БОЙНОВ Григорий Андреевич (1907, Широмасово селосы, Теньгушев ауданы, Мордва АССР-і - 1985)
Социалистік Еңбек Ері (11.01.1957).
Мордвин. Орталау мектепті (1924), ауылшаруашылығы техникумын (1927), Москва Шығыс халықтары университетін (1933), В.И.Ленин атындағы әскери-саяси академия жанындағы курсты (1940), Алматы жоғары партия мектебін (1950) бітірген.
Техникум студенті (1924-1927). Саратов губерниясы жер басқармасында зоотехник (1927-1928). Университет студенті (1928-1933).
№8 «Гурьев» совхозы саяси бөлімі бастығының комсомол бойынша көмекшісі (04.1933-04.1934), орынбасары (04.1934-08.1936). «Бөрлі» совхозы саяси бөлімінің бастығы (1936-1940). Курс тыңдаушысы (03-09.1940). Лбищин аудандық патрия комитетінің екінші секретары (10.1940-11.1941).
РККА-ға 1941-жылы Орал қалалық әскери комиссариатынан политрук-аға лейтенант шенінде шақырылған. Ұлы Отан соғысына қатысушы (12.1941-09.1945). полк партия бюросының секретары (12.1941-06.1942), батальон комиссары (06-11.1942), 213-атқыштар дивизиясы партия комиссиясының председателі (11.1942-07.1945), полк командирінің саяси орынбасары (07.1945-06.1946). Қызыл Армия саяси бас басқармасы жанындағы аға саяси қызмектерлер курсының тыңдаушысы (Москва, 06.1943-04.1944). Майор (02.1944).
Орал қалалық партия комитетінің екінші секретары (07.1946-10.1948). Батыс Қазақстан облыстық партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі (10.1948-09.1951). Теректі (09.1951-10.1965), Бөрлі (10.1965-12.1968) аудандық партия комитеттерінің бірінші секретары.
Ленин (11.01.1957), «Жауынгерлік Қызыл Ту» (21.08.1943), «Еңбек Қызыл Ту» (1954), 1-ші (10.06.1944), 2-ші (2.06.1945, 6.04.1985) дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет Белгісі» (1966) ордендерімен, «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталған (11.01.1957).
ПЕЛЬШЕ Арвид Янович (1899-1983)
КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі (1966-1983), КПСС Орталық Комитеті жанындағы партиялық бақылау комитетіенің председателі (1966-1983). Латвия Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің секретары (1941-1959), бірінші секретары (1959-1966).
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1969, 1979).
«Бақсай» және «Гурьев» совхоздарының орталықтары – Бақсай және Таңдай селоларында 1936-жылдың мамырында болған.
ВИНОГРАДОВ Трофим Михеевич (1913, Смоленск қаласы, РСФСР)
Орыс. Патша сотының әкесін жер аударуға шығарған үкімі бойынша 1915-жылы Новосибирск губерниясына көшіп барған. 7 жылдық білімді Маюрово орталау мектебінен алады (1929).
Маюрово селосындағы кулактың жалшысы (1927-1929). «Заветы Ильича» колхозы клубының меңгерушісі (1929-1931). «Сибпутьстрой» басқармасында (Новосибирск) учаске десятнигі (1931-1934).
№5 «Бақсай» қаракүл совхозында құрылыс бригадасының бригадирі (04.1934-05.1935). Новосибирск облысындағы Черепановск аудандық әскери комиссариаты арқылы Хабаровск әскери құрылысшылар бригадирлері мектебінінде оқыған (1935-1936). Амурдағы Комсомольск қаласындағы әскери бөлімде рота старшинасы (1936-1937). Амурдағы Комсомольск жаяу әскер училищесінің курсанты (1937-1940). Қиыр Шығыс әскери округінде атқыштар взводының командирі, лейтенант (1940-1941).
Ұлы Отан соғысына қатысушы. Батыс майдан құрамында атқыштар ротасының командирі (07-11.1941). Ауыр жарақаттан Ульяновск қаласындағы №999 әскери госпитальде емделген (11.1941-06.1942). Қызыл Армия Бас штабының жоғарғы мектебінде тыңдаушы, аға лейтенант (07-11.1942). 10-армия (Батыс майданы) құрамындағы атқыштар дивизиясы барлау бөлімі бастығының көмекшісі, гвардиялық капитан (11.1942-11.1943). Қызыл Армия барлауы жоғары курсының тыңдаушысы (Москва, 11.1943-05.1944). 4-Украин майданы құрамындағы 1-гвардиялық армия барлау бөлімі бастығының көмекшісі, гвардиялық майор (05.1944-05.1945).
