1942 ЖЫЛЫ САЛЫНҒАН МАҚАТ-НАРМОНДАНАҚ МҰНАЙ ҚҰБЫРЫ

1942 ЖЫЛЫ САЛЫНҒАН МАҚАТ-НАРМОНДАНАҚ МҰНАЙ ҚҰБЫРЫ

   1940-1941 жылдары кейбір кәсіпшіліктерде мұнай өндіру жоспары орындалмай келген болатын. Оның себебі әлі де бірқатар кәсіпшіліктердің арасында мұнай айдайтын құбыр салынбаған еді.

   Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнайға деген сұраныс артты. Осыған орай, Ембі ауданында кәсіпшіліктердің арасын жалғайтын ішкі мұнай құбырын салу қажет болды.1942 жылы ұзындығы 47,6 км,ені (диаметрі)  219/250 мм болатын Комсомольск-Мақат мұнай құбыры мен мұнай айдау стансасын салды. Бұл мұнай құбыры 1942 жылы ақпанда басталып, 1943 жылы маусымда аяқталды. Аталған мұнай құбырының маңызын бағаламау мүмкін емес, өйткені сол кезде әрбір жанар майдың тоннасы алтынға татыған.

   Нармонданақ-Мақат мұнай құбыры жылына 0,7 млн т мұнай айдай алатын еді.

3 - 3

   Нармонданақ мұнай айдау пунктінде 1930 жылы Англияда жасалған 75 аттық күші бар «Рустон-Горнсби» және күші 100 атқа тең «Зульцер» дизель-генераторы орнатылды.

   Станса жұмысшылары арасында социалистік жарыс екпінділер қозғалысы етек алды. Олар өздеріне берілген жұмыс мөлшерін артығымен орындап отырды. Нармонданақ мұнай айдау стансасында Орынбасаров Жігітбайдеген мұнайшы өзіне тапсырылған міндетті үлкен жауапкершілікпен орындап ұжымдастарына әрдайым үлгі болды.

2 - 3

   Мақат мұнай айдау стансасы ұжымын 1941-1942 жылдары Құлбатыров Нұртаза басқарыпты. Ол 1943 жьпдың екінші жартысынан Доссор стансасынын бастығы болады. Мақат кәсіпшілігіндегімұнай құятын эстакадаға бастық болып 1943 жылы Елеусінов Нығмет тағайындалады.Мақат мұнай айдау стансасына 1943-1944 жылдары  Н. В. Селезнев, ал соғыстың сонғы жылдары Кадыков Георгий басшылық еткен екен. Жергілікті мамандарымыз Лекеров Ақниет Доссор, Нармонданақ мұнай айдау пункттерін басқарса, Көшкенов Алтыбай - 1945 жылдары Ескене мұнай айдау стансасына жетекшілік еткен көрнеді.

   Жауапты істің басына басқарма басшылығының ұйғарымымен білікті мамандар шақырылған. Солардың бірі Кадыков Георгий - Макат мұнай айдау станса­сына жетекшілік етті. Ал, Н.В. Селезнев Мақат стансасынан кейін Ескене мұнай айдау стансасына жетекшілік етеді.

1 (2)

   Кича Михаил Митрофанович (армян ұлтының өкілі) Сағыз мұнай айдау тұрағына, М. Червячев – Доссор, П.Мясников - Қошқар, А.Масляков – Нармонданақ, Галустов - Сағыз стансаларындағы мұнай айдау тұрақтарына басшылық етті.

   Мақаттық мұнай айдаушыларының ерен енбектерінің нәтижесінде кеңес әскерлері жанар-жағар маймен қамтамасыз етіліп отырды.

 

 

Қабибек Мұхитов,

тарих ғылымдарының кандидаты