайши.

Стоящий на коленях человек из черни, будто над ним нависла дубина, подал, как обычно, мяукающий голос.

- Мой господин, помните, это тот самый красивый казах, заставивший в последней схватке трех наших батыров харкать кровью, это именно он!

- Что ты сказал!? – контайши резко поднял голову с подушки. Жутко выпучился из глазницы его правый глаз, от бешенства пот с лица полился градом. У жены, сидящей у подножья кровати и спокойно взбалтывающей кумыс, затрепетало платье. Оно, встрепенувшись, обнажило под подолом стыдобу.

 

 

Контайши, вытерев пот с лица, обрел дар речи.

- Окажите казахам гостеприимство по традиции наших предков. Остальное услышишь потом. Пошел прочь!

 

   ....Іле-шала бір топ жігіт қауқылдасып жетегіндегі жалғыз қара тайды қазақтар түскен ақ орданың алдына әкеп байлаған.

– Қонақтар, бата беріңдер! Кәне…

Бет сипатып үлгерген жоқ, жоңғарлар екі жарылып, қара тайдың мойнындағы қыл арқанды табан тіресіп шірей тартып жіберді. Сауырынан бит домалардай боп семіріп, жылт-жылт еткен жануар оқыс тұншығып шатқаяқтап туласын. Қыл арқан жіңішкеріп, талма мойынды сығып барады. Бұлқына шыңғырып еді, танауынан қызыл қан дірдектей шапшыды. Омақаса құлап, тыныс үзді.

Мына тағылыққа жүзі шыдамаған қазақтар денесі құсеттеніп сырт айнала берген…

– Астау толы еттен бір жапырақ та ауыз тиген жоқ. Арам өлгенді жемейміз десті, мырзам.

Аяқ жағынан мияулап шыққан дауыс қонтайшының көңіліне желік бітірді. Кеңкілдеп күліп еді, жалпақ мұрны беттің жартысын алып кетті.

– Бөрік алып қашқандай ғана шабысы бар жаман қазақтың бұтқа толуын көрдің бе? Ендеше, ертең қой сойыңдар! Бар!

Алакүлік оймен төсегінен тұрған бітімшілер алдына тағы бір жоңғар қауқылдасып жүріп құйрығы тегенедей ақсарбас ісекті жеткізді.

– Қонақтар, бата беріңдер! Кәне…

Тағы да бет сипатып үлгерген жоқ, бірі момақан тұрған ісектің қолтығын қанжармен сөгіп жіберіп, екі қабырғаның арасынан қолды салды дейсің. Жұлқынған ісектің жүрегі ұстатпай жанталасқанмен тар кеудеден ұшып қайда барсын, ақыры аяусыз алақанға ілінген. Үлпіл қаққан бір шөкім етті сығып- сығып жіберуі мұң екен, ақсарбас бір маңырап тырапай асты.

– Астау толы еттен бұ жолы да бір жапырақ ауыз тиген жоқ. Әзірге сіздің қош алмайтыныңызды естісімен суыт аттанып кетті, мырзам!

Әншейінде бас терісін қаралай құрыстыратын мияулаған дауыс бұ сапар қонтайшының құлағына сондай сүйкімді боп естілген.

– Шақыр жүзбасыны!

Шойжелке дәудің табалдырыққа оң аяғын сала беруі мұң екен, қонтайшы саңқ етсін:

– Әй, аналар кетіп барады. Қанға қан! Құныкерді сірке сыққандай ғып тастаңдар!

– Жоңғар!

Сары масадай самсап келеді! Қашса құтылмасын білген он шақты қазақ тырнауыштың тісіндей шүлдіреп жүз қаралы әскерге қарсы найза тіктеп тұра-тұра қалысты.

Айналаны сапырған ала құйын қас пен көздің арасында өтті де кетті. Ысқырып, үрей шашып келген садақ оғы тар қолтығынан қадалған батыр ғана ат жалынан ауып бара жатты. Өзгесі ер үстінде.

Қаз-қатар қойылған шашақты найзаның үстінде келе жатып жүзі ақ қайыңнан ойғандай көрікті ер дембіл- дембіл талықси берген. Буынып өлген қара тай шыңғырып кісіней ме… Жүрегін жұлдырған ақсарбас ісек маңырай ма…

– Баһи кешкен тұсқа жерлеңдер… Моламды тегістеп кетіңдер… Дұшпан сүйегімді қорлайды… – деді есін бір жиып. – Жоңғарға мені емес, биді жұмса деп едім…

– Кейін қалай табамыз, ойбай?! – деп жанындағы аузы жылдам біреу бажылдап жіберді.

– Оң уысымды жазбаңдар… Тал өсер, бәйтерек болар… Содан…

Қайтып тілі кәлимаға келмеді. Ақшам жамырай батырдың аманатын орындаған үзеңгілестер жас топырақты алақан қырымен тегістеп, үстіне қаңбақ аунатып жатты…

- Араға үш жыл салып ағайындар іздеп барған екен, айтқандай жас шыбық бой түзепті. Қаратау би өз- өзінен шөгіп, маңдай әжімі батып Сырымға назар тіккен.

