ТАРИХ. ӨЛКЕТАНУ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛІП, СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАНДАР
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛІП, СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАНДАР

 

   «Астрахан-Мәскеу» жолаушылар поезы СССР астанасын бетке алып жүйткіп келеді. Нәби терезе алдынан кете алар емес. Ерте көктем белгісі – ауа райы күрт жылынып, наурыздың ортасында-ақ көгере бастаған даладан жас шөптің иісі келеді. Еңкейе бастаған Күн астынан жарқырап Ики-Барча өзені (қалмақша атауы сақталған)  көрінеді. Сол өзеннің арғы жағында оның үйі, отар қойы, жайылысы қалып барады. 22 жылдай мал баққан өңірі жүрегіне ыстықтанып, жанарына жас үйірілді.

ЗОРМАТАНЫҢ БІР ТҰЛҒАСЫ - ЫСМАҒҰЛ
ЗОРМАТАНЫҢ БІР ТҰЛҒАСЫ - ЫСМАҒҰЛ

   Атыраудан – Алтайға дейінгі 3000 шақырымнан астам аралықты алып жатқан Қазақстанның әр түкпірінде еңбек етіп, елге сыйлы, танымал болған атыраулық азаматтар көптеп саналады. Әттең, олардың туған жерінен ертеректе шалғай кеткендерінің есімдерін жерлестері толық біле бермейді. Еліміз егеменді атанып, есімізді жиғаннан кейін оларды талмай іздеу, табылғандарын халыққа таныстыру – сол қиын да, қызықты жұмысты өзіне міндет етіп алғандардың ісі.

КҮЙ ӨНЕРІНІҢ АСЫЛ ТӘЖІ
КҮЙ ӨНЕРІНІҢ АСЫЛ ТӘЖІ

Төрт жасынан домбыраға үйір болған балдырған 1-сыныпта-ақ орта мектептегі оқушылар оркестрінің белсенді мүшесі болды. Талапты жеткіншек  10 жасында алғашқы жүлдесін алып, үлкен сахнаға қадамын басты.   

Ол Құрманғазы мен Дина, Махамбет пен Дәулеткерей, Абыл, Есір секілді күйші-композиторлар мұрасын дәріптеген дәстүрлі ортада, небір күй саңлақтарының тартқан саздарын құлағына құйып өсті. 

Айгүл ізденіске толы кәсіби өнер жолында Т.Бәділов, А.Жайымов, Ш.Қажығалиев, Қ.Ахмедияров, Р.Ғабдиев сияқты күй қағандарынан тәлім алды. Болашағынан зор үміт күттірген шәкіртті сирек кездесетін қабілеті мен еңбекқорлығы үлкен жетістіктерге жетеледі.

ҚҰМ НАРЫН ҚОЙНЫНА БҮККЕН СЫРЛАР
ҚҰМ НАРЫН ҚОЙНЫНА БҮККЕН СЫРЛАР

Еділ мен Жайық қазақтарына екі ғасырдан астам құтты мекен болған  қасиетті Нарын құмы – талай-талай тарихи оқиғаларды бастан кешіп, көп сырды қойнына бүгіп жатқан қазыналы аймақ. Еліміз егемендік алғаннан кейін өткенге қызығушылық артып терең тамырымызға қайтадан бір үңіліп жатқан сәтте бірқатар өлкетанушылар  тарих тұңғиығына бойлап,бұл  жерде іргесі қаланған  Бөкей ордасының арғы-бергі жылнамаларынан мәлімет беретін танымдық-тағылымдық мақалалар мен сондай- ақ осы  мақсатты ұстанған үлкенді-кішілі кітаптарды жарыққа шығарды. Бұл жақсы үрдіс болашақта да жалғасын таба береді деп ойлаймын. Соңғы кездері оқырмандарын мазмұнды тарихи танымдық оқиғаларымен де қуантып жүрген «Тайсойған» сайтына  өз жазбаларымды көпшіліктің бір кәдесіне жарар деген ізгі ниетпен ұсынып отырмын.

БАТАЛЬОН БАСҚАРҒАН БАСАР Атыраудың елеусіз қалған бір сардары
БАТАЛЬОН  БАСҚАРҒАН  БАСАР Атыраудың елеусіз қалған бір сардары
Атырау облысының Махамбет ауданында киелі мекен атанған Таңдай деген ауыл бар. Ол ауылда осыдан 85 жыл бұрын Қазақстанда тұңғыш құрылған 5 қой совхозының бірі - №14 Бақсай совхозы шаңырақ көтерген. 1932-жылы тек қой басы 80 мыңнан асып кеткендіктен ол екі совхоз: №5 «Бақсай» қой совхозына және №8 «Гурьев» қой совхозына бөлінеді. 1933-жылдың ақпанынан СССР-де совхоздар мен МТС-терде саяси бөлімдер құрылып, олардың жандарында көп тиражды газеттер шығару басталып кеткенде, жасы әлі 16-ға толып үлгермеген Басар ИМАНӘЛИЕВ осыны естіп, 7 кластық біліммен соған әріп теруші, әрі газет басушы болып жұмысқа кіреді.
ТАРИХ ИНСТИТУТЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
ТАРИХ ИНСТИТУТЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2020 жылы 30 мамырда сағат 16:00-де «Сталиндік саяси қуғын-сүргін: тарихы және құрбандарын ақтау мәселелері» атты тақырыпқа ZOOM арқылы дөнгелек үстел өткізді.

 
ХАЛЕЛДІҢ ІЗІМЕН (Ставка туралы сыр)
ХАЛЕЛДІҢ ІЗІМЕН (Ставка туралы сыр)

   Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі, дәрігер, ұстаз, ғалым Халел Досмұхамедов мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын. Ол – саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.

ДӘСТҮРЛІ АҚСАҚАЛДАР ИНСТИТУТЫ
ДӘСТҮРЛІ АҚСАҚАЛДАР ИНСТИТУТЫ

 Дәстүрлі қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылымдары жүйесіндегі әлеуметтік институттарының бірі – ақсақалдар институты болып табылады. Ұлттық рухани-парасаттылық құндылықтарын сақтап-сабақтастырып отыратын ақсақалдардың қоғамдағы беделі мен рөліне негізделген патриархалды жанұя ұлттық сананы орнықтыруда ерекше маңызды болған.

ТАРИХҚА ҚИЯНАТ ЖҮРМЕЙДІ
ТАРИХҚА ҚИЯНАТ ЖҮРМЕЙДІ

«Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты Мемлекеттік бағдарлама тарихымызды қайта зерделеуімізді міндет етіп отыр. Сол себепті бұрын-соңды жарияланған тарихи оқиғалар бүгінгі күннің талабымен қайтадан зерттелу үстінде. Дегенмен, жаңадан жарық көрген ізденістерде бірқатар тарихи фактілер бұрмаланып шындықтың орнына жалған ақпарат тарағанын айта кету керек. Бұған негізгі себеп «Атырау» газеті мен «Прикаспийская коммуна» газетінде жарық көрген екі мақала еді. (Біз сайтымызда «Атырау» газетінде шыққан бұл мақаланы жариялаған болатынбыз). Бұл бұрмалау тарихқа әдейі жасалған қиянат па әлде тарихты жете білмеудің себебі ме? Мұны оқырмандардың өзі бағаласын деген оймен БАҚ-та жарияланған осы мақалаларды қайтадан жариялап отырмыз.