Мұстафаны жастар еліктеуге тұратын нағыз тұлға деп есептеймін!

Мұстафаны жастар еліктеуге тұратын нағыз тұлға деп есептеймін!

Актер, кинорежиссер, сценарист, кинодраматург, профессор, Қазақстан халық артисі Талғат Теменов

- Талғат Досымғалиұлы, Сізді Германияда тұратын таеквондоның халықаралық шебері Мұстафа Өзтүрікпен танысқан алағашқы қазақстандық дейді. Алдымен онда әңгімемізді Мұстафа Өзтүрікпен қалай танысқаныңыздан бастасақ?

- 1989 жылы Германияның халықаралық фестиваль өткен болатын. Мен жас киноматографтардың бірі ретінде сол фестивалға шақырылдым. Кетерде Бексейітпен жолықтым. Ол Германияда тұратын аты әлемге танымал таеквондошы Мұстафа деген қазақ жігіттің тұратынын айтып жүретін. Ол кезде шетелге шығу деген мүмкін емес нәрсе ғой. Менің шетелге бара жатырған мүмкіншілігімді пайдаланып қалу керек болды. Барғанда мына телефонға звандайсың деп маған бір телефон нөмерін берді. Барған соң берген телефон нөмеріне звандадым. Өзімді таныстырып, Қазақстаннан келгенімізді, тоқтаған жерімізді айттым.

   Ертесіне фестивал біткен соң қонақ үйге келсек холлада мені екі адам күтіп отыр екен. Қасына жақындап келе жатырғанымды көрген кезде біреуі орнынан тұрып маған қарай беттеді. Екеуміз құшақ жая амандастық. Сол жігіт Мұстафа екен. Бұрын танымасақ та көптен кездеспеген жақын адамыңды көріп отырғандай абыр-сабыр болып қалдық. Не керек Мұстафа Мюнхенге үйіне алып кетті. Оған елімізден сыйлық болсын деп қазақ өлеңі жазылған екі кассета алып бардым. Сұрастыра келе, Мұстафамен екеуіміз нағыз құрдас болып шықтық. Бір жылда, бір айда, бір күні туылыппыз. Мюнхеннен Кельнге Мұстафаның машинасымен қайттық. Машинасындағы магнитофонында алдында өзім апарған қазақ өлеңдері сайрап тұрды.

ТЕМЕНОВ Талғат 2. docx

- Мұстафа аға бірнеше киноға түскен адам еді ғой. Сіз кинорежиссер ретінде оның фильмдерін қалай бағалар едіңіз?

- Оның біраз фильмдерге түскені белгілі ғой. Фильмдерінің бәрінде қазақ батырына тән ержүректікті, намысшылдықты сомдаған екен. Екеуміз осы тақырыпта біраз әңгімелестік. Қазақстанға келгесін бірігіп бір кино түсіруді ойластырып көргенбіз. Бірақ ол күнге жете алмай қалдық қой...

- Мұстафа ұстазды Қазақстанға шақырту үшін көп жұмыстанғандарыңызды білемін. Одан кейін қатынастарыңыз қалай болды?

- Иә, содан Қазақстанға 1990 жылы ғана келді ғой. Келгесін Алматы қаласында мектеп ашты. Кейін Мұстафаның мектептері еліміздің басқа да қалаларында ашылды. Мұстафа әрқашан ірі Халықаралық жарыстарда бүкіл әлем таэквондошылары мойындаған жеңімпаз шығарсам деп армандайтын. Біз бір-бірімізді өте сыйлап өткен адамдармыз!

- Талғат аға, бүгін Сіздің таеквондоға деген қатынасыңыз қандай?

- Мен әлі күнге дейін таэквондо спорты десе елең ете түсемін. Себебі, оны бізге Мұстафа досым ашып берді ғой. Мұстафаның арманын іске асырып жүрген артында ізбасарлары барына қуанамын. Таэквондо спорты әскери өнердің ішінде қимыл-әрекеті көп өнер. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясысында ректор болып қызмет атқарып жүрген кезде болашақ жас әртістерді таэквондомен шұғылдануға шақырдым. Себебі, бұл спорт көрермендерге өте тартымды өнер деп есептеймін.

- Мұстафа аға қайтыс болғанда марқұмның сүйегін Түркияға шығарып тастағанда болдыңыз ғой?

- Иә, мен шаралардың бәрінде бастан аяқ бірге жүрдім. Мұстафа қайтыс болған кезде көзіне жас алмаған адам қалмады. Бәрі де өзінің ең қимас адамынан айырылып қалғанын сезді. Біраз уақытқа дейін өз-өзіме келе алмай жүрдім. Ақыры оған да көнеді екенсің ғой. Түркияға бір барған сапарымда Мұстафаның анасының үйіне барып бата оқып шықтым. Балаларының басынан сипадым. Кейінгі жылдары оның шәкірті Қайрат Қырғызбаев бауырымыз Мұсекеңді еске алу үшін бірқатар шаралар жасап жүрді. Шақырылған жердің бәріне де бардым. Мұстафа туралы естелігімді айтып жүрдім. Біздің қолымыздан басқа не келеді. Тыңдайтын жастар болса, Мұстафа туралы айтуға қашанда дайынбыз. Себебі, Мұстафаны, жастар еліктеуге тұратын нағыз тұлға деп есептеймін!

-Сұхбат бергеніңізге рахмет аға, шығармашылық жұмысыңа табыс тілеймін!

 

 

 

                                                                 Сұхбаттасқан Қабибек Мұхитов