15-маусым күні Мәскеуде оқып жатқан қазақ студенттері болып қала төңірегінде орналасқан қорымға барып тағзым етіп, құран бағыштадық. Бұл қорымға алаш қозғалысының белсенділері З.Әбенов, Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Қожанов жерленген болатын. Рәсімге Сұлтанбек Қожановтың немере келіні мен шөбересі келді.
Көзі тірісінде қазақ зиялыларының ел үшін, жер үшін жан аямай сіңірген еңбегі орасан зор болатын. Бұл аруақтарды әрбір қазақ жадында сақтап, олардың өмір тарихын жатқа білуі тиісті деп ойлаймын. Сөздің шындығы керек, бұл есімдерді өмірде естіп көрмеген жандар бар.