ЖЕҢІС75

СОҒЫСТАН СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАНЫП ОРАЛҒАН ЖАЛҒЫЗ ҚАЗАҚ
СОҒЫСТАН СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАНЫП ОРАЛҒАН ЖАЛҒЫЗ ҚАЗАҚ

   Аяқталғанына 68 жыл толған Ұлы Отан соғысының халық таныс емес сырлары әлі миллиондап саналады. Кеңес Одағының тарауына байланысты, ол соғыстың беймәлім ақиқаттары соңғы 20 жыл ішінде көптеп ашылып, айтылуда, жазылуда.

   Қазақстаннан да Кеңес Одағын фашитстік Германия шапқыншылығынан қорғап, жау қолындағы аумақтарды азат ету үшін соғысқа 1 миллион 196 мың адам аттанса, солардың әрбір бесіншісі - 410 мыңы кері оралмаған. Ұлы Отан соғысындағы асқан ерліктері үшін 499 қазақстандық – Кеңес Одағының Батыры, және 110 жерлесіміз – «Даңқ» орденінің толық иегері атанған.

СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАН АТЫРАУЛЫҚТАР
СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАН АТЫРАУЛЫҚТАР

   МУСАҒАЛИЕВ Яуда, 1928-жылдың 1-қаңтарында Гурьев (Атырау) облысының Теңіз (Құрманғазы) ауданындағы Азғыр селосында дүниеге келген.     

   СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ (30.03.1971).

 

   Бала күнінен әке-шешесінен  ерте айрылып, апасы және інісі үшеуі туысқандарын паналайды.

   1945-жылы Батыс Қазақстан облысының Орда ауданындағы Жданов атындағы колхозға мүше болып кіріп, қара жұмыстарды атқарады.

   1948-жылы облыстық әскери комиссариат оны 3 жыл мерзімге еңбек армиясына (майданына) – Қарағанды қаласына жібереді. Сол қаладағы «Карагандауголь» комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеден жер асты транспортының жұмысшысы мамандығын алады. Сол қалада тау-кен жұмысшысын, одан кейін №64/83 көмір шахтасында үңгірлерді тазалаушы бригаданың бригадирін атқарады. Машинистер курсын бітіргесін жер асты электровозын жүргізуші болады.

СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАН АТЫРАУЛЫҚТАР
СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАН АТЫРАУЛЫҚТАР

   АСАНОВ Қасым Әбуұлы, 1931-жылдың 1-қаңтарында жылы Гурьев (Атырау) облысының Теңіз (Құрманғазы)  ауданындағы Утера селосында өмірге келген.

   СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ (31.12.1965).

 

   Ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы (1972). ВАСХНИЛ академигі (1988).  Қазақстан Ұлттық академиясының академигі (1996).

   Балалық шағы Атырау қаласы іргесіндегі Тасқала селосында өткен. Қазақ ауылшаруашылығы институтын (1952),  К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылығы академиясын (1955) бітірген.

СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАН АТЫРАУЛЫҚТАР
СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАН АТЫРАУЛЫҚТАР

   ҒҰБАШЕВ Шарафий Ғұбашұлы, 1913-жылдың 13-сәуірінде Гурьев  (Атырау)  облысының Теңіз (Құрманғазы) ауданында туған.

         СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ (1.12.1949).

 

   1932-жылы Ақтөбе қаласындағы зоотехникалы-ветеринарлық техникумды бітірген бойында, еңбек жолын 19 жасында Тәжік ССР-індегі «Яван» қаракүл совхозының бас мал дәрігері ретінде бастайды. 1937-жылы сол совхоздың бас зоотехнигі-директордың бірінші орынбасарына қойылып, оны 10 жыл абыроймен атқарады.

ҚАҺАРМАН ҚАЗАҚ – ҚЫЗЫЛОВ
ҚАҺАРМАН ҚАЗАҚ – ҚЫЗЫЛОВ

Ұлы Отан соғысында ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, мемлекеттің ең жоғарғы марапаты – Совет Одағының Батыры, немес сонымен тең саналатын «Даңқ» орденінің толық иегері атанған атыраулық майдангерлер туралы аз жазылған жоқ, телеарналар да біршама уақыттарын бөлді. Яғни оларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жерлестері толық танып білді деуге болады.

   Дегенмен, облыс аумағынан ерте кеткен, немесе әскерге өзге аймақтан алынғандардың кейбірі осы күнге белгісіз күйде қалып келгендерін, әлі де беймәлім есімдердің анықталатындарын жоққа шығара алмаймыз. Бүгін сол беймәлім батыр жерлестердің бірі - ҚЫЗЫЛОВ Сақып Бақбауұлы туралы сыр шертіледі.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛІП, СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАНДАР
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛІП, СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАНДАР

   1966-жылдың 20-сәуірі. Бұл - Қазақстан Ленин комсомолының ХІ-съезі басталған күн. Съезд президиумында республика басшылары, комсомол жетекшілері, белгілі белсенділер, еңбек озаттары.

   Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің бірінші секретары Өзбекәлі ЖӘНІБЕКОВ съезді ашып, оның президиумын сайлағаннан кейін, сахнаға осы органның алтынданған алқызыл Туын салтанатты түрде көтеріп шығу құрметі Орал (1961-1991-жылдары Батыс Қазақстан облысы осылай аталды) облысындағы «Тайпақ» қаракүл совхозының аға шопаны, Социалистік Еңбек Ері Бақтыгерей МҰҚСЫМОВҚА берілгенін жариялағанда – залдағы делегаттар мен қонақтар орындарынан өре тұрып, ұзағынан дуылдата қол соққан.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛІП, СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАНДАР
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛІП, СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАНДАР

 

   «Астрахан-Мәскеу» жолаушылар поезы СССР астанасын бетке алып жүйткіп келеді. Нәби терезе алдынан кете алар емес. Ерте көктем белгісі – ауа райы күрт жылынып, наурыздың ортасында-ақ көгере бастаған даладан жас шөптің иісі келеді. Еңкейе бастаған Күн астынан жарқырап Ики-Барча өзені (қалмақша атауы сақталған)  көрінеді. Сол өзеннің арғы жағында оның үйі, отар қойы, жайылысы қалып барады. 22 жылдай мал баққан өңірі жүрегіне ыстықтанып, жанарына жас үйірілді.

ЗОРМАТАНЫҢ БІР ТҰЛҒАСЫ - ЫСМАҒҰЛ
ЗОРМАТАНЫҢ БІР ТҰЛҒАСЫ - ЫСМАҒҰЛ

   Атыраудан – Алтайға дейінгі 3000 шақырымнан астам аралықты алып жатқан Қазақстанның әр түкпірінде еңбек етіп, елге сыйлы, танымал болған атыраулық азаматтар көптеп саналады. Әттең, олардың туған жерінен ертеректе шалғай кеткендерінің есімдерін жерлестері толық біле бермейді. Еліміз егеменді атанып, есімізді жиғаннан кейін оларды талмай іздеу, табылғандарын халыққа таныстыру – сол қиын да, қызықты жұмысты өзіне міндет етіп алғандардың ісі.

КҮЙ ӨНЕРІНІҢ АСЫЛ ТӘЖІ
КҮЙ ӨНЕРІНІҢ АСЫЛ ТӘЖІ

Төрт жасынан домбыраға үйір болған балдырған 1-сыныпта-ақ орта мектептегі оқушылар оркестрінің белсенді мүшесі болды. Талапты жеткіншек  10 жасында алғашқы жүлдесін алып, үлкен сахнаға қадамын басты.   

Ол Құрманғазы мен Дина, Махамбет пен Дәулеткерей, Абыл, Есір секілді күйші-композиторлар мұрасын дәріптеген дәстүрлі ортада, небір күй саңлақтарының тартқан саздарын құлағына құйып өсті. 

Айгүл ізденіске толы кәсіби өнер жолында Т.Бәділов, А.Жайымов, Ш.Қажығалиев, Қ.Ахмедияров, Р.Ғабдиев сияқты күй қағандарынан тәлім алды. Болашағынан зор үміт күттірген шәкіртті сирек кездесетін қабілеті мен еңбекқорлығы үлкен жетістіктерге жетеледі.

БАТАЛЬОН БАСҚАРҒАН БАСАР Атыраудың елеусіз қалған бір сардары
БАТАЛЬОН  БАСҚАРҒАН  БАСАР Атыраудың елеусіз қалған бір сардары
Атырау облысының Махамбет ауданында киелі мекен атанған Таңдай деген ауыл бар. Ол ауылда осыдан 85 жыл бұрын Қазақстанда тұңғыш құрылған 5 қой совхозының бірі - №14 Бақсай совхозы шаңырақ көтерген. 1932-жылы тек қой басы 80 мыңнан асып кеткендіктен ол екі совхоз: №5 «Бақсай» қой совхозына және №8 «Гурьев» қой совхозына бөлінеді. 1933-жылдың ақпанынан СССР-де совхоздар мен МТС-терде саяси бөлімдер құрылып, олардың жандарында көп тиражды газеттер шығару басталып кеткенде, жасы әлі 16-ға толып үлгермеген Басар ИМАНӘЛИЕВ осыны естіп, 7 кластық біліммен соған әріп теруші, әрі газет басушы болып жұмысқа кіреді.