АШАРШЫЛЫҚ ЖЫЛДАРЫНАН ЖЕТКЕН ӘҢГІМЕ

АШАРШЫЛЫҚ ЖЫЛДАРЫНАН ЖЕТКЕН ӘҢГІМЕ

Мақала AP08856865-OT-20 «ХХ ғасырдың 30-жж. басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Орта Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуі» тақырыбына арналған гранттық ғылыми жоба зерттеуі бойынша даярланды.

 

 

Биыл үшінші жыл «ХХ ғасырдың 30-жж. басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Орта Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуі» тақырыбына бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми жоба бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп жатқанымызға, осыған байланысты ХХ ғ. 30-шы жылдарындағы еліміздегі ашаршылық тарихына байланысты зерттеу мақалаларымызды мерзімдік басылым беттерінде жариялап жүрміз.

Осы орайда «Біздің Қостанай» газетінің редакторы болып бұрын қызмет атқарған, кәсіби журналист, бүгінде Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері - Сералы МЫРЗАБАЙ ініме жолығып, зерттеу тақырыбыма байланысты ата-әжелерінен естіген білгенің бар ма? деп сұрағанмын.

 

         – Аштық жайын әжемнің аузынан естіп өстім, - деп бастады әңгімені Сералы. Атам Мыразбай мен әжем Бибилә Байсарықызы аштықтың зардабын тартып өскен кісілер еді. Әжем атамның басынан кешкен оқиғалары жайлы көптеген әңгімелерді айтып отыратын. ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы елді жайлаған аштықтың куәгері болған атам туралы әжемнің айтқан әңгімелерінің бірін айтып берейін. Бұл әңгімені 2021 жылы Егемен Қазақстанның Қостанайдағы меншікті тілшісі Нұрқанат Құлабаев «Егемен Қазақстан» газетіне  10 қазан 2021 жылы жариялаған еді», - деп әңгімесін жалғастырды. Мырзабай ақсақалдың немересі Сералы Мырзабай.