МҰСТАФА ӨТЕ СЫПАЙЫ ЖІГІТ БОЛАТЫН

МҰСТАФА ӨТЕ СЫПАЙЫ ЖІГІТ БОЛАТЫН

Төлеген Мұхамбетжанов: композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбек сіңрген қызметкер

-Төке, Мұстафа Өзтүрікпен қалай танысқаныңыз жөнінде айтып берсеңіз?

-Тоқсаныншы жылы мен «Азия даусы» халықаралық конкурсының директоры болатынмын. Қазақстанға Мұстафа Өзтүрік келген кезде оны халыққа кеңінен таныту үшін түрлі шаралар ұйымдастырыла бастады. Мен сол шараларды ұйымдастырушылардың бірі болдым. Түркиядан қасына бір топ таеквондошыларын ертіп келген кезде оны ұшақтан күтіп алғаннан күннен бастап кейінгі өткен шараларының бәрінде онымен бірге жүрдім. «Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында» өткен Мұстафа Өзтүрікпен кездесуді жүргіздім. Мұстафаға арнап «Сағыныш» деген ән шығардым. Шөмішбай Сариев шығарды. Осы кеште сол өлеңді Қазақстан халық әртісі, әнші, халқымыздың сүйікті әртісі Досхан Жолжақсынов орындады. Оның сөзін Одан соң Талдықорғанда, Шымкентте. Таразда өткен кездесулерді жүргіздім. Халық Мұстафаны өте жақсы қарсы алды. Ал таеквондодан өнерін көрсеткенде Мұстафаға тәнті болмаған адам жоқ шығар. Қазақ Мұстафадай ұлы бар екеніне мақтанды. Жастар болса Мұстафаға еліктеді. Бұл кездесулер өте жоғары тәрбиелік мәні бар шара болды.

-Мұстафа ағамыз қандай адам болып еді?

-Мұстафада өзінің тәрбиесімен, кішіпейілдігімен, парасаттылығымен олардың көңілінен шыға білді. Мұстафа Өзтүрік сыпайы жігіт болатын. Ел көрген, жер көрген адам еді ғой. Оның жоғары мәдениеттілігі көрініп тұратын.Өле өлгенше маған «Сіз» деп өтті. Сөзге қандай шешен еді. Ең бастысы отанынан жырақта жүрсе де өз ұлтын, елін сүйген азамат болды.

ТӨЛЕГЕН МҰХАМБЕТЖАНОВ 2

-Өзіңіз спортпен шұғылданып па едіңіз?

-Мұстафа Өзтүрік жастарды спортпен шұғылдануға тартып кетті. Тек қана таеквондо емес спорттың басқа түріне де жастар ағыла бастады. Жекпе-жектің қандай түрі болса да жастарды жігерлікке баулиды емес пе?  Мысалы мен жас кезімде бокспен шұғылданғанмын. Ауылымызға бокстан жас бапкер келген болатын. Ап дегенде бокспен шұғылданамыз деп 50 бала жазылдық. Бапкеріміз бізді сынайын деген шығар ортаға қос қостан шығарып қолымызға бокстың қолғабын кигізіп бірімізбен бірімізді бокстестіріп қойды. Нәтижесінде 25 бала жеңіп 25 бала таяқ жеді. Мен сол таяқ жеген 25 баланың біреуі едім. Келесі жаттығуға таяқ жеген 25 баланың бірде-бірі келмеді. Тек қана мен келдім. Сол таяқ жеп жүрсем де қатыса бердім. Мен қанша боксшы болғанымды білмеймін, бірақ жаттығудан ешуақытта қалмадым. Тіпті басында жазылған 50 баланың бәрі де боксты тастап кетсе де жалғыз мен барып жүрдім. Жаттығуға бокстан үйірме жабылғанға дейін бардым. Айтайын деп отырғаным бокс немесе таеквондо сияқты спорттар адамды жігерлікке баулиды ғой. Таяқ жеп жүрсем де мен сол жігерлік дегенді, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу дегенді алғашқыда осы бокстан алғаным еді.

-Кейінгі өміріңізде де спорттан қол үзбеген шығарсыз?

-Оншақты жылдай республикалық  киокушинкай карате Федерациясының Президенті болып қоғамдық қызмет атқарамын. Бұл спортпен айналысатын жастар көп. Бәрінің де бойында Мұстафаның қазақ жастарына қалдырып кеткен рухы бар. Адам бір тұлғаға еліктеуі керек. Жастардың сол еліктейтін тұлғасы Мұстафа болды десем артық айтпаған болар едім.

-Сұхбатыңызға рахмет, Төке, шығармашылық табыс тілеймін.

 

                                                                       Сұхбаттасқан Қабибек Мұхитов