ШЕЖІРЕ: тайсойғансайты

ҮШЕУІ ТҰТАС - ҮШ ТАҒАН
ҮШЕУІ  ТҰТАС  - ҮШ  ТАҒАН

Құлсары қаласының  орталығында 2018  жылғы  18  желтоқсанда  Жылыойдың  үш  батыры – Нарынбай Шаңдыұлына (1805-1880), Өтен Ақто-ғайұлына (1816-1872) және  Төремұрат Тайлыбекұлына (1821-1863) арналған ескерткіш ашылды. Ескерткішті өз қаржысына салдырған – жылыойлық меценат  азамат, Мағауия Ақтөреұлы Мерғалиев, мүсіншісі – Қазақстан Су-ретшілер  одағының  мүшесі, жылыойлық  белгілі мүсінші Серік  Мәтениязов, сәулетшісі - Құдайберген Ізтілеуов. Үш  батыр  ескерткіштерінің әрқайсысының  биіктігі – 3 метр, тұғырдың  биіктігі 8 метр, бұларға  батырлар  найзаларының  биіктігін  қосқанда жалпы ескерткіштің  биіктігі 12 метрді  құрайды екен. Үш  батырдың  бөлек-бөлек  сомдалған  тұлғалары үш  бағытқа  қарай  орналастырылған, әр мүсіннің  астында батырлардың өмір сүрген  жылдары мен  латынша  жазылған  аты-жөндері көрсетілген  мәрмәр  тақталар  бар.

АҚПАН АТАНЫҢ МӘҢГІЛІК ТЫНЫМ АЛҒАН ЖЕРІ
АҚПАН  АТАНЫҢ  МӘҢГІЛІК  ТЫНЫМ  АЛҒАН  ЖЕРІ

Қазақ  тарихында  қилы-қилы  кезеңдер  көптеп  кездеседі. Солардың  бірі – Қазақ  жерінің  батысын  ежелден  мекендеген Кіші  жүз  жұртының  «Ақтабан  шұбырынды, Алқакөл  сұлама» заманынан  300  жылдай  бұрын  оңтүстікке  қоныс  аудару жайы, мұның  себебін, қазіргі  ғылым  әлі  түсіндіре  алмай  отыр. Қалай  болғанда  да, біздің  бұрынғы  ата-бабаларымыз 18-ші  ғасырда «Қайың  сауып», «Сауран  айналып»,  баяғы  қара  орман жұртына  оралады. Жоңғар  шапқыншылығынан  қорғанған аталарымыз әлгі  айтылғандай  азапты  жолдардан  өтіп, Атырау-Жайық-Маңғыстау  өңіріне 1751-ші  жылы  қайта  көшіп  келеді, мұны ұлы ғұлама     Ә. Кекілбаев  ағамыз тұжырымдаған  еді. Осылайша, «елімайлаған» қалың  халықты  ірі  тарихи  тұлғалар бастап  келеді. Олар  Адайдың  Есек  және  Атағозы батырлары, Таздың Ақпаны, Әлімнің  Әжібайы  мен  Аралы, Беріштің  Есболайы  сынды  бірегей  жандар  болатын.   

АЙТАРЫМ БАР ӨЗІҢЕ, ӘКЕ...
АЙТАРЫМ БАР ӨЗІҢЕ, ӘКЕ...

«...Әке өз перзенті үшін жауапкершілігіне қоса, өз сәбиіне қорған да болмақ. Әке – өмір мектебінің алғашқы ұстазы. Әкемізге қарап қана өз ойымыздың, пиғылымыздың түзулігі мен әр басқан қадамымыздың дұрыстығын аңғарамыз. Ұстаз-Әке лайланған ой-санаңды тазартып, тазалық шуағын себер. Ол – өмірдің тар жол, тайғақ кешулерінде талмай, тынбай, шаршамай биікке жол бастаушың. Ал биіктік заңы – ерекше: бере де біл, қызмет қыла да біл. Әкем мына сөзді жиі айтатын: «Бақыт – алғанда емес, бере білуде». Мен әкемнің маған бергенінің қаншалықты шексіз екенін тым кеш ұғындым. Оның ғибратты ойларын мезгілінде зейін қойып тыңдамағаным өзегімді өртейді. Әкем жайлы ойлай бастасам, санамда ғажайып бір сезім оянады. Уақыт өткен сайын оның тұлғасы іріленіп, биіктеп бара жатқандай. Анам туралы ойлансам да дәл осындай сезімді бастан кешемін. Бала күнімде мен ата-анаға бала күніңнен ер жеткенше ғана бауыр басатындай көруші едім. Ал өмірде тіпті де олай емес екен...»