ҚАҺАРМАН ҚАЗАҚ – ҚЫЗЫЛОВ

ҚАҺАРМАН ҚАЗАҚ – ҚЫЗЫЛОВ

   Ұлы Отан соғысында ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, мемлекеттің ең жоғарғы марапаты – Совет Одағының Батыры, немес сонымен тең саналатын «Даңқ» орденінің толық иегері атанған атыраулық майдангерлер туралы аз жазылған жоқ, телеарналар да біршама уақыттарын бөлді. Яғни оларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жерлестері толық танып білді деуге болады.

   Дегенмен, облыс аумағынан ерте кеткен, немесе әскерге өзге аймақтан алынғандардың кейбірі осы күнге белгісіз күйде қалып келгендерін, әлі де беймәлім есімдердің анықталатындарын жоққа шығара алмаймыз. Бүгін сол беймәлім батыр жерлестердің бірі - ҚЫЗЫЛОВ Сақып Бақбауұлы туралы сыр шертіледі.

   Ол - 1914-жылдың 18-наурызында бұрынғы Гурьев, қазіргі Атырау облысының Теңіз (бүгінде Құрманғазы) ауданындағы Лабай ауылында (қазір Жалғызапан селосы аталады) дүниеге келген. Сол ауылдағы бастауыш мектепті (4 класс) 1930-жылы бітіріп, оқуын Орда ауданының орталығы Орда қаласында жалғастырмақ ойы жүзеге аспайды. Кәмілеттік жас – 16-ға толған оны ауылдық совет аумағында құрылып жатқан колхозға еңбеккер етіп тіркеп жібереді.

   23 жасында, 1937-жылдың күзінде Қызыл Армияға алынады, одан екі жылдық мерзімі біте келіп, үйіне қайтқалы жиналып жүргенінде - Екінші дүниежүзілік соғыс басталады да кетеді. Сол сәтте соғыстың басталуынан бір апта бұрын - 23-тамыздағы Молотов-Риббентроп пактісі бойынша фашистік Германия мен Совет Одағының бір-бірімен шабуылдаспау туралы құпия келісімге келгенінде –шын мәнінде Жер бетін екеуара бөлісуде одақтасу еді.

   1939-жылдың 1-қыркүйегінде Германия  бейбіт өмір сүріп жатқан Польшаға басып кіргенде - АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Канада, барлығы 11 мемлекет оны айыптап наразылық танытқанда, оларға үн қоспаған Совет Одағының басшылығы 17-қыркүйекте Киев және Белорусь айрықша әскери окургтері күштерімен Польшаға соғыс жарияламастан оның шығысына баса көктеп енуді бастағаннан 29-қыркүйекте аяқтап, ол мемлекеттің 40 пайыздай жерін басып алды.

   Жай қызыләскер С.Қызылов  Батыс Украинаны Польша құрамынан СССР-ге қосуға, одан 1940-жылы Финляндиямен соғысқа қатысады. Сол жылдың аяғына таман елге оралып, 1941-жылдың ақпан-мамырында Астрахан қаласында 4 айлық тракторшылар курсында оқиды. Сталинград облысының (Астрахан округі тек 1943-жылы ғана өз алдына облыс атанған) Владимир ауданында тракторға отырғанына 3 апта толмай жатып, Ұлы Отан соғысы басталады да кетеді. Келесі күні, 23-маусымның таңында Сақып бірнеше жігіт болып аудандық әскери комиссариатқа өздерін майданға жедел түрде жіберу өтінішімен барады. Ұзаққа созылатыны ә дегеннен сезіліп қалған алапат соғыс басталып жатқан кезде, өзге әскер жасындағыларға үлгі етерлік бастама - советтік идеологияға ауадай қажет еді. Сол екпінмен 24-маусымда Қызыл Армияға екінші рет алынып, аудан орталығы Владимировка селосынан 250 шақырым жердегі әскери округ орталығы Астрахан қаласында көп кідірмей, Сталинградқа жүріп кетеді.

