Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы. .
Халқымызда көне дәуірден бері келе жатқан ежелгі ғұрыптардың бірі – ас беру. Ол дүниеден өткен адамдарды еске түсіруге арналған салт. Егер ас берудің саяси-әлеуметтік астарына мән берсек, ол алдымен, шығысы мен батысына ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның аяғы талатын айшылық алыс аймақты алып жатқан қарға тамырлы қазақ елінің өзара достығы мен бірлігін жыл өткен сайын жақындата түсу, әр әулет, өңірдің салт-дәстүрін өзгелерге паш ету, қала берді қаза арқалаған ауыл-аймақ, тегіренің бастарына түскен ауыртпалығына өзгелердің ортақтасып, олардың қайғы-мұңын бөлісу, дүниеден озған игі жақсының өнегелі тұстарын ескеру арқылы оны кейінгі ұрпаққа үлгі ету, өліге деген құрмет үрдісінен туған игілікті іс екені сөзсіз.
Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы.
...1944 жылдың көктемі Кеңес Армиясы үшін қанша қиын, қатерлі болғанымен жеңіссіз емес еді. Күн өткен сайын жаудың беті қайтып, фашистердің кеңес жерінен алыстатылып жатқан кезі. Бірақ герман армиясының қарсы барлау мекемесі мен шпиондық орталықтары қарап қалмай, кеңес тылында арандату, қастандық жұмыстарын жүргізіп отырды. Соның бірі - мамыр айының 2-нен 3-не қараған түні осы күнгі “Жаңа таң” өндірістік кооперативі өңіріне жаудың обер-лейтенанты (Әлихан Ағаев бір кездегі атты әскер бөлімшесінің командирі, Мәскеу түбіндегі ұрыстар кезінде қолға түскен, шын аты-жөні Тілеумағамбетов Әмірхан, ал шпиондық диверсиялық жұмыста Ағаев, Иранов деген бүркеншік атпен жүрген) басқарған он төрт диверсант парашютистер тобының түсуі еді.
Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы...
Иманқара - жергілікті тұрғындар тау десе де теңіз деңгейінен 200 метр биіктікте орналасқан өркеш-өркеш жоталар шоғыры ғана. Ол ондаған шақырымнан мұнартып тұрса да ұшы-қиырсыз емес, бары екі-ақ километр, ені 300 метр