– Кейін алып бәйтерек боп ержетті. Ол да қартаяды екен. Жұқанасы тұр.

– Апыр-ай, Қарекем-ай, есіл ердің азан шақырып қойған ныспысы кім болды?

– Ол ұмытылған. Тек «Бәйтерек» атанып, ұранымызға айналды. Сол қалпында жасасып келеді… Кешкі қызыл араймен таласып алдан ақбоз үйлердің төбесі көрінген.

 

 

....Тут же с шумом группа джунгаров привели на привязи стригунка к юрте, где остановились казахи.

- Ну, гости, дайте благословение! Давайте...

Не успели ладони коснуться лиц, как джунгары, разделившись надвое и накинув волосяной аркан на шею черного стригунка, стали натягивать его с двух сторон. Лоснящаяся от жира лошадь, на крупе которой поскользнулась бы даже вошь, задыхаясь, тут же попыталась встать на дыбы. Волосяной аркан, утончившись, впился в шею. У сопротивлявшегося и издавшего пронзительное ржание животного вырвался из ноздрей фонтан крови. Резко упав, оно затихло.

Казахи, не выдержавшие такого варварства, с дрожью отвернулись от этого зрелища.

- С полного казана не стали пробовать ни кусочка. Они, сказали, что не едят мяса падали, мой господин.

Мяукающий голос у порога приподнял настроение контайши. Громко рассмеялся, широкие ноздри закрыли половину лица.

-Смотри-ка, как несчастные казахи, способные только на шапкозакидательство, раздули свою гордыню. Тогда на завтра готовьте барана! Прочь!

К переговорщикам, поднявшимся с постели с тяжелыми мыслями, джунгары снова с шумом притащили белоголового холощеного барана, курдюк которого был с большую деревянную чашу.

- Ну, гости, дайте благословение. Ну...

Снова ладони не успели коснуться лиц, как один, распоров подмышку ножом, запустил руку между ребер кротко стоящего барана. Как бы у вырывающегося животного мечущееся в предсмертной агонии сердце ни давалось в руки, разве могло оно улететь из узкой груди, – в конце концов, попало в безжалостную ладонь. Небольшой бьющийся кусок мяса, оказалось, не так уж сложно сжать в руке. Белоголовый, издав предсмертное блеяние, тут же скончался.

 

 

- И на этот раз они не притронулись к полному казану мяса. Как только они узнали, что вы не окажете им приема, тут же, быстро сев на коней, двинулись обратно. Этот мяукающий голос, обычно съеживающий кожу на голове, на этот раз, показался контайши, приятным.

- Вызови сотника!

У великана с толстой шеей перешагивание через порог правой ногой было боязливым. Контайши воскликнул:

- Эй, те уходят. Кровь за кровь! Раздавите ответчиков, словно личинок вшей...

- Джунгар! Джунгар!

Скачут, словно комариный рой! Убедившиеся в том, что бегством уже не спастись, десяток казахов, выставив свои копья навстречу сотне воинов, словно зубцы граблей, встали единым фронтом.

         Перемешавший все вокруг густой вихрь пролетел в дуновение ока. Из свистящих и сеющих смерть стрел, только одна, впившись в подмышку батыра, вот-вот готова была повалить его, вцепившегося в гриву коня. Остальные седоки остались на своих седлах.

Лежащий и несомый на выложенных в ряд копьях батыр, с ликом, будто вырезанным из березы, стонал в бессознательном состоянии. То ли громко ржет задушенный черный стригун... То ли блеет белоголовый баран, с вырванным сердцем...

- Похороните здесь же, где сомкну свои очи... Сровняйте могилу с землей... Враги могут осквернить кости... – выговорил, придя в сознание. – Говорил же, надо было отправить к джунгарам не меня, а бия.

-А как потом найдем, Боже мой! – вскричал рядом кто-то скорый на язык.

- Не разжимайте правый кулак... Возможно, пробьется росток, станет байтереком... Потом...

Но договорить не успел. В наступивших сумерках, исполняя волю покойного батыра, его соратники, выравнивая ребрами ладоней свежевырытую землю, маскировали ее перекати-полем.

 

 

- Через три года родственники, разыскав могилу, на самом деле увидели пробившийся росток дерева. Каратау-бий, осекая сам себя, углубив морщины на лбу, перевел внимание на Сырыма.

– Затем вырос могучим байтереком. Да и он, видать, отжил свой век. Осталось только напоминание.

- Вот это да, Кареке, какая прискорбная история и как жаль того горемычного батыра! А, кстати, как его звали?

- Оно уже забыто. Только, названный «Байтереком», остался он нашим родовым кличем. Под этим именем и существует он в памяти до сих пор. Соперничая с вечерним закатом, впереди показались покровы серо- белых юрт.