   Алдыңғы екі соғыс қимылдарына атқыш болып қатысқан Сақыпты инженерлік-мина қызметіне дайындайтын 6 айлық курсқа жібереді. Бастапқыда ол мұны қабыл көрмей өзінің жаяу әскері қатарында бірден жаумен бетпе-бет шайқасуға мүмкіндік беруді сұраған. Сонда курстың саяси жетекшісі егде политрук: «Кизилов, ты станешь Героем Советского Союза - именно в инженерно-саперной службе. Не забудь, этот мое слово, дорогой. Так что учись на отлично, чтобы не ошибаться и будешь жить, и станешь знаменитым!» дегенінде, «осыны бәріне айтып жүр ме екен, әлде жалғыз маған ба?... Саперға қа-а-и-дағы Герой?» деп іштей бір айтқан да, одан кейін тіптен ойына алмаған.

   Сақып қырғын соғысқа 1942-жылдың наурызында Волхов майданына бағынышты 54-армияның 136-дербес  моторланырылған инженерлік батальоны құрамында бөлімше командирі болып кіреді. Дайындық курсын үздік бітіріп, сержант шенін алған қазақ жігіті өзінің аса жауапты да қатерлі ісіне өте ыждағаттылықпен қарап, оқ бораған, снаряд пен бомба жарылған түрлі шайқастар алаңдарында ширығып, тәжірибесін молайта түседі.

 

Әскери өмірдерек

 

   ҚЫЗЫЛОВ Сақып Бақбауұлы (1914, Лабай селосы, Теңіз ауданы, Гурьев облысы, Қазақ ССР-і – 7.10.1980, Астрахан облысы, РСФСР)

   «Даңқ» орденінің толық иегері (3-ші дәреже №7501, 2-ші дәреже №3799, 1-ші дәреже №180).

   Қызыл Армияға екінші рет 1941-жылдың 24-маусымында РСФСР-дің Астрахан облысындағы Владимирский аудандық әскери комиссариатынан жіберілген.

   Ұлы Отан соғысында 20-гвардиялық дербес моторландырылған шабуылдаушы инженерлік-саперлық бригаданың 136-гвардиялық дербес моторландырылған шабуылдаушы инженерлік-саперлық батальоны құрамында взвод командирінің көмекшісі, бөлімше командирі (1942-1945). Кіші лейтенант (1946), 2 мәрте «Қызыл Жұлдыз» (6.08.1944, 27.10.1944), 1-ші (24.03.1945), 2-ші (22.04.1944), 3-ші (7.02.1944) дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Өжеттігі үшін» (20.10.1942), «Ленинградты қорғағаны үшін» (17.07.1943), «Жапонияны жеңгені үшін» (1946) медальдарымен марапатталған.

ҚАҺАРМАН ҚАЗАҚ – ҚЫЗЫЛОВ

   Төменде оның ержүректігін, ептілігін, тапқырлығын, беделді де талапшыл командир екенін паш ететін мемлекеттік марапаттау бетшелерінде өз уақытында жазылғандарды оқырмандарға сол күйінде жеткізіп отырмын.

   «Тов.Кизилов С. проявил отвагу и мужество при наведении штурмового моста в районе 2-го батальона 1064-стр.полка 281-стр.дивизии для переправы через Тигода (Ленинград облысындағы өзен, Ж.Д.) наступающей пехоты. Когда более половины личного состава взвода выбила из строя, в том числе сам командир взвода, командир отделения сержант Кизилов принял на себя командование взводом, и с группой оставщихся бойцов выполнил поставленную взводу задачу – штурмовой мост несмотря на сильный огонь противника, был наведен.

 

   Тов.Кизимов С. достоин Правительственной награды медали «За отвагу».

   Командир батальона  Комиссар батальона (екеуі де түсініксіз жазылған)

                                                                          8 августа 1942 года»

 

   Осы ерлігі үшін «Өжеттігі үшін» медалімен марапатталған. Бұл – оның үкіметтік тұңғыш марапаты еді.

   Екінші ресми марапат – бірінші орден 1944-жылдың 7-ақпанында бұйырады.

   «Помощник командира взвода гвардии старший сержант Кизилов Сакиб Бакумович, действуя в составе группы рейда 7-гв.танковой бригады в тыл противника проявил высокие примеры отваги и героизма при разгроме немецких гарнизонов в деревнях Кшентицы, Видочошь и Теребониц, где лично убил двух немцев и одного захватил в плен. В деревне Видочашь лично вытащил из под огня противника тяжело раненного гв.ефрейтора Тарасова с его оружием.  В районе д.Косецкая тов.Кизилов взворвал мост через реки Луга, действуя под ожесточенным обстрелом противника.

