АТЫРАУДЫҢ АЛАШОРДАЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРІ

АТЫРАУДЫҢ   АЛАШОРДАЛЫҚ  МҰҒАЛІМДЕРІ

АТЫРАУДЫҢ   АЛАШОРДАЛЫҚ  МҰҒАЛІМДЕРІ

«СЫЙҚЫТОВ (СЕЙКЕТОВ)  ШӘРІП  СЫЙҚЫТҰЛЫ  (т.-ө.жж.б.) - Атырау  өңірінде  ХХ  ғ. басында  ұстаздық  жұмыста  болған  мұғалімдердің  бірі. Бұрынғы  Ілбішін  қисымындағы  Кермеқас  ауылының  бірсыныптық   орыс-қазақ  училищесінің  екінші  мұғалімі  (1901-1904 жж.),  меңгерушісі   және   бірінші  мұғалімі (1904-1905 жж.),  Кермеқас  ауылының  бірсыныптық   орыс-қазақ  училищесінің    мұғалімі (1906  ж.), Гурьев   қисымындағы  Есбол  ауылының   екісыныптық  орыс-қазақ  училищесінің  меңгерушісі және   бірінші  мұғалімі (1907-1908  жж.),  Қарабау  ауылындағы  бірсыныптық  орыс-қазақ  училищесінің меңгерушісі және   бірінші  мұғалімі (1909-1912  жж.)  болып  еңбек  етті («Статистический  обзор  Уральской  области  на  1903-1906,1908-1914 гг.»).

 Екіншісі, «Зұлмат»  заманында  «халық  жауы»  деп  атылған, 1957 ж.ақталған («Атырау  облысы  мұғалімдерінің  энциклопедиясы». 3-кітап. Ақт., 2006, 317-б.) Есмұрзин  Өмірзақ  жөнінде  әзірге  дерегіміз  аз  болып  тұр. Дегенмен, менің  кей  әріптестерімнің  бөлек  мақала  жазғанын  қазір  біліп  отырмын.

Әлібеков  Ғұбайдолла, Кенжин  Аспандияр  және  Тәттібаев  Қазмұқанбеттер  кіретін  екінші  топтағылар  1917  жылғы  оқиғалардан  соң  мұғалімдік  қызметтен  ауысып  кетті. Бірақ, олар  ұстаздық  іске  үнемі  қамқоршы  болып  отырды.

Ал,  үшінші  топтағылар  алаш  мұғалімдері  бола  алды. Енді  осы  мұғалімдердің  бір  тобы  туралы  дербес  әңгімелеуді  жөн  санадым.

