Ал бірқатар азаматтар үндемей өмір сүріп, қоғамға қалтқысыз еңбек етсе де қарапайым тірлікпен, барға қанағат етіп, айналам аман болып, бақытты байқуатты ғұмыр кешсе екен деген ниетпен жер басып жүргенін көргенде, сондай риза боласың. Мен өзім осындай санатқа лайықты деп есептейтін азаматтардың бел ортасында қатарына, Еділ мен Жайықтың арасын алып жатқан қасиетті Нарын құмында кіндік қаны тамып, барлық саналы ғұмырын туған жерінде еңбек етуге арнап келе жатқан Мүтиғолла Атоллаұлы Насихановтың есімін атар едім.