 

   Командир батальона гв.капитан (фамилиясы анық емес)

        

3 февраля 1944 года»

 

   Осы ерліктері үшін 3-дәрежелі «Даңқ» ордені берілген.

   «1 марта 1944 года гв.ст.сержант Кизилов действовал с группой разведчиков сапер в районе канала Липаку-Крав, пулемет и снайпер противника засевшись в ДЗОТе, мешали продвижению пехотным подразделениям. Тов.Кизилов смело выдвинувшись со своей группой вперед – блокировал ДЗОТ, уничтожил его гарнизон и выбил из другого ДЗОТа гарнизон противника.

   Благодаря смелым и решительным действиям гв.старшего сержанта Кизилова, путь для наступающей пехоты был открыт.

   Будучи раненным в этом бою тов.Кизилов не покинул поля боя, а до конца операции руководил боем.

   Вполне достоин правительственной награды ордена «Слава» ІІ-ой степени.

 

  Командир 2-гв.штур.инж.батальона гв.майор (фамилиясы түсініксіз)

        

5 марта 1944 года».

 

   Бұл ерлігі үшін 2-дәрежелі «Даңқ» орденін алған.

   «26 июня 1944 года в боях за дер.Сари-Порош действуя командиром группы разведки и разграждения, продвигаясь впереди танков 29-ой танковой бригады, захватил со своей группой саперов мост через реку Олонка и решившись умереть, но чтобы спасти его от взрыва, бросился на берег к горящему бикфордовому шнуру и обезвредил его. Мост от взрыва был спасен. Через спасенный Кизиловым мост прошли все легкие танки, что обеспечило быстрое овладение правой стороной дер.Сари-Порош и разгром противника в последующих действиях.

   Геройский действовал во всех танковых атаках, постоянно показывал личный пример бесстрашия и беспощадной мести врагу.

   На подступах к дер.Калат-Семьга со своей группой разведал и разминировал переправу через реку Тулема Иски, где под ожесточенным обстрелом противника лично снял 24 мины Т-35.

   За проявленный героизм в боях, на всем 250 километровом пути продвижения тов.Кизилов достоин награждение орденом «Красной Звезды».

 

   Командир 2-гв.отдельного мото.штурмового инж.сап.батальона

         гвардии капитан Гурин

 

         17.07.1944».

 

   Мына ерліктері «Қызыл Жұлдыз» орденімен бағаланады. 26-маусымдағы көзсіз ерлігі туралы майдангердің өзі айтқаны:

   «Фашистер Карелияның әрбір жүруге қиын учаскелерінде, өздері мықтаған бекіністерінде жандарын сала қорғанып бақты. Біздің тықсыра шабуылдаушы танк полкымыз ағып жатқан жалпақтау келген Олонка өзеніне кезікті де, кідіруге мәжбүр болды. Одан ұрыс салумен өту қиын еді, себебі – топырағы бос, балшығы қалың, су тайыз емес, танктер бауырлаумен батып қалатындары сөзсіз. Немістер сол маңдағы жалғыз көпірдің шығыс бетіне қорғаныс құрып, зеңбіректен, пулеметтен атқылап, бастапқыда жақындатпай қойған. Дегенмен, ондаған танктің снарядтары оларды тас-талқан етіп, көпірге барынша жақындай түсті. Жаудың аман қалғандары атысумен көпірдің арғы басына шегініп, көрінбей кетті. Қарсыластың көпірді жаруға дайындалғанын, не оған әзірленбегенін, біздер – саперлар тез анықтап беруге тиіспіз. Сондықтан менің тобым көпірдің бергі шетіне жалма-жан жеттік те, жата қалыстық. Көзімнің жітіктігімен байқап қалғаным, бір фашист бикфорд шнурын тұтандырып жіберіп, арғы жағаға жүгіріп бара жатыр, оны қорғаштап екінші фашист автоматынан біздің жаққа оқты қарша боратып тұр. Мен автоматшыны «мұрттай ұшырдым» да, өзенге сүңгіп кеттім. Су бетіне шықсам – екі жақ сатырлатып атысып жатыр, жанған шнурдың оты түтіндеумен көпірдің орта тұсына қарай кетіп барады. Жарылғыштар салынған үлкен бөшке - көпірдің қақ ортадағы астына қойылған екен. Енді жарты минутқа кешіксем – көпір көкке ұшады. Екінші рет сүңгіп, қайта шыққанымда – шнурдің дәл қасында екенмін, дереу пышағыммен сау жағынан қиып жібердім. Бірақ, қауіп әлі сейілмеген еді, немістер бөшкені атқылар болса – жарылыс! Енді жанұшырып соған ұмтылдым. Мені нысанаға алған жаудың бір оғы сол иығыма қадалды да қалды. Көзім қарауытып, құлағым шыңылдап қоя берді. Бірақ, тез есімді жидым. Шыдап бақсам да, миға әсер етіп, сырқырап барады. Жарылғыш толы зіл бөшкені қатты ұрмай, бар күшіммен итеріп едім, өзенге құлап кетті. Осы кезде, бар болғаны 10 секундтан кейін шығар, тарсылдатып біздің танктер колоннасының алды көпірдің дәл ортасына келіп жетті.     

