ЕЛ АРДАҚТЫЛАРЫ: тайсоғансайты

АЛҒАШҚЫ АҒАРТУШЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛҒАН
АЛҒАШҚЫ  АҒАРТУШЫЛАРДЫҢ  БІРІ  БОЛҒАН

Өлкетану тақырыбына  іздену барысында 2015 жылдан  бері Атыраудағы  халық ағарту ісінің  тарихына  да  жіті  көңіл  аудара  бастағам, нәтижесінде  2016 жылы Ұлы Қазан  революциясынан  бұрынғы  өлкеміздегі  білім  беру  мекемелері  мен  ұстаздары  туралы «Атыраудың  алғашқы  ағар-тушылары» және «Ұрпақтарға  ұлағат ұқтырған  ұстаздар»  атты  екі  кітапты  баспадан  шығардым. Сөйтіп  жүргенде, облыс  орталығындағы «Ағатай» баспасынан 2014 жылы  жарық көрген «Киелі мекен – Кең Жылыой» деген  жақсы  кітапты  тағы  бір  шолдым. Ондағы «Сондай-ақ, 1900 жылғы  мұғалім Досұлы Қожағұлдың суреті аудандық мұражайда  сақтаулы. Жұмыс істеген  жері  белгісіз  болып  қалды» (190-бет) деген  жолдарға көңіл  аудардым. Себебі, менің  аталған еңбектерімде  бұл  ұстаз  туралы  да  шағын  мәліметтер  бар  болатын, ал, суреті жоқ-ты. Оны 2002 жылы шыққан «Қызылқоға энциклопедиясынан» да  таба алмайсың.