1987 жылдың 16 қараша күні таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына келдім. Мақсатым осы институтқа ізденуші болып тіркелу еді.
...Бір жұтым қымыз. Ол Нұрдиді қанша күттірді. Айлар бойы ажалмен арпалысып, ақыры екі елді айнымастай дос қылған асыл дәм оның жанын мәңгілік мекеніне алып кетті. Осы әңгімені айтқанда Зәлімхан көзіне жас келіп, «қымыз деген қасиетті дәм ғой. Мен оны бұрын да жақсы көретін едім. Нұри ағамның махаббатынан соң оны қазақтың жаны, асыл дәмі деп ұғам. Біздің ұрпақты қазақтарға жақындастырып, кіндігімізді қосқан да осы сусын ғой» деп шаттанды...
Бельгер в произведении «На сопках Маньчжурии» описывает аул, где он вырос и людей, живших в нем, отмечая то, что не было ни одного случая, чтобы кто-то косился на кого-то из-за инонационального происхождения и то, что доброта и упорство, душевная щедрость и стойкость, все хорошее, что так необходимо в жизни, зародилось, заложилось в душах аулчан.
84 года тому назад в семье поволжских немцев родился мальчик, которому впоследствии суждено было прожить нелёгкую, но интересную, насыщенную и плодотворную жизнь, стать достойнейшим современником многих замечательных людей, творить литературные, научные идеи, книги, статьи, войти в плеяду выдающихся писателей Казахстана.
Бірде ұстазымыз Мұстафа Өзтүріктің «Барып қайт, балам, ауылға» деген өлеңді тыңдап отырғанын көргенім бар. Кассетасын марқұм Бексейіт аға бір жерден алып келген екен. Мұсекең басын төмен салып, ойлы көзбен бір нүктеге қарағандай болып елжіреп тыңдап отыр. Ішімнен бұл өлеңді Мұстафа ағаның өзіне арнаған болар деп ойладым. Кейін Түркияның қазақтары да осы өлеңді жиі тыңдайды дегенді естігенім бар. Олардың да арманы балаларын ата қонысына қайта оралту еді ғой.
Жуырда ақын апамыз Айсұлу Қадырбаеваның өлеңдер жинағын оқып отырып, ішінен «Барып қайт, балам, ауылға» деген өлеңін кездестірдім. Мыңдаған жастардың піріне айналған қазақтың Мұстафасы сүйіп тыңдаған өлеңді Айсұлу апамыз жазғанын сонда ғана білдім. Ішімнен қуаныш сезімі керней кетті. Даңқты Мұстафа Өзтүрік те Айсұлу апамызды қадыр тұтқан адам екен ғой.