   Шынымды айтсам – мен ол жерде тірі қалатыныма еш сенгенім жоқ, тек бір мақсатым - өлсем де, көпірді аман алып қалу еді. Қаруластарым да «көпір астында өлді» санап, өкінісіп қалыпты. Бұл – менің үшінші рет ажалдан аман қалуым болатын...»

   Ақиқаты солай, басын өлімге тігіп, шабуылдаушы танк полкының, оның артындағы жаяу әскер мен артиллерияның жолдарын бір өзінің ашып бергені – «Қызыл Жұлдыз» орденімен бағаланғаны тым төмен еді.

   «Командир отделения разведки тов.Кизилов С. за период боев с 7 октября по 24 октября 1944 года, находясь в боевых порядках пехоты и впереди их, производил инженерную разведку для пропуска танков. За этот период гвардии старший сержант Кизилов представлял сведения, имеющие первостепенное  значение при инженерном обеспечении 7-ой гвардейской танковой бригады.

   Его отделением разведено более 10-и минных полей противника, снято и обезврежено более 100 мин и 13 фугасов. В районе Тофте 23 октября 1944 года группой сапер под командованием гвардии ст.сержанта Кизилова взято в плен 2 немецких солдата, от которых были получены ценные сведения.

   Тов.Кизилов достоин награждения орденом «Красная Звезда».        

   Командир 2-гв.ОМИСБ гвардии капитан Гурин

 

25.10.1944 года».

ҚАҺАРМАН ҚАЗАҚ – ҚЫЗЫЛОВ 2

   Осы ерліктері үшін екінші «Қызыл Жұлдыз» орденін алады.

   1944-жылдың қарашасында дербес батальонның командирі гвардиялық майор В.И.Гурин мен оның саяси орынбасары гвардиялық майор И.И.Лебедев бригада командирі гвардиялық подполковник Константин Яковлевич Аршбаға С.Қызыловты 1-дәрежелі «Даңқ» орденіне ұсыну туралы өтініш жасайды. Сақыпты жақсы білетін ұлты абхаз Аршба 14-армия басшылығынан бұл ұсынысты қолдауды сұрайды. Армия қолбасшысы генерал-лейтенант Владимир Иванович Щербаков, әскери совет мүшесі генерал-майор Александр Яковлевич Сергеев, штаб бастығы генерал-майор Иван Петрович Герасев қолдарын қойып, мөрді басып одан әрі Карель майданының әскери советіне жолдайды. И.В.Сталинмен, М.И.Калининмен жақсы қатынастағы майдан қолбасшысы Совет Одағының Батыры, «Жеңіс» орденінің иегері, Совет Одағының Маршалы Кирилл Афанасьевич МЕРЕЦКОВ ұсынысты Кремльге өз қолымен апарып тапсырғаны нәтижесін береді. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1945-жылдың 24-наурызындағы Жарлығымен Сақып ҚЫЗЫЛОВ 1-дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталып, ол орденнің толық иегері атанады. Ұлы Отан соғысында бүкіл Карель майданы бойынша тек 12 жауынгер ғана осыған жеткенін ескерсек, қандай жетістік екенін, қандай қиын болғанын түсінеміз.