Солтүстік топ әскерлерінің (СГВ) Бреслау қаласында орналасқан атқыштар батальонының командирі (05.1945-04.1947). Осы топ аумағындағы Швейдниц қаласының әскери коменданты (04.1947-03.1948).
Новобогат ауданының әскери комиссары (05.1948-12.1949). ДОСААФ Гурьев облыстық комитетінің председателі (01.1950-12.1951). 1951-жылдың желтоқсанында СССР Қарулы Күштерінің мотоатқыштар полкына командирлікке тағайындалып, 1958-жылы сол лауазымнан гвардиялық полковник (1954) шенімен отставкаға кетеді.
1-дәрежелі «Отан соғысы» (16.02.1945), «Қызыл Жұлдыз» (30.10.1943) ордендерімен және 4 медальмен марапатталған.
КОМПАНИЕЦ Лидия Александровна (12.03.1914, Ново-Григорьевка селосы, Запорожье облысы, Украин ССР-і – 30.12.2003, Киев қаласы)
Украин. Ленинград кітапханашылар техникумын бітірген (1934).
СССР, Украина Жазушылар одақтарының мүшесі (1952). Совет Одағына танымал ақын, драматург, сценарийші.
Таңдай селолық кітапханасының меңгерушісі (11.1934-11.1935). Ленинград қаласында кітапханашы, газеттер редакцияларында әдеби қызметкер (1935-1940). Мәскеу қаласындағы газет, журналдар редакцияларында әдеби қызметкер (1940-1954). Киев қалалық балалар театрында сценарийст, бас режиссердің ассистенті (1954-1959). В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық пионер ұйымы Украин республикалық советінің «Барвинок» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты секретарь, бас редактордың орынбасары, бас редакторы (1959-1970).
БАЕВ Федор Трофимович (1903, Келий-Колодец селосы, Вейделевск ауданы, Воронеж облысы, РСФСР)
№5 «Бақсай» қой совхозы саяси бөлімі бастығының орынбасары - партия бюросының секретары (07.1935-02.1938), саяси бөлімінің бастығы (02.1938-02.1939).
ВКП(б) Орталық Комитеті жоғары партия мектебінің тыңдаушысы (02-10.1939). Свердловск қалалық партия комитетінің үшінші секретары (10.1939-04.1940), екінші секретары (04-07.1940). Свердловск облыстық партия комитетінде: үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі (07-10.1940), үшінші секретарь (10.1940-04.1941). Воронеж облысындағы Кантемирск аудандық партия комитетінің бірінші секретары (04-07.1941).
РККА-ға екінші рет өз өтінішімен 1941-жылдың шілдесінде Воронеж облысының Кантемирск аудандық әскери комиссариатынан аға политрук-капитан шенімен алынған.
Ұлы Отан соғысында батальон комиссары (1941-1942), батальон командирінің саяси орынбасары (1942-1943). Майдандық 7-қорғаныс құрылысы басқармасының: 154-әскери-құрылыс отряды командирінің (1943-1944), 216-дербес минадан тазарту отряды командирінің (1944-1945) саяси орынбасары. Майор (02.1943).
Гурьев (1938-1939), Свердловск (1940-1941) облыстық партия комитеттерінің мүшесі. Бақсай аудандық (1938-1939), Свердловск қалалық (1940-1941), Кантемирск аудандық (1941) партия комитеттерінің бюро мүшесі.
1-дәрежелі «Отан соғысы» (12.07.1945), «Қызыл Жұлдыз» (16.03.1944) ордендерімен марапатталған.
ЛЕПЕСОВ Камалиден (1910, Орпа ауылдық советі, Новобогат ауданы – 1937, Орпа ауылы)
Орпа бастауыш мектебін бітірген. Арабша да сауатты.
Өз шаруашылығында (1923-1929). Колхозда еңбеккер (1929), бригадир (1932-1933). Орпа ауылдық советі атқару комитетінің секретары (1929-1932).
№5 «Бақсай» қой совхозы №2-фермасының шаруашылық меңгерушісі (1933-1936).
(Камалиденов Зақаштың әкесі).
Жұмабай ДОСПАНОВ, Ұлы Отан тарихын зерттеп
жүрген ізденуші, өлкетанушы, қоғам қайраткері