РУХАНИЯТ: ИманғалиевАсхатТайсойғансайтыСайтТайсойган

АСХАТ ИМАНҒАЛИЕВТІҢ ҒЫЛЫМҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІН МАҚТАН ЕТЕМІЗ...
АСХАТ ИМАНҒАЛИЕВТІҢ ҒЫЛЫМҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІН МАҚТАН ЕТЕМІЗ...
   Салмақты міндетті мойнына алған Асхат Сәлімұлы асқаралы асудың алдында тұрғанын анық сезінді. Сол күні жұмыстан үйге келісімен оңаша отырып, қолына қалың дәптер алды. Он жылдың үстінде проректор болған оның көкейінде жүрген көп ойлары да, пісіп жетілген сарабдал сырлары да жеткілікті еді. Атыраудың айшықты білім ордасын қайтсем жоғары атақ-даңққа жеткізем деген арман-мақсатын қалың дәптерге тізбелеп жаза берді. Неден бастау керек? – деген сұраққа жауаппен басталған бұл мақсаттарын санамалап шықса, 92 тармаққа жетіп тоқтапты.