   Сақып бұл Жарлықты Германиямен соғыс аяқталып, енді Жапониямен соғысу үшін Қиыр Шығысқа жіберілгенінде – өзінің бауыр басып қалған досы санаған батальон командирінің саяси орынбасары И.И.Лебедев қаруластарын жинап, салтанатты түрде хабарлайды.      

   Милитаристік Жапония тізе бүккеннен кейін, Сақыпты іле-шала қазанның басында кіші лейтенанттар курсына жібереді. Оны 5 ай оқып, офицер атанғанында – әскерде қалу-қалмауын өз еркіне салады. Қанға сіңген даладағы еркіндікті аңсаған қазақ жігіт елге қайтуды қалайды. Сөйтіп, 1946-жылдың сәуірінде, 32 жасында әскерден запасқа шығарылады. Айтпақшы, 1-дәрежелі «Даңқ» ордені омырауына сол курста оқып жүргенінде тағылады.

   Осы жерде менің бір өкінішім бой көрсеткен. Ол - «Екінші Дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлер» 10 томдығыма офицер С.Қызыловтың бұл шенді соғыс аяқталғасын 6 айдан кейін алғандығынан кірмегені. Әйтпесе, 34 Совет Совет Одағының Батыры қазақ офицер ортасынан құрметті орын тиетін еді.

   Соғысқа дейінгі кәсібі шопандыққа оралып, Астрахан облысындағы колхозға тұрақтайды. Аудан басшылығы оны Астрахан қаласындағы кадр дайындау мектебінде екі жыл (1948-1950) оқытып, Жоғары Басқұншақ поселкесіндегі машина-трактор станциясына директор етіп тағайындайды (1950-1957). Одан кейін 1957-1962-жылдары «Путь к коммунизму» колхозының басқарма председателі болады. Өзінің үзілді-кесілді талап етуімен (бір жылғы құрдасы, Орынборда туған, қазақ тілінде сөйлей алатын облыстық партия комитетінің бірінші секретары Василий Иванович Антоновқа аяқтай барумен) 1962-жылы аға шопандыққа ауысып, оны  1979-жылға дейін атқарады. 700 бас қаракүл қойынан тұратын оның отары осы жылдар ішінде әр 100 аналықтан 115-тен 147 қозыға дейін алып тұрған. Қаракүл елтірісінің 1-сорттылығы 75 пайыздан кем болмаған.

   Басқармалықты Қызыловтан қабылдап алған Иван Агеевич Савельев – Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатынасқан майдангер-ефрейтор, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері еді. Сақыптан 6 жас кіші ол - институтты бітіріп, зоотехник мамандығын алған, Астрахан облысындағы бірден-бір шаруашылық басшысы-Социалитік Еңбек Ері атанған.

   Сақып Қызыловтың бейбіт өмірдегі еңбегін Үкімет әрдайым әділ бағалап отырады. 1966-жылы «Үздік еңбегі үшін», 1970-жылы «Ерен еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл», 1971-жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, ал 1975-жылы Октябрь революциясы орденімен (1967-жылдан СССР-дегі №2-орден) марапатталады. Ол колхоздағы 48 аға шопан арасында ылғи да әріптестері Әбдішев, Бершев, Мусинов, Темирсултановалармен бірге бірінші «бестікте» екі бесжылдық бойына нық орын тепкен-ді. 1976-1979-жылдардағы көрсеткіштері (140-147 қозы) Ленин орденіне, Социалистік Еңбек Ері атағына лайық-ты, әттең бесжылдықты аяқтай алмай, 1979-жылы денсаулығының күрт төмендеуіне байланысты шопандықтан қалуына тура келеді. Келесі жылдың 7-қазанында, қарттыққа жетпестен, 66 жасында дүниеден озады.

   Октябрь революциясы орденімен марапатталысымен Бүкілодақтық «Маяк» радиостанциясы С.Қызыловпен үлкен сұхбат құрғанда - майданда алған марапаттары, батальонының өзімен бірге 2-3 жыл соғысқан басшылары да аталады. Арада көп уақыт өтпей, 30 жылдан бері көрмек түгілі бір хабары естілмеген батальон командирінің саяси орынбасары, 4 орденнің иегері гвардиялық майор Иван Иванович Лебедевтен күтпеген жерден мына хатты алады.

