ОЛ БІР ҰМЫТЫЛМАС СӘТ ЕДІ...

ОЛ БІР ҰМЫТЫЛМАС СӘТ ЕДІ...

Мұстафа Өзтүрік – «таеквондо» деген өнерді алғаш қазаққа танытқан тұлға. Ол – қазақтың атын, даңқын төркүл дүниеге паш еткен спортшы. Ең бастысы, ол – елін сағынып, Атамекеніне оралған қазақтың баласы.

-Қырымбек Елеуұлы, Мұстафа Өзтүрікпен алғаш рет қашан танысқаныңыз туралы айтып берсеңіз?

-Мен Мұстафа Өзтүрікпен алғаш рет Мәскеу қаласында кездестім. Оған сол кездегі Орталық Комсомол Комитетінің бірінші хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен белгілі суретші, спортшы, марқұм Бексейіт Түлкиев себепкер болды.  Екеуі хабарласып, Түркиядан таеквандоның шебері, қазақ бауырымыз Мұстафа Өзтүрік деген азаматты қарсы алып, түнде Алматыға ұшатындарын айтты. Мен ол кезде Мәскеу қаласында Коммунистік партия академиясында оқитын едім. Академияның кең жайлы жатақханасы мен тамақтанатын мейрамханасы бар болатын. Сол жерде Мұстафа бауырымызға дастархан жайып, біраз мәнді әңгімелер айталды. Онымен таныстығым осылай басталды. Ол Қазақстанның Тәуелсіз ел болғанына өте қатты қуанды.

2019091818341187428_1561697110_news_b

-Мұстафа ұстаз туралы ойыңыз қандай?

-«Мен қазір еліме ұшып барғаннан кейін ең бірінші маңдайымды жерге тигізіп, құшақтап сүйгім келеді. Өйткені біздің ата-қонысымыз қазақтың жері азаттығын алып,  егеменді ел болды. Біз бақыттымыз. Мемлекет тізгінін ұстап отырған Нұрсұлтан ағамыздың да қолын алып, сәлем берсем деген ойым бар. Сосын қазақ жерінің қасиетті жерлеріне барып құран оқып, тәу еткім келеді» деп, өзінің жүрек жарды көңілін айтқан болатын.

-Мұсекеңнің өз еліндегі қызметі туралы не айтар едіңіз?

-Кейін Мұстафа Өзтүрік алты Алаштың жерінде өзінің мектебін ашты. Жастардың ұлттық сана-сезімінің өсуіне олардың тек білектің емес біліктің де күшін жетілдіріп, дүниеде бәсекеге сай мемлекет болу үшін мықты азаматтар қалыптасу бағытында жұмыс жасады. Мұстафа Өзтүріктің өмірі аққан жұлдыздай қысқа болғанымен, ол жұлдызы жанған уақытта ата-қонысына келіп, өзінің миссиясын орындап үлгеріп кеткендей. Біздің жүрегімізде, біздің көңілімізде, біздің Тәуелсіздігіміздің тарихында Мұстафа Өзтүріктің орны ерекше. Нағыз қазақ болам, нағыз азамат болам десең осы Мұстафа Өзүріктей бол деп, үлгі етуге болады.

таеквондо

«Аттың да аты бар, қазанатын айт, жігіттің де жігіті бар, азаматын айт» деген халықтың қанатты сөзі бар. Мұстафа Өзтүрік  сондай қазақтың біртуар азаматы болды. Рухы разы болсын. Біз Мұстафа Өзтүрікке ризамыз. Оның артында ізін жалғастырушы бауырлары қалды.

-Уақытыңызды бөліп сұхбат бергеніңізге көп-көп рахмет! 

 

Сұхбатты жүргізген Қабибек Мұхитов