Әкем де Мұстафа ағамызға ұсағанымды армандаған сияқты.

Әкем де Мұстафа ағамызға ұсағанымды армандаған сияқты.

Асылхан Төлеков: әртіс. Бауыржан Момышұлы атындағы медалінің, «Дарын» және «Серпер» Жастар сыйлығының иегері

14074841047545

-Асылхан інім, сұқбат беруге келіскенің үшін көп рахмет! Сені таеквондошы болды дегенді естідім. Алдымен әңгімемізді сенің спорттық өміріңнен бастасақ қалай қарайсың?

-Иә, мен жас кезімнен бастап спортқа жақын болып өстім. Әкем менің таеквондоға қатысқанымды қалады. Сөйтіп, бесінші сыныптан бастап таеквондоға қатыса бастадым. Алғашқы жаттықтырушым Қайрат Қырғызбаевтың шәкірті Әлібек Сұлтанов дейтін бапкер еді. Сол жылы Әлібек ағай біздің мектепте өзінің үйірмесін ашқан болатын. Бірқатар жарыстарға қатыстым. Жасөспірімдер арасында Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы болдым. Басқа да халықаралық жарыстарға қатысып жеңімпаз, жүлдегер болдым. Әлемдік таеквондоның отаны болатын Оңтүстік Кореяға да барған кезім болды. 2006 жылы «Корея Опен» деп аталатын халықаралық турнирге қатысып 48 келі салмақ дәредесінде үшінші орын алдым. Кейін «Қазақстан Республикасының спорт шебері» деген атаққа ие болдым. Сөйтіп әкемнің арманын орындадым деп ойлаймын.

photo_45203

-Таеквондо туралы не айтар едің?

-Таеквондо спорты жылдамдықты, тез ойлауды талап ететін спорт қой. Бұл жастардың тәрбиесіне өте қажет спорт. Маған таеквондо көп пайдасын тигізді. Есімде, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсу үшін емтихан тапсырып тұрған кезде таеквондодан бір-екі өнер көрсетуімді сұрады. Мен аяқпен түрлі соққылар жасап, фильмдерде көріп жүрген Джеки Чанның бір-екі трюктерін көрсеттім. Өте жақсы шықты. Одан кейін де маған таеквондодан үйренген өнерімнің пайдасы көп тиді. «Жау жүрек мың бала» фильміне әртіс іріктеу үшін болған кастингте менен шпагатқа отыруымды және таеквондодан үйренген түрлі қимылдарды көрсетуімді сұрады. Көрсеттім. Ұнады. Сөйтіп әртіс іріктеу кезінде таеквондо өнерім пайдаға асты. Кейіннен киноға түсу кезінде қажетті трюктерді тез игеріп алуыма да осы таеквондодан үйренген ептілігім көмегін тигізді. Құлап қалған жағдайда әрі қарай домалап барып қайтадан тұрып кету сияқты әдістер көп кездеседі ғой.

-Мұстафа Өзтүрікке еліктеп өсті деп естідім...

-Бұрын өзіміздің батырларымызды онша көп білмеуші едік қой. Джеки Чан, Жан Клод Ван Дам, Чак Норис, Брюс Лиді сияқты танымал кино киіпкерлерін ғана білетінбіз. Кейін таеквондоға қатысып жүргенде Мұстафа Өзтүрік ағамыздың өмір жолын білдім. Сол кезден бастап Мұстафа ағамызға көп еліктейтін болдым. Таеквондодан 6 дан иегері болған Мұстафа ағамыз әлемнің алты тілін меңгеріп әрі бірнеше кинода ойнаған адам. Мұндай тұлғаға ұқсас болу барлық жастардың арманы болар. Әкем де менің Мұстафа ағамызға ұсағанымды армандаған сияқты.

-Сұхбат бергеніңе рахмет! Шығармашылық ісіңде табысқа жетуіңді тілеймін!

 

 

                                                                   

Сұхбат жүргізген Қабибек Мұхитов