   «Я долго искал тебя Сакип! И вот ты вышел на связь с новой трудовой победой через Всесоюзное радио. Это - здорово! Очень и очень примечательно и для тебя и для меня, т.е. для нашего времени. Я узнал тебя Сакип! Спасибо тебе, большое спасибо дорогой! Ты был первым и остался первым, верным себе и нашим традициям. С заслуженной наградой – орденом Октябрьской революции поздравляю тебя. Я очень рад за тебя, за твои успехи, за твою светлую и нужную людям жизнь. Но я совсем не думаю, что жизнь твоя легкая: скорее наоборот, как и на фронте идешь трудовой тропой, «чем и заслужил себе добрую славу».

 

Доспановтың анықтамасы

   ЛЕБЕДЕВ Иван Иванович 1910-жылы РСФСР-дің Тула облысындағы Чернск ауданының  Турче селосында туылған.

   РККА-ға 1941-жылдың маусымында Москва қаласының Киев аудандық әскери комиссариатынан өз өтінішімен алынған.  

   Ұлы Отан соғысында 20-шабуылдаушы инженерлік-саперлық бригада құрамындағы 2-батальон командирінің саяси орынбасары (1943-1945). Гв.майор (1944).

   1-ші (25.09.1945) және 2-ші (26.11.1944) дәрежелі «Отан соғысы», 2 мәрте «Қызыл Жұлдыз» (22.04.1944, 4.08.1944) ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» (31.01.1943), «Ленинградты қорғағаны үшін» (17.07.1943), «Жапонияны жеңгені үшін» (1946) медальдарымен марапатталған.

 

   ГУРИН Виктор Иванович 1917-жылы Украин ССР-інің Кировоград облысындағы Бобровицы қаласында дүниеге келген.

   РККА-ға 1937-жылы Украин ССР-інің Николаев қалалық әскери комиссариатынан шақырылған.

   Ұлы Отан соғысында 20-шабуылдаушы инженерлік-саперлық бригада құрамындағы 2-батальонның штаб бастығы (1943-1944), командирі (1944-1945). Гв.майор (1944).

   «Жауынгерлік Қызыл Ту» (25.09.1945), 2-дәрежелі «Отан соғысы» (3.08.1944), «Қызыл Жұлдыз» (26.11.1944) ордендерімен, «Өжеттігі үшін» (10.09.1943), «Жапонияны жеңгені үшін» (1946) медальдарымен марапатталған.

   Ресейдің Астрахан облысында екі Батыр қазақ – «Даңқ» орденінің толық иегері (1945) Сақып Қызылов пен Социалистік Еңбек Ері (1966) Нәби Бабаев бейбіт өмірде шопандықты қажырлы еңбекпен атқарып, Ресей Федерациясына, Одаққа танылды. Орыс мемлекетіндегі қазақ диаспорасының абыройын жоғарылата түсті. Екеуінің де туған жерлері Атырау облысы. Нәбидің кіндігі – 1934-жылы Махамбет ауданындағы Таңдай селосында кесілген. Бұл кісі туралы 2013-жылдың күзінде осы «Алтын ғасыр» газетінде көлемді материал жариялағанмын.        

   Осы кезге дейін Атырау облысында дүниеге келген «Даңқ» орденінің толық иегерлері 4 азамат ӘЛІПОВ Ғиззат Мұқашұлы (Большой Бугор селосы, Теңіз ауданы), ЕРКІНОВ Шүкір Таңатарұлы (Миялы селосы, Қызылқоға ауданы), ПОЛЫНИН Евгений Михайлович (Жилая Коса селосы, Жылыой ауданы), ШАМИН Гавриил Петрович (Гребенщик селосы, Есбол ауданы) айтылып келсе, енді олардың қатарына мерейімізді арттырып, 5-ші болып Сақып Бақбауұлы ҚЫЗЫЛОВ қосылды. Ерте білінгенінде, өткен жылы туғанының 100 жылдығы Атырау облысында, оның Құрманғазы ауданында кеңінен аталып өтер еді... Ештен – кештің артықшылығын білетін халықпыз, алдағы уақыттарда жасалынар құрметіміз аз бола қоймас.

 

         Жұмабай ДОСПАНОВ,

 

«Алтын ғасыр», 2015-жыл

Теги сайттайсойган тайсойғансайты ЖЕҢІС75