                                         АЛАШ  ҰРПАҒЫН  АҒАРТҚАНДАР

1. АСЫЛӘЛИЕВ  АМАНҒАЛИ  АСЫЛӘЛІҰЛЫ (1884,  Тайпақ  өңірінің  Ақтөбе  ауылы  – 1973, Атырау  облысының  Махамбет ауданындағы  Махамбет селосы) білім беру ісінің  үздігі, Атырау  өңірінде ХХ ғ. басында  ұстаздық  жұмысты  бастаған  мұғалімдердің  бірі.  Қазақ КСР-нің  еңбегі  сіңген  мұғалімі, халық  ағарту  ісінің  озаты. Қызылжардың  орыс-қазақ  училищесін (1900), Гурьевтің  екісыныптық  орыс-қазақ  училищесін (1903)(үздік),  Орынбордың  мұғалімдер  семинариясын (1908), Гурьев  мұғалімдер  институтын (сырттай  оқып) (1941) бітірген.  1908-1911  жж. – Тайпақ  өңіріндегі орысша-қазақша  екі сыныптық  Есбол  училищесінің  мұғалімі, 1912-1915 жж. - Қызылжар  орыс-қазақ  училищесінің  меңгерушісі  және  мұғалімі,  1920 жж. бір  сыныптық  Соналы  училищесінің мұғалімі,  1920-1941 жж. - бірінші  сатылы  2-ші  Байбарақ, 3-ші  Байқұтты  мектептерінің  меңгерушісі, Қызылжар  орталау  мектебінің  мұғалімі, БҚО-ның  Тайпақ  ауданындағы  5-ші  мектептің  меңгерушісі, 1941-1942 жж. -  Атырау  облысының  Қызылқоға  ауданындағы  Қаракөл  орта  мектебінің  мұғалімі, 1942-1944 жж. -  аталмыш  мектептің  директоры,  1944-1947 жж. -  Қарабау  жетіжылдық  мектебінің  директоры, 1947-1954  жж. -  Бақсай  (қазіргі  - Махамбет) ауд.Жаманқала  орта  мектебінің  орыс  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  болып,  абыройлы  еңбек  етті.  Бақсай  ауданындағы  орта  мектептің   мұғалімі  болып,  жұмыс  жасап  жүрген  кезінде - Қазақ  КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет  грамотасымен, 1949 жылғы  21-ші қаңтарда -  КСРО-ның  Ленин  орденімен марапатталған. Махамбет  ауд. Махамбет  селосындағы  бір  көшеге  Асыләлиевтің  аты  берілген («Статистический  обзор  Уральской  области  на  1909,1910,1911, 1912, 1913,1914,1915 гг.»; «Ведомости  ВС СССР»;  «Қазақ  ССР Жоғарғы  Советінің  ведомостары», Атырау  облыстық  мемлекеттік  мұрағаты; А. Әміржанұлы. Атыраудың  ардақты  адамдары. Ғұмырнамалық  анықтамалық. Ат., 2015 ж.).

2. ӘЙІШЕВ   ҚОСЖАН (1887, Атырау  өлкесінің  Қызылқоға  өңірі – 1959, Жылой  ауданы) – білім беру  ісінің  үздік  қызметкері, Ленин  орденді мұғалім.  Қызылқоғадағы   Кермеқас  мектебін (1903), Гурьевтегі  екісыныптық  орыс-қазақ  училищесін (1906), Гурьев  педагогикалық  училищесін (1940)  бітірген. Орыс-герман  соғысына  қара  жұмысқа  шақырылып,  Латвиядағы  Типлан   губерниясында  қара  жұмыс  атқарған, қазақ  жастарына  аудармашы  болып, түрліше  көмек  көрсеткен (1916-1917). 1920-1929  жж. -  Қызылқоға  өңіріндегі ауылкеңестердің  хатшысы,  төрағасы,  3-ші  ауылдың  мұғалімі, 1929-1942  жж. -  Мақат, Жылыой өңірлеріндегі  Мақат,  Иманқара,  Доссор, Сағыз орталау  мектептерінің  мұғалімі,  оқу  ісінің  меңгерушісі, 1942-1959 жж.  -  Қызылқоға ауданындағы  - Кенбай,  Жылой ауданындағы - жетіжылдық  мектептерінің мұғалімі, мектеп басшысы болды. 1949 жылғы  21-ші қаңтарда– Қызылқоға ауданындағы  жетіжылдық мектептің мұғалімі кезінде КСРО-ның «Құрмет Белгісі» орденімен, 1954 жылғы  28  қыркүйекте  – Жылой ауданының Маленков  атындағы  Қамыскөл  жетіжылдық мектебінің  мұғалімі кезінде Ленин  орденімен  марапатталды («Қызылқоға  ауданы». Энциклопедия. А., «Үш  қиян», 2002 ж.; Атырау  облыстық  мемлекеттік  мұрағаты; А. Әміржанұлы. Ақиық-арман. Екінші  том.  Ақт., «М.Стиль», 2009 ж.; Соныкі. Атыраудың  ардақты  адамдары. Ғұмырнамалық  анықтамалық. Ат., 2015 ж.).

   Жалғасы бар, осында