Балықшы барлау бұрғылау басқармасының (ББББ) Қарт Ембінің жер қойнауының байлығын игерудегі бірден-бір басты мекеме болуына үлкен үлес қосқан Асабай Хисметұлы осы өндіріс ошағын үзбестен 1973 жылдан 1985 жылға дейін басқарған. Балықшы барлау бұрғылау басқармасы - 1972 жылы Прорва бұрғылау конторының (ПБК) негізінде құрылып, кеңсесі Сарқамыстан, қазіргі Атырау, сол кездегі Гурьев қаласына көшірілді.