РУХАНИЯТ: сәлімгерей

САРА ЖОЛДЫ СӘЛІМГЕРЕЙ
САРА ЖОЛДЫ СӘЛІМГЕРЕЙ
Сәлімгерей Бақытғалиұлы Садықов, 1973 жылы 10 шілдеде Атырау қаласында дүниеге келген. 1997-2001 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын домбыра және оркестрді дирижерлеу мамандықтары бойынша профессорлар К.С.Сахарбаева, Т.Ә.Әбдірашевтардан үздік бітіріп, домбыра кафедрасына ұстаздық қызметке қалдырылады. 2001-2003 жылдары профессор Қ.Ахмедияровтың класынан ассистентура-стажировка мерзімі бойынша білім алады. Ұстаздық қызметте Сәлімгерейдің бірнеше шәкірттері республикалық сайыстарда жүлдегер атанады. Ұлттық өнерді дәріптеуде де Сәлімгерейдің еңбегі ерен.