КӨРГЕН-БАҚҚАН

Классик-жазушы Рахымжан Отарбаевтың күнделігінен үзінділерді беруге жөн көрдік. Қабыл алыңыздар!

Ортада от лапылдап жанып жатыр. Оны айнала қоршап бірінші, екінші, үшінші қатарда отырғандар бар. Хош дейік. Тыныш отыру жоқ. Бәрі де отқа ұмтылуда. Бар ойлары көзге түсу, жылыну, аз-кем рахат кешу. Мәселен, екінші қатардағы алдында отырғанды отқа итеріп жіберіп, өзі алдына шығады. Оның да көкжелкесінде өзіндей өлермендер тұрғанын не ғып білмейді? Күйіп өлуге құштар бұл неткен халық?!