ТАРИХ. ӨЛКЕТАНУ

КАЗАХИ И НОГАЙЦЫ: ОДИН НАРОД?
КАЗАХИ И НОГАЙЦЫ: ОДИН НАРОД?

В предыдущей статье были заданы вопросы об истории Ногайской орды, которые были адресованы авторитетным лицам.

На наши вопросы отвечает  местный исследователь, краевед и общественный деятель Махамбет Галымжанович Хакимов.

КАЗАХИ И НОГАЙЦЫ: ОДИН НАРОД?
КАЗАХИ И НОГАЙЦЫ: ОДИН НАРОД?
...В школьной программе по истории Казахстана об истории Ногайской орды говорится немного. При правителе Едиге Ногайская орда занимала территорию всего западного Казахстана. Потом в силу политических событии, это государство изчезло с исторической арены. Ныне живут ногайцы на территории РФ. И среди казахов есть ногай-казахи..
ЖЕЛТАУ-АБЫЛДЫҢ ОТАНЫ
ЖЕЛТАУ-АБЫЛДЫҢ ОТАНЫ
Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы. ..  ...Дөң биік қабақ не жалданған жон емес – тау. Алыстан арбап, көз тартатын біз іздеп келе жатқан Желтау. Желтау туралы әңгіме көп. Бірақ мен білетіні, ол осы Желтаудың тобылғы тоғайы көші-қонды адайлар ғасырлар бойы аңыз ғып, ырғай қамшының сәмбі сабы мен түйе мұрындыққа таптырмайтын бұта жалғыз осында деп отырса, арғы-бергіден әңгіме сабақтаған қариялар осы жерде 1715 жылы атақты Әбілхайыр хан ақылды Бопай апамызға күзеуде отырып үйленіпті дейтін. (Оның өзі бұл күнде Орынбор жерінде жатыр). Сондай-ақ бұл жер өткен ғасырдың ғажайып күйшісі, қазақ музыка өнеріндегі аса ірі тұлға, атақты Абыл Тарақұлының кіндік кесіп, кір жуған атакүлдігі. Абыл туралы әңгіме жетерлік.
ҮСТІРТТЕГІ ЖЕБЕЛЕР
ҮСТІРТТЕГІ ЖЕБЕЛЕР

Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы. .. 

Табиғат мүсіншінің аз сыйы, адамдар қолымен жасалынған небір ғажайып мұраларымен әлемдік деңгейде есте қалар мекеннің бірі – Үстірт. Бірақ олардың сыры әлі күнге ақи-тақи зерттеліп біткен жоқ, бар-жоғы ауызбен айтып, оның өзін де әлі де хатқа түсіріп, тасқа басып үлгермедік. Өйткені, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 200 мың шаршы шақырымдық жерді алып жатқан бұл мекенге жетудің өзі қиын. Ал шындығында ол оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа қарай 600 шақырымға жуық, ені 400 километрлік синкринальді ойысқа немесе миллиондаған жылдар бұрынғы Сармат теңізінің табанына биіктігі 300-350 метр болып шөккен арал сынды бұл сазды әк құм тас жыныстарының шөгіндісі. Мұнда күллі әлемді таң қалдыратын «Үстірт жебелері» деп аталатын ғылым ғажабы бар. Ол жайлы соңғы жарты ғасырда әлденеше рет жазылды

АНАШЫМ
АНАШЫМ

Тайсойғанның қабағы тұнжыраған мұңлы күзі. Мұңлы болса да тәтті еді-ау сол күз. Ауыл сыртындағы құмдауытқа біткен қызыл қурай мен бұйрабас түзгіндер ара-тұра күздің өкпек желі шайқап өткенде ызыңдап, сыбызғы үніндей бір әуен шығаратын. Көк жүзінен жыл құстарының  қанатты керуені оқтын-оқтын қиқулап өтіп жатады. Ал күзгі ауадан ауылдың өзіне ғана тән бір сүйкімді иіс сезілуші еді.

ТОҚСАНБАЙ
ТОҚСАНБАЙ

Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы.

... Біз алдыңғы түстен бері тау жағалап келеміз. Туғалы топырағын баспаған өңірдің тауы қайсы, тасы қайда, біліп жатқан біріміз жоқ. Жергілікті жандардан сұрайын десең қыбырлаған тірі қарға кездессейші, атамаңыз! Тіпті, әдеттегі ауыл маңын жайлап, қозы көштен әрі аса алмайтын қой-ешкіні былай қойғанда, 20-30 шақырымды артқа тастап, 5-6 күндік шалғайдағы ащы шөпті қуалап тебіндейтін дала кемелері-түйенің де ілуде бір қарасы көрінбейді. Керек десеңіз, жуық маңда жүріп өткен жалпақ табанды ізі де жоқ. Соған қарағанда мынандай елсізде жалғыз жортқан түз тағысы - қасқыр да сирек шығар...

ӘКЕ РУХЫМЕН ТАБЫСУ
ӘКЕ РУХЫМЕН ТАБЫСУ

Қырық жылдан астам өмірін киелі Маңғыстауды зерттеуге арнаған өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Отыншы Көшбайұлының  шығармаларынан үзінділер жалғасы

ЖЕЗДІДЕГІ ОҒЫЗДАР ҚАЛАСЫ
ЖЕЗДІДЕГІ ОҒЫЗДАР ҚАЛАСЫ

Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы. 

Міне, біз Тұрышты басып, Жезді тауын іздеп келеміз. Жүйрік уақыт уыста тұрмайды, зулап өтеді де шығады. Әр қоғамның өз теперіші, сыбағасы бар. Біз әлгі айтқан Тұрышқа дейінгі тоқсан, Жездіге дейінгі жүз шақырымда қоғамдық мал баққан бірде-бір жанды көргеніміз жоқ.

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ ДАҚ ТҮСПЕСІН
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ ДАҚ ТҮСПЕСІН
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының терең мазмұнын беріле оқып, рухани жаңғырудың иіріміне ендік. Туған жер  терең тамырлы тарихымен тікелей  байланысты. Осы орайда Еділ – Жайық қос өзен аралығын мекендеген Құрманғазы ауданының да үңіле қарап, тамсана таңырқайтын тұстары көп.
ҚҰДЫҚШЫ
ҚҰДЫҚШЫ

Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы. .

Сайып келгенде республикамыздың көп өңірінде кездесе бермейтін, бірақ Атырау, Маңғыстау қазақтарына тән, бір жағынан қашанғы тіршілік көзі саналған құдықшылықтың орны ерекше. Ол – ұлттық атакәсіп,   шеберлік  шыңы,  кез-келгеннің  пешенесіне  жазылмаған,  ілуде біреудің бойына бітер дара қасиет.