ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ ДАҚ ТҮСПЕСІН

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ ДАҚ ТҮСПЕСІН

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының терең мазмұнын беріле оқып, рухани жаңғырудың иіріміне ендік. Туған жер  терең тамырлы тарихымен тікелей  байланысты. Осы орайда Еділ – Жайық қос өзен аралығын мекендеген Құрманғазы ауданының да үңіле қарап, тамсана таңырқайтын тұстары көп. Шарықтап шалқыған кезіде, қасірет-қайғының құшағына еніп, құлдыраған заманға да куә болған. Зар заман мен кер заманды  толғаған  ақындарымыздың жырлары ғасырлар өтіп бізге жеткен:

109855_big

Бұл қоныс жеті жұрттан қалған қоныс,      

Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.

Қазтуған, Асан қайғы, Орақ, Мамай,                                               

Біз түгіл осылардан қалған қоныс                                                             

Жеті жұрт көшіп кеткен соң  –дей келіп,                                                   

Атамыз қазақ баласы                                                                                            

Қоныс мекен еткен жер,- деп Мұрат Мөңкеұлы (1843 – 1906 ж.ж.)        

Біздің аймақта ежелден бері мекендеген халықтардан хабар беріп өткенімізді білуге жетелеген. Біздер де ой жүгіртіп сараласақ

1. Скиф (Сақтар) тайпаларының түрлі бөлімдері                                                               

2. Ғұндар – атақты Еділ патшаның (Аттилла) Отаны болған.                       

3. Түркілер – Хазар мемлекеті.                                                         

4. Алтын Ордалықтар, Оның мұрагері Ноғай ордасы, кейіннен Қазақ хандығын құраушы халықтардың рулық одақтары бірлесіп дербес  Қазақ ұлтын қалыптастыруға қатысқан  жергілікті тұрғындар.                                          

5. Орыстар – 1552 жылы Казань қаласын ,1554 жылы Астрахань қаласын иеленді.                                                                                                   

6. Қалмақтар – 1631- 1632 жылдардан.                                                   

7.Екінші рет Қазақтар – 1797-1801 жылдан.                                           

Қазақтар бір кетіп, екі келді дегенде екінші келуін қоныстандырған  Бөкей. Ол кісі қазақтың атажұрты саналатын Нарынды өз иелігіне алуда көп қиындық көрген.                                                             

Бөкей сұлтанның қарауындағы халқымен Нарын өңірін тұрақты қоныстандыруға ұмтылысына Астрахань линиялық қазақ полкінің командирі П. С. Поповпен арадағы көңілдері жарасқан достық қатынас себепкер болды. Қазақтардың Жайықтан өтуіне бар ниетімен көмек жасауды қолға алған П. С. Попов өзінің ойын жүзеге асыру үшін, 1799 жылдың 2 наурызында генерал-лейтенант лауазымы беріліп, Грузия және Астрахань губерниясының билікшісі, Кавказ дивизиясының командирлігіне тағайындаған Карл Фёдорович Кноррингтің қолдауын сұрап әдейі жолықты. Нарын қазақтың ежелгі жұрты екенін жеткізді.

***

Қаншама жігін жатқызып айтсақ та, Қазақ елі үш ғасыр Ресейдің отарында болғанын жасыра алмаймыз. Халықтың қандай күй кешкендігі жөнінде талай жазбалар жарық көрді. Солардың бірі – ұзақ жылғы ізденіс пен тарихи деректерге негізделіп жазылған, 2016 жылдың Әдебиет саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болған, Нұржекей Бексұлтанның «Әттеген-ай» романында бұлтартпас шындық қамтылған.                   Отарлаушы елдің, кейіннен Кеңес үкіметінің аймақтарды басқарудағы бөліністерді еске салар болсақ:                                                                                   

Бастапқы қоныстанғанда әр ру қаймағы бұзылмастан дербес ауыл атанып отырған. Кейіннен жер ыңғайына қарай старшиндерге бөлінді. Патшалық билік. Жәңгір ханның бұл дүниеден өтуіне орай хандық билікті  әлсіретіп, кейіннен жойып тынды. Оны жүзеге асыруға 1853 жылы 10 қаңтарда патша ішкі Орданы қайта құру туралы В. А. Перовскийдің ұсыныстарын Министрлер Кабинетінің қарауына берді.                                        

1855 жылы Орынбор генерал-губернаторы В. А. Перовский Министрлер кабинетінің ауызша келісімін алып В. В. Григорьевтің басшылығымен бірінші және екінші Теңіз жағалық округін құрды.

Кеңес үкіметінің орнауында округтік билік сақталды. Құрамында 29 болыс енген 1-ші және 2-ші Теңіз аймағы уезі болды. 1919 жылдары шекаралық өзгерістерге ұшырады. Бұл жұмыс кемер өзгерістерге дейін сақталды.                                                                                                                                             

1922 жылы 6 мамырда Бөкей ордасындағы басқару жүйесі жаңа типті қайта құруға ұшырады. Теңіз жағалығындағы екі округ таратылып солардың ізінде жаңада, Қазақ АКСР-ның картасында орталығы Ганюшкин ауылы, Теңіз уезі құрылды. Бұл ең алғашқы Теңіз кейіннен Құрманғазы атын иеленген ауданның дербес атау алып шаңырақ көтерген күні.                                              

1925 жылы 3 – қыркүйекте кезекті құрылымдық өзгерістер енгізілді. Құрамында 6 болыстық ауданы мен Бөкей уезі Орал губерниясына енді. Осы шешімге сай Теңіз ауданындағы он селолық кеңестен сайланған уәкілдердің съезі өткізілген. Оның құжаттарында сайлауға, сайлануға құқы бар. больстық аудандағы адамдардың тізімін 11 желтоқсан 1925 жылы анықтаған.                                                                                                           

Аудандағы  съезді өткізуге Бөкей уезінен уәкілетті сенім білдірген З. Жұмагазиевтің баяндамасында анық қамтылған. Делегаттардың келе алмауынан белгіленген мерзімде жұмыс бастай алмаған жиын 13қаңтар 1926 жылы ашылған.                                                                 

«В избирательную комиссию по Бук. уезду                                   

От уполномученного по Денгизскому району З. Джумагалиева                                                                                                                 

                                                             Доклад.                                                                                            

По данным перевыборной компаний все насиления по Денгизскому району 38532 души обоего поло из них мужчин 20203 и  женщин 18329. Казахов 31293 что составляет 81,2%, русских – 7116 (18,5%) и татаров и проч – 123 (0,3%).

Съезд открылся 13 январья 1926 г и на съезду из 150 делегатов прибыло 107 делегатов.»

 

 

Было выбронно

Прибыло на съезд

От Забуринского

26

15

Денгизского

5

5

Морского

12

9

Бодоханского

23

14

Сафонского-Брликского

15

8

Кудряшовского

6

6

Зорматинского

12

10

Курдуан Байдинского

13

7

Нуржауского

21

20

Улендинского

17

13

                  Всего:    150                                  107

(Негізі: БҚО Мемлекеттік мұрағаты № 325 қор. №1 тізімдеме №158 ісі №25-32; 36-38 беттен; № 325 қор. №1 тізімдеме № 72 іс № 14-17 беттер; 23 – 24 – 25 беттер).                                                                                                                 

КСРО.БОАК 1928 жылғы 17 қаңтардағы шешімімен Орал губерниясы таратылып орнына Орал, Гурьев округтері құралды. Теңіз ауданы 15 шілде 1928 жылы Гурьев округіне берілді. Бірақ реформалар тоқтамады. Губерния, округтер таратылып республикаға тікелей қарайтын 126 ауданның бірі ретінде Теңіз ауданы қайта құралды. 1930 жылы кері Гурьев округінің құрамына енді.         

(Негізі: «Бөкей орда тарихы» Орал: 2001).                                    

Бұл деректерді келтіруіміз: Еділ- Жайық қос өзен аралығындағы теңіз жағалығын басқару мен шаруашылық жүргізудегі дербес бірлік болуының анық ақиқатын ашып беру. Туған жеріміздегі өткен уақиғалардың желісін үзбей кейінгі жастарға, келер ұрпаққа жеткізіп, халқымыздың ұлттық санасына себезгілеген сәулені сыналап енгізуге септігімізді тигізіп парызымызды орындау.

                   ***                                                                                                                             

Ел басының «Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасретке толы, зобалаң да зұламат ғасыр болды. Біріншіден, ұлтық дамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз танылды.»- деп көрсеткеніндей,       метрополияның өңірді әкімшілік басқарудағы  құрылым жүйесін өз Тәуелсіздігін жариялаған мемлекет есепке алуға тиісті емес.

Түйін

Қазақ мемлекеттілігінің бастауы Қазақ хандығы құралған 1465 жылдан бастау алатыны еш дәлелді қажет етпейтін шындық. Оның айқын көрінісі Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың бастауымен 2015 жылы қыркүйекте Қазақ хандығының құрылғандығын әдейі Ел болып атап өткеніміз әр қазақстандықтың жадында көмескіленбейтін уақиға.                               

1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы кенестің сессиясында Ел тәуелсіздігін жариялады. Сол күн Тәуелсіз Қазақ Республикасының өмірге келген күні-жалпы халықтық мереке.                                                                                                        

Егеменді елдің өңірлерді басқару жөніндегі облыстық, аудандық, округтік құрылымдары да сол Тәуелсіздік алған күннен басталатындығы айдан анық мәселе.                                                  

Ауданымыздың Құрманғазы атануы 1997 жылдың қыркүйек айы. Баба атын иемденген күнімізді ұлықтасақ, артықшылығы болмас. Бұл барлық Қазақстандықтардың еш мұқадарсыз қабылдайтын шындығы. Басқаша  ұстанымға  еш негіз жоқ.  

                                                                                           Ұсыныс.

Елбасының мақаласында «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», - дегені тарихи тұлғаларымызды жаңғырта ортамызға әкеліп, олардың халықтың игілігі үшін жанқиярлық еңбегін бағалауды тапсырғаны. Біздің жерімізде болған қазіргі тек біреу емес бірнеше аудан көлемін жалпы мөлшері 7 миллион 500 мың гектар жерді Қазақ елінің құрамына қосқан Бөкей ханның есімін ұмыт қалдырмау біздің тарих алдындағы міндетіміз деп есептеймін.                                                     

Егер Бөкей хан ақыл, парасаттылығымен патшалық Ресей билеушілерінің тілін тауып, императордың ризашылығымен Указын алып Жайық өзенінің оң қанатындағы Еділге дейінгі аралықты иеленбесе, бүгінгі күні бұл өңірде кім қоныстанып, байлығын кім игеретіні беймәлім.         

Сондықтан да аудан орталығы Ганюшкино селосының атауын Бөкей хан қаласы деп өзгерткен барша тұрғындардың көңілдерінен шығыуға тиісті.

Перзент ретінде, Бабалар алдындағы қарызымызды өтер едік.Ақиқаттан аттамайық ағайын!

Өмірзақ Қажымғалиев,

Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкр. 

Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым

                                                                             акедемиясының толық мүшесі (академигі)                                            

                                                

                                                                                                             11 мамыр